Казахстан, Северо-Казахстанская область, Жамбылский район, с. Баян
КГУ «Баянская средняя школа»
Учитель химии и биологии
Умутбаева Н.М.
Натрийді толық сипаттау реттілігін теориялық білімге сүйене отырып қасиеттері, алынуы, қолданылуы, қосылыстары, ол түзетін оксид, негіз, тұз туралы білім көзін қалыптастыру мақсатында кіріктірілген сабақ өткіздім. Алған теориялық білімді нақтылау мақсатында оқулықпен жұмыс істей білуі және конспект жасау жоспары мен сызбанұсқалар құра білуге үйретілді. Тәжірибеден көріп білгенің қорытындылап, дәптерге түсіріп, жүйеге келтіре білуге үйренді. Ең белсенді типтік металл- ең күшті тотықсыздандырғыш болып саналады. Сілтілік металдарға тән ортақ қасиетті нақтылау, оны атом құрылысы тұрғысынан түсіндірілді. Сабаққа басқа пән ұстаздары да қатысты.
Негізгі сабақ құрылысы:
Оқушы білімдері химиялық қасиеттерін реакция теңдеулері арқылы, тотығу — тотықсыздану процесі тұрғысынан сипаттау арқылы бағаланды.
Мақсаты:Сілтілік металдар жайлы білімді мысалдар келтіре отырып нақтылау және жүйелеу.Жай зат –натрийді сипаттатаудан алған теориялық білімді пайдалану.
Міндеті:Білімділік.Натрийдің химиялық элементттердің периодтық жүйесіндегі орналасуын қайталай отырып, қасиеттері, қолданылуы және маңызды қосылыстары, ол түзетін оксид, тұз, негіз туралы білім көзін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін , химиялық
сауаттылығын, ойлай білу дағдысын дамыта отырып оқыту.
Тәрбиелік: Оқушыларада қоршаған ортадағы заттар жайлы ғылыми көзқарас қалыптастырып, оларды өз ойларын қорытындылай білуге үйрету.Бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, тапқырлыққа, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Барысы I Д\к. Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы
Металл натрийді пышақпен кесіп алып, суға салып жібереміз.Сол кезде натрий судың бетінде «жүгіре» жөнеледі.Осы тәжірибені көрсету.
Жұмбақ
Ақ түйір айналады, тыным таппай,
Жүргендей су бетінде орын жоқтай.
Сәлден соң суға сүңгіп жоқ болады,
Не түзілді, қай элемент кім айтады?
Натрий, натрий гидроксиді
Тапсырма:Натриийдің сумен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазып,теңестіріңдер. Түзілген заттарды атаңдар.
II Д\к.Тірек білімінің өзектілігі
«Галереяға шарлау» әдісі бойынша тапсырмаларды екі оқушы тақтада орындап, өзара бір-бірінің жұмыстарын тексереді.
№1.Кальцийдің оттекпен тотығу- тотықсыздану реакциясының теңдеуін жаз.
№2. Натрийдің хлормен тотығу- тотықсыздану реакциясының теңдеуін жаз.
ІІ. Жеке сұрақтар ойыны (қалған оқушылармен жұмыс)
Мұғалімнің берген сұрақтарына жауап беру . Жауап ойланбастан бірден қайтарылуы тиіс. Ең ұтымды қызықты, әрі тапқыр сұраққа бәйге жарияланады.
Тақтадағы екі оқушыны тындау.
3. Деңгейлік тапсырмалар.
І. Мына қосылыстағы атомдардың тотығу дәрежесін анықта: Na2O
І. Литийдің валенттігі: 1. І
2.ІІ
3.ІІІ
4.ІV
5.V
ІІ. Na2Cr2O7 қосылысындағы хромның тотығу дәрежесін анықта.
ІІІ. Берілген процестерде элемент қанша электрон қосып алады немесе береді. Қайсысы тотығу, қайсысы тотықсыздану реакциясы екенін анықта:
Cu0 Cu+2
CI0 CI-
ІІІ. Д/к. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Оқушы «Na»
Мен жұмсақ белсенді металмын. Суға салсаң болды, сутекті бөліп шабытты әрекеттесемін, сондықтан да мені керосиннің ішінде сақтайды. Латынша атым - Natrium. Менің табиғы қосылыстарымның ең маңыздысы- натрий хлориді, яғни ас тұзы.
Оқушы «Li»
Күміс түсті ақ металмын. Барлық қосылыстарымда бір валенттімін. Менің сутекпен қосылысым LiH литий гидриді деп аталады, оны термоядролық үрдістерде сілтілі аккумулятор дайындауға қолданылады.
Оқушы «K»
Балалар, мен калиймін. Менің тағы да бір атым бар, мені өсімдік күлі деп те атайды. Ал өсімдік күлінен сақар алатынын білетін боларсыздар. Ағайым натрий сияқты мен де өте белсендімін. Сондықтан мені де керосинде сақтайды. Тұздарым бағалы тыңайтқыш, мен жетіспесем өсімдік жақсы түсім бермейді. Мен өте қажет элементпін.
География пәнінің мұғалімі:
Біздің планетамызда таралуы бойынша барлық элементтердің ішінде натрий алтыншы орын алады, оның үлесіне жер қыртысы массасының 2,64% - і тиесілі.
Натрий галит, мирабилит минералдарының, ас содасының Қазақстандағы қоры, кен орындары туралы сипаттама береді.
Биология пәнінің мұғалімі:
Натрийдің табиғи қосылыстарының ең маңыздысы — натрий хлориді NaCl адамға өте қажет. Ол адам мен жануарлар қорегінің қажетті құраушысы
болып саналады.Тірі организмде натрий иондары қан плазмасында,жасуша құрамында болады, сөйтіп жасушаның қызметіне сай алуан түрлі процестерге қатынасады.Натрий жетіспесе бұл процестер бұзылады.Сондықтан адам көп терлегенде оған аздап тұз қосқан су ішу ұсынылады.
Оқулықпен жұмыс. Натрийдің атом құрылысын талдау.(180-бетте)
Алынуы: Электролиз арқылы металл күйіндегі натрийдің алынуы.
1807ж. ағылшын ғалымы Дэви металл күйіндегі натрийді натрий гидроксидінің балқымасын электролиздеу арқылы бөліп алады.
2Na CI электр тогы 2Na+CI2 ↑
Натрийдің физикалық қасиеттері
Есте сақтау қабілеттерін тексеру.
Есіңе! Натриймен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет.
ІҮ Д/к Білімді бақылау
„Бұлттардан сұрақ жауғанда„
Қоржыннан нөмірленген асықтар алып, тамшылаған сұрақтарға жауап беру.
№1 Литийдің реттік номері ? (3)
№2 Натрийдің электрон саны қанша? (11)
№3 Планетамызда таралуы бойынша натрий нешінші орын алады? (6)
№4 Натрийдің тығыздығы қанша? (0,97 г/см3)
№5 Натрий күкіртпен әрекеттескенде түзілетін қосылыс? (натрий сульфиді)
№ 6 «Өсімдік күлі» деп аталатын элемент? (калий)
Графикалық диктант «Натрий »
+(Иә) - (Жоқ)
1. I топтың қосымша топшасында (жоқ)
2 .Cілтілік металл (Иә)
3 .Тотығу дәрежесі +1 (Иә)
4 .Қатты металл (Иә)
5. Қан плазмасында кездеседі (Иә)
6. Электр тоғын өткізеді (Иә)
7. Бейметалдармен әрекеттеседі (Иә)
8. Судан ауыр (Жоқ)
9. Күшті тотықтырғыш (Жоқ)
10. Жылу өткізбейді (Жоқ)
(жауап парақтарын жинап алу)
V. Д\к Үй тапсырмасын беру §65 Сілтілік металл- натрий
19- сызбанұсқа Баға алу үшін:
«3»-1,2 жаттығу
«4»- 3,4жаттығу
«5»- 5,6 жаттығу
VI. Бағалау