Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Әжемнің орамалы

Казахстан, Павлодарская область, г. Экибастуз

Казённое Государственное коммунальное предприятие КГКП я/с №12 "Арай"

Воспитатель

Жапакова А. А.

Мақсаты:Балаларға сан жайлы ұғым бере отырып 4 санымен

және таңбасымен таныстыру,заттарды толықтыруға және

тенестіруге, әр түрлі заттардан екі топты құрауға жаттықтыру.

Заттардың ұзындығы мен енін анықтап сөз жүзінде дұрыс

айтуға дағдыландыру және пішіндерді ажыратып білуге

жаттықтыру,кеністік пен уақыт бағдарын білуге баулу,

берілген тапсырманы аяғына дейін орындауға үйрету мақсатында

өткізілген іс-әрекетте сұрақ-жауап арқылы әнгімелесу,

көрсету,түсіндіру,салыстыру,теңестіру,ойнату,көмек беру

әдіс-тәсілі қолданылады.

Сурет салудың дәстурден тыс әдістері арқылы балаланың

бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын дамыту.

Балаларға бастырманы қағазға бастыру жайлы түсініктеме

беру. Үлкендерді сыйлау сезімін тәрбиелеу.

Көрнекілік:Фланелеграф,.көлемі әр түрлі және түсті

геометриялық пішіндер , 4 таңбасы,қоян-сәбіз,кірпі-саңырауқұлақтар;

ұзын-қысқа таспалар,жуан-жіңішке түрлі-түсті таспалар,

орамал түрлері,үлгі,ою-өрнек үлгілері.

Үлестірмелі материал :әр балаға екі жолақшалар,сәбіздер,са-

-ңырауқұлақтар,әртүрлі таспалар.

Қағаз,бояу,бастырмалар,сүлгі.

  1. 1. « Достық шеңбері»

Балалар шеңберде тұрады.

«Қол аласып қане біз,достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге ,тік тұрыңдар шеңберде.

Қандай жақсы бір тұру, достарыммен бір жүру.

Қайырлы күн, Жер-Ана,қайырлы күн достарым,

Сендерді көргеніме қуанамын!»

2.Кіріспе сұрактар:

Тәрбиеші:Балалар,үйлеріңде ұйықыдан оянған кезде аналарың:

«Таң атты тұру керек?» дегенде- сендер не істейсіңдер?

Балалар: Біз киінеміз,төсегімізді жинаймыз,жуынамыз,шашымызды тарап балабақшаға барамыз.

Тәрбиеші:Қай уақытта балабақшаға келесіңдер?

Балалар:Таңертең анамыз,әкеміз жұмысқа баратын кезде біз

балабақшаға келеміз.

Тәрбиеші:Таңертең балабақшада не істейсіңдер?

Балалар:Жаттығу жасаймыз,таңғы тамақ ішеміз ,сабақ оқимыз,ойнаймыз.

Тәрбиеші:Балабақшада сендер күнде жаттығу жасайсыңдар,

тамақ ішесіңдер, сосын сабақ оқимыз.Мұның бәрін біз

таңертен жүргіземіз. Қазір таңертеңгі уақыт.Біз сабақ өтіп

жұмыс жасаймыз.Содан соң киініп серуенге шығамыз.

Ойынан келген соң шешініп қолымызды жуып, тамақ

ішіп ұйықтайтын уақытты қалай атауға болады?

Балалар:Түс уақыты.

Тәрбиеші:Ұйқыдан тұрып тамақ ішіп, аяқталмаған жұмыстары-

мызды жалғастырып, ойнаған соң ата-аналарың үйге алып кететін уақытты білесіңдер ме?

Балалар:Кеш уақыты.

3.Орталықтармен жұмыс жасау.

Енді біз балалар, 2 орталыққа бөлініп :өнер,математика

жұмыс жасаймыз.

Математика орталығында –тапсырмалар орындаймыз,

Өнер орталығында –сурет саламыз.

Тәрбиеші балаларға қоңырау көрсетеді.

-Балалар бұл не?Ия бұл коңырау.Осы коңыраудың дабылы

арқылы біз жұмыс істейміз.

1 - рет соққанда бәріде шеңберге жиналады.

2 - рет соққанда фишка қарап өз орталығына барып жұмысын істейді.

Тәрбиеші орталық ережелерінің белгілерін көрсетіп ,естерінде сақтауға ұсынады.

1.Назар аударыңыз.

2.Қатты сөйлеме.

3.Бірігіп істейміз.

4.Бір-біріміздің ой-пікірін сыйлаймыз.

5.Тыныштық сақтаймыз.

Орталықтарға бөлінеміз. (фишка арқылы)

1.Есікті соғып хатшы кіреді,хат әкеледі.

- Балалар бізге хат келді, кәне кімнен екенін оқып береін:

Кімнен:Павлодар қаласынан ,Аубакирова Әсемнен.

Кімге:Екібастұз қаласына,№12 «Арай» балабақшасына,ересек

«Бұлбұл» тобына.

-Сәлеметсіңдерме «Бұлбұл» тобынын балалары,сендерге хат

жазып отырғаным бір себебі бар,алдымыздағы аптада менің

сүйікті әжемнің тұған күні ,әжеме қандай сыйлық жасайтының

білмеймін,мен әжемді өте жақсы көремін,менің әжем шебер-

ол киім де тігеді,жіптен әр түрлі заттар төқиды,жіпті де иіріп

ширатады.Мен сендерге әжемнің өнері туралы суреттер салып

жібердім,барлықтарың ойланып маған жауабын жазып жіберуге

өтінемін.Әжеме қандай сыйлық жасауға болады ?

Тәрбиеші хатты окып ішіндегі суреттерді бір-бірден шығарыды.

1.Сурет -1ші- тапсырма «Тапта ата»-дидақтиқалық ойын.

Фланелеграфта орналасқан көлемі мен түсі әр түрлі

геометриялық пішіндерді табу.

Мысалы:көк түсті-төртбұрыш көлемі үлкен

Қызыл шеңбер-көлемі орташа,жасыл түсті үшбұрыш

көлемі –өте кішкентай.

2.Шаршының суреті.2-ші тапсырма. 4санымен таныстыру,

Бірінші жолақшада қоян -сәбізсіз, екінші жолақшада кірпі саңырауқұлақпен

Сәбіз бен саңырауқұлақты тенестіру. 4 санымен таныстыру.

Төрт саны неге ұқсайды? ( аударған орындыққа)

Карточкада 4 санын саусақ ұшымен бастырып жүргізу.

3.Сурет-Тоқитын жіптін домалағы.3-ші тапсырма.

Жіптердің ұзындықтарын анықтау.

Мысалы:Диананың жібі ұзын,түсі көк.Ақлиманын жібі қысқа

түсі сары.Санжардың жібі ұзын емес,қысқа да емес түсі жасыл.

Тәрбиешінің жібімен салыстырып ,айтып беру.

4.Сурет –Түрлі түсті таспалар 4ші-тапсырма.

Жіңішке,жіңішкелеу,жалпақ,орташа жалпақтау.

Таспаларды салыстырып ,енін анықтап сөз жүзінде дұрыс айтып беру.

Сергіту сәті :Оңға қарай түзу түр,

Солға қарай түзу түр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары –төмен /2рет қараймыз

Орнымызды табамыз.

(екі топтын балалары коңырау дабылымен сергіту сәтіне жиналады)

Тәрбиеші:Балалар Әсемнің суретіне қарап ,тапсырмаларды жасап бердік.

Әсемге қалай енді көмек бере аламыз,ол бізге әжесінің өнерлі екенін суреттеп

берді.Әсемнін әжесіне қандай сыйлық керек деп ойлайсыңдар?

Суреттерге қарасақ: ол төрт бұрышты,оны матадан да болады,оны тоқып та

береді,бұл не? (орамал)

Балалар шығармашылық орталығына барып Әсемге орамал түрлерін туралы әнгімелеп берейік,және де орамалды әшекелеуге көмек тесейік.

Шығармашылық орталығында.

1.Кіріспе әнгіме

Орамалдарың түрлері көп болады,олар жұқа,қалын

Әр түрлі матадан тігіледі,жастар жағы ашық түсті,ал әжелер ақ

тұсті орамал тағады .Ақ түс күннен қорғайды, тамақ дайын

даған кезде басқа орамал тағу керек ,ол мәдениеттікке,тазалыққа

жатады.Бүгін біз әжеге орамал әшекелеп береміз.

(Тәрбиеші әр түрлі орамалдарды көрсетеді)

1.Ұлттық ою-өрнектердін үлгісін көрсету(гүл, ирек)

2.Түстерін анықтау.Гүл-қызыл, гүл ненің белгісі?

Гүл-көктемнін,жаздын ,әдеміліктін белгісі ,қызыл түспен –жылы түспен

бояйды.

Ирек-көк ,ол ненін белгісі?

Ирек –судың белгісі,көк түспен –суық түспен бояйды.

3.Қағаздың пішіні қандай?

Төрт бұрышты-ол біздің ақ орамалымыз.

Симметрияны сақтап,қағаз бетін бағдарлау (ортасын,жан-жағын)

4.Картоп бастырмамен таныстыру,бастырмамен жұмыс жасау-

-ға үйрету.

5.Бүгін біз орамалды немен әшекеледік?Қандай ою-өрнектері

мен?Қай орталықта жасадық?Біз қандай тапсырмалар орындадық?Әженін орамалын әсемдеген кімдер ?

Қортынды:Рефлексия «Үш қалпақ»-Дидақтиқалық ойын.

Қызыл түс-маған бәрі ұнады,жақсы болды,мен тапсырманы

Орындадым,бүгінгі іс-әрекет маған өте ұнады.

Көк түс- маған ұнады, бірақ менің қателерім болды,тапсырманы

орындауға тырыстым.

Жасыл түс-маған бүгінгі іс-әрекет ұнады,тапсырмаларды

орындай алмадым,келесі сабақта мұқият тындап жасауға тырысамын.

Тәрбиеші:Балалар бүгін біз бір жақсы іс жасадық Әсемге көмек

бердік,мен әшекелеген орамалдарыңды жинап Әсемге хатпен

жіберейін ,ол да қарап әжесіне осындай орамал жасасын.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности