link8062 link8063 link8064 link8065 link8066 link8067 link8068 link8069 link8070 link8071 link8072 link8073 link8074 link8075 link8076 link8077 link8078 link8079 link8080 link8081 link8082 link8083 link8084 link8085 link8086 link8087 link8088 link8089 link8090 link8091 link8092 link8093 link8094 link8095 link8096 link8097 link8098 link8099 link8100 link8101 link8102 link8103 link8104 link8105 link8106 link8107 link8108 link8109 link8110 link8111 link8112 link8113 link8114 link8115 link8116 link8117 link8118 link8119 link8120 link8121 link8122 link8123 link8124 link8125 link8126 link8127 link8128 link8129 link8130 link8131 link8132 link8133 link8134 link8135 link8136 link8137 link8138 link8139 link8140 link8141 link8142 link8143 link8144 link8145 link8146 link8147 link8148 link8149 link8150 link8151 link8152 link8153 link8154 link8155 link8156 link8157 link8158 link8159 link8160 link8161 link8162 link8163 link8164 link8165 link8166 link8167 link8168 link8169 link8170 link8171 link8172 link8173 link8174 link8175 link8176 link8177 link8178 link8179 link8180 link8181 link8182 link8183 link8184 link8185 link8186 link8187 link8188 link8189 link8190 link8191 link8192 link8193 link8194 link8195 link8196 link8197 link8198 link8199 link8200
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Жансүгіров «Күйші» поэмасы

Год: 2013

Республика Казахстан,Кызылординская область,Казалинский район

кент Айтеке би средняя школа №204 имени Ы.Алтынсарина

Учитель казахского языка и литературы

Жумагазиева Роза Бугенбаевна.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы:

І. Жансүгіров «Күйші» поэмасы


Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ әдебиетінің белгілі классигі І. Жансүгіровтің «Күйші» поэмасын таныстырып, оқыта оқытып ХІХ ғасырдың І жартысындағы тарихи оқиғаларды , күй табиғаты мен күйші тағдыры туралы баяндалған поэманы жан- жақты ашып түсіндіру.

2. Оқушыларды адамгершілікке , ізгілікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа , мейірімділікке баулу, күй табиғатын түсіне білуге, өнерді, өнер адамдарын құрметтей білуге тәрбиелеу.

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, мәнерлеп оқу, баяндау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: І. Жансүгіровтің шығармалары , суреті , электронды оқулық, тірек сызба, оқулық, интерактивті тақта, мектеп аудиохрестоматиясы .

Сабақтың барысы: 1 . Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау.

1. І . Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының І-ІХ тарауларының мазмұнын сұрау.

2. Қосымша сұрақтар беру, кейіпкерлері туралы баяндау.

3. Интерактивті тақта арқылы сөзжұмбақ шешкізіп, жауаптарын толықтырып, өткен сабақты қорытамын.

Жаңа сабақ. Тақырыбы: І. Жансүгіровтің «Күйші » поэмасы

Жаңа сабақты мектептің намысын күй тартудан қорғап, талай сайыстардың жүлдегері атанып жүрген күйші оқушыға «Адай» күйін орындатудан бастаймыз . Осындай әсерлі күйден соң оқушыларға «Күй, домбыра, әуен» сөздерін айтқызып, топқа бөлемін. Күй сөзін айтқан оқушыларды «Күй» тобына, домбыра сөзін айтқандарды «Күйші » тобына, әуен сөзін айтқандарды «Құлагер» тобына топтастырып, отырғызып, төмендегідей тапсырмалар орындатамын.

  1. «Күй» тобына 9-10-11 тараулар
  2. «Күйші» тобына 12-13-14 тараулар
  3. «Құлагер » тобына 15-16-17 тарауларды беремін.

1.Әр топ өздері оқыған тарауларына тақырып қоюлары керек .

2.Әр топ мүшелері уақытты үнемдей отырып, өздеріне берілген тарауларды мазмұндау. Оқушылары баяндап болғаннан кейін оқиға әрі қарай қалай аяқталатындығы туралы болжау сұрақтарын беру.

1. Оқиға әрі қарай қалай өрбиді деп ойлайсың?

2. Күйшінің тағдыры не болмақ?

3. Күйші өз еліне қайта бара ала ма?

Олардың жауаптарын толықтырып, келесі топтың мазмұндауына көшу.

Оқушылар барлық тарауды мазмұндап болған соң құрылған жоспар бойынша оқушылардың айтқандарын толықтырып, поэманы түсіндіріп шығамын.

Сабақты пысықтау: оқушыларға топтарына қарай сабақты пысықтау үшін әр түрлі тапсырмалар орындатамын.

Тапсырма 1. Таратпалы парақшалар арқылы Қарашаш пен Күйшіге мінедеме бергіземін .

Тапсырма 2. Оқушыларға Ілиястың поэмаларын негізге ала отырып, поэмаларды салыстыру арқылы мынадай кестені толтырттым.

Поэмалары

Ұқсастығы

Кейіпкерлері

« Күй »

« Күйші »

« Құлагер »

Өнер адамы, күйдің құдіреттілігі саз аспаптарымен ( домбыра,

қобыз ) орындалуы

Молықбай қарт

Күйші жігіт

Ақан сері

Тапсырма 3. Әр топ өздері оқыған тарауларынан 2 шумақтан жолдарын алып әдебиет теориясы бойынша талдау жасайды.

Тапсырма 4. Оқушыларға интервью — тест таратып, әр топтың жауаптарын сұрап, талқылаттым.

Интервью — тест « Күйші » поэмасы бойынша

р/с

Сұрақтары

Жауаптары

1

Қазірде біздің ортамызда Қарашаш пен күйші сияқты хан менен қара баласы бар ма ?

2

Қарашаш бейнесі , оның қазақ әдебиетіндегі басқа әйелдер образынан ерекшелігі бар ма ?

3

Тек домбыра үнінен туындаған күйден қазіргі эстрадамен орындалған күйлердің айырмашылығы бар ма ?

Сабақты қорыту: оқушыларға мектеп адиохрестоматиясынан Н. Жантөриннің оқуымен «Күйші» поэмасын , ғаламтордан алынған 1 күйді тыңдатып, жалпылама сұрақтар беріп, алған әсерлерімен бөлісіп, сабақты қорытамын.

Үйге тапсырма: І. Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының тарауларын оқып мазмұндау .

Скачать урок

Скачать файл: roza-apay-2.docx
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности