Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев

Казахстан, Актюбинская область, г. Хромтау

ХСШ №4
Учитель казахского языка
Есетова Г.С.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақтың көрнекті балалар ақыны Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру, тұйық етістік, жалқы зат есімді қайталап, білімдерін практикада қолдануға үйрету;

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, ой - өрісін кеңейту, танымдық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Қазақтың ұлы адамдарын құрметтеуге, олардың қазақ әдебиетіне қандай үлес қосқанын білуге тәрбиелеу; бір - бірін тыңдауға тәрбиелеу;

Көрнекілік материал: үлестірмелі материалдар, интербелсенді тақта, оқулық,

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, іздендіру, өз бетінше жұмыс, әңгімелеу, өз пікірін айта алу.

Ескерту: презентация гиперсілтемелер арқылы жасалған. Әр стрелкаға басып, керекті слайдқа көшесіз.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

Бағалау парақтарын тарату.

Үй жұмысын тексеру.

ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу , қызығушылығын ояту.

- Кіріспе.

Қазақтың балалар жазушыларымен танысу. (Интербелсенді тақтамен жұмыс: 1 - і слайд - әр портретке бассақ, жазушылардың өмірбаянымен қысқаша танысуға болады)

    1. Тыңдалым .

Қадыр Мырзалиевтің өмірінен мәлімет. Туған жері , шығармалары, кітаптарын атап өту.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.

III. Негізгі кезең.

2. Оқылым. Мәтінмен жұмыс.

А) Мәтінді іштей оқу, дауыстап мәнерлеп оқу.

Ә) Жаңа сөздермен танысу.

В) Тірек сызба бойынша ақын туралы әңгімелеу.(жұппен жұмыс, бір - бірін тексеру, бағалау парағына ұпай қою)

3. Жазылым — дәптермен жұмыс. (Кәртішкемен жұмыс)

1 - тапсырма: Мәтін бойынша сөз тіркестерін дұрыс құрастыру.(өз - өзін тексеру)

2 - тапсырма: Шашылған сөздерден дұрыс сөйлем құрастыру.

3 - тапсырма: Артық сөзді табу (жалқы зат есімдермен жұмыс, ереже деген сөзге басқанда, оқушы ережені еске алады).

4 - тапсырма: Мәтіндегі етістіктерді тұйық формаға қою. (өз - өзін тексеру)

5 - тапсырма: Сөйлемдердің дұрыс - бұрыстығын анықтау.(бір - бірін тексеріп, ұпай қою)

6 - тапсырма: Тест сұрақтарына жауап беру. (бір - бірін тексеру)

4. Тілдесім.

Үлгі бойынша диалог құрастырып, өзара сөйлесу. (бір - бірін тексеру)

Сөздікпен жұмыс ( оқу, түсінік айту)

5. Айтылым.

Шығармашылық жұмыс: кітап туралы бір ұлағатты сөзді таңдап алып, өз пікірін жазу. (4 - 5 сөйлем). Әр оқушының жауабын тыңдап, қателерін түзетіп, мұғалім өзі баға қояды.

Тапсырма: « Нұр» сөзінен басталатын адам атттарын атап өту

Сөздерді септе : жазушы , тағдыр

А.с. жазушы , тағдыр

І. с. жазушының, тағдырдың

Б.с. жазушыға , тағдырға

Т.с. жазушыны , тағдырды

Ж.с. жазушыны, тағдырды

Ш. с. жазушыдан, тағдырдан

К.с. жазушымен, тағдырмен

Қадыр Мырзалиев достарымен кездесуде (Суреттерді көрсету)

IV. Рефлексия. «Алты қалпақ» техника бойынша жұмыс. Оқушылар өздеріне бір қалпақ таңдап алады. Әр қалпаққа сай сұрақ болады. Сұраққа байланысты оқушы өткен сабақ туралы өз пікірін айтады.

Ақ қалпақ: Сабақта не білдің?

Сары қалпақ: Сабақта не қызық болды?

Қызыл қалпақ: Бүгінгі сабақ сенде қандай эмоция туғызды?

Қара қалпақ: Сабақта қандай қиындықпен кездестің?

Жасыл қалпақ: Не істеуге болады? Идеяларың бар ма?

Көк қалпақ: Неге қол жеткіздік? Не білгің келеді?

2- тапсырма

Төмендегі анықтаманы жоғарыда берілген мәтін бойынша толықтырып жазу.

1)1935 жылы 5 қаңтарда Қадыр Мырзалиев Орал облысының Жымпиты ауылында дүниеге келген.

2) Қадырдың тұңғыш өлеңі Жымпиты ауылында « Пионер» журналында басылып шыққан.

V. Бағалау: Оқушылар рейтинг парақтарында ұпайларын санап, мұғалімге тапсырады. Мұғалім кім қалай жұмыс істегенін талқылау жүргізеді.

VI. Үй тапсырмасы: 2- тапсырмадағы ( 4, 5,6 ) сөйлемдерді толық жазу , Қадыр Мырзалиев кім?

өмірінен мәлімет беру .

Бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности