Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Рахмет саған, сүйікті Әліппем!

Казахстан, Восточно-Казахстанская область, Уланский район, п. Касыма Кайсенова
КГУ "средняя школа им. Райымжана Марсекова"
Учитель начальных классов

Кутубаева Л.К.

М а қ с а т ы :

Оқушылырдың білімін тиянақтау, өздерінің сауатын ашқан

кітабы «Әліппеге» байланысты өлең, тақпақтарын мәнерлеп

айту дағдыларын қалыптастыру, сахнада өздерін дұрыс

ұстай білуге баулу.

К ө р н е к і л і г і:

Оқу, білім туралы мақалдар жазылған плакаттар, гүлдер,

шарлар, бейнетаспа.

К ө р м е :

Оқушылардың жазу дәптерлері, қолдан жасаған бұйымдары, ең

ұқыпты, ең таза әліппе оқулығы.

(Көңілді музыка әуені естіліп тұрады. Ортаға екі оқушы қатар шығады.)

Дина.

Қош, міне, келдіңіздер, қауымдастар

Шығатын шың, қол бұлғайды биік асқар

Төрт ай оқып, саналы білім алдық

Кез келді, енді ілгері қадам тастар

Әлімжан.

Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым оның кілтін ашып берді

(Көңілді музыка әуенімен екі бастаушы- 5-сынып оқушылары қатар шығады)

Еркебұлан:

Армысыздар ата-аналар, ұстаздар

Бармысыздар,

Болашақтың бастауы –

Балғын шақты балалар

Лаура:

Құрметті ата-аналар, сіздердің балаларыңыз алғаш рет сауат ашуға үйреткен

әліппені бітірді. Әліппені оқып бітіру- болашаққа бастайтын белестердің бірі

ғана. Ендеше,олар бүгінгі күні сол белестердің бірінен асты. Сондықтан

бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ мереке. Қош келдіңіздер!

Көрініс: «Жетпіс пен жеті»

Автор-Болат

Атасы — Ерасыл

Немересі –Сұлтан

Жеті жасар баласын

Жетпісте шал жетелеп,

Келе жатыр көшеде,

«Қайда әлгі мектеп?»- деп.

Жетпіс келед сүрініп,

Жеті келед жүгіріп.

-Балам,балам, жақсы бол,

Міне, сенің мектебің:

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол, тентегім…

Жеті кетті жүгіріп,

Жетпіс қалды үңіліп

(Бейнетаспаны көру. 1қыркүйек- Білім күні)

Мұғалім:

Көз алдымда кешегі білім күнің

Қыркүйектің бірінде сыныпқа ендің

Тілеп іштей сәттілік пен жақсылық

Әрқайсыңа ойланып қарап едім.

Өттің, міне,алғашқы білім сынынан

Әліппені меңгердің сан қырынан

Отырып ақ кемеге жылжи берші

Сүрінбей әр сыныпқа жете берші

(Дінмұхамет, Аружан, Алдияр, Аружан, Алдияр қатар шығады)

Дінмұхамет:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе

Аружан

Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасын таныдым

Көк байрақты қазақтың

Ұрпағымын, сәнімін

Алдияр:

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе

Аружан

Әліппем, менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен

Алдияр:

Достастырып әріптермен

Білімге жол салып берген

Алдымнан шам жағып берген

Айналайын әліппемнен

«Әліппе» әні

Бастаушылар:

Іші толған әріпке,

Білімдіге жарық не?

Оқушылар:

Болашаққа жол ашар,

Ол сүйікті әліппе!

Әліппе (5-сынып оқушысы Қамзаев Әбунасыр)

Армысыздар, жас достар

Армысың ата-аналар

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

(Балаларға қарап)

Алфавиттегі әріптер шығыңдар!

Орындарыңа тұрыңдар!

Бастайық кәне айтысты

Жібермейік намысты

(Бастарында қағазға әріптер жазылған оқушылар қатар шығады)

«А» Мұстафа:

Арым таза, ақкөңіл

Адалдыққа сенемін

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін

«Ә» Расул:

Бас әріпке інімін

Дауыстының бірімін

Ә дегенің Әліппе

Бастауы бар білімнің

«Б» Аяулым:

Бақыт не? деп сұрасаңыз атадан

Бақыт не? деп сұрасаңыз анадан

Бақыт деген сол дер еді ойланбай

Еш жамандық көрмеу туған баладан.

«Ғ» Бекзат

Ғарышкері ғаламның

Намысты ері даламның

Ізбасары боламын

Тоқтар сынды ағаның

«Ж» Мадияр:

Жатырқама кісіні

Жатсынбайды түсінген

Жәбірлеме кішіні

Жақсылығың ісіңнен

«Қ» Зейнеп:

Қастерлеген жұртымыз

Қазы, қарта, құртымыз

Шөл қандырар бал қымыз

Қатығы мен қаймағы

Бәрі менен басталып,

Дастарқаның жайнады.

«Н» Дияс

Н дегенің нағашым

Бұған болмас таласың

Келгенде үйге нағашым

Қуанады анашым.

«О» Руслан

Отан сенің ата-анаң

Отан досым, бауырым

Отан өлкем, астанам

Отан туған ауылым

Барлығы бірге:

Біз жазамыз а н а деп

Біз жазамыз а т а деп

Біз жазамыз б а л а деп

Біз жазамыз д а н а деп

5-сынып оқушыларының орындауында күй «Балбырауын»

(Ортаға Әліппе мен Ана тілі қатар шығады)

Әліппе:

Алғаш рет өзімнен

Білім алды балалар

Оқу сырын сөзімнен

Біліп алды балалар.

Құрметті, балалар, сендердің 1қыркүйекте ең алғаш қолдарыңа ұстаған

оқулықтарың мен едім. Содан бері төрт ай өтіпті. Сендер менен әріптерді

үйреніп, оқи алатындай және жаза алатындай халге жеттіңдер.

Бүгінгі қоштасу кешімізге мен сендерді жаңа достарыңмен таныстырып

кетпекшімін. ( Ана тіліге қарап) Досымның аты — Ана тілі.

Ана тілі: ( Әліппеге қарап тұрып)

Балдырған балғын балалар

Ақ басты ғалым даналар

Оқушың жас та кәрі де

Риза саған бәрі де

Басталған ғылым әріптен

Бас кітап сенсің, Әліппем!

Мұғалім:

Балалар, сүйікті әліппемізді ренжітпей рахметімізді айтып шығарып салайық.

(Мадина, Әлия қатар шығады)

Мадина:

Әсем ою өрнекпен

Көмкерілген Әліппем

Сен болмасаң білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем?

Әлия:

Қош бол, сүйікті Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Бастаушылар:

№1 Білімге жолды бастаған

Оқушылар :

Әліппем, саған мың алғыс!

№2 Оқы деп ұран тастаған

Оқушылар :

Әліппем, саған мың алғыс!

(Әліппе шығып кетеді)

Ана тілі:

Балалар, қазір біз «Шыңның жүзінде» деген ойын ойнаймыз. ( Мақал-мәтелден жарыс)

(Ортаға Аяужан мен Аружан шығады)

Аяужан: Аружан:

- Бақа, бақа, балпақ, -Темір телпек көп киіп

Басың неге жалпақ Басым содан жалпақ

-Бақа, бақа, балпақ, -Көрінгенге көп қарап

Көзің неден тостақ Көзім содан тостақ

- Бақа, бақа, балпақ, - Су ішінде көп жүзіп

Бұтың неге талтақ? Бұтым содан талтақ.

Ән «Ұстазым» Орындайтын Назерке Асқарбекова

Кім қайда барады?

-Атай қайда барасыз? Амина

-Немереме базардан Сұлтан

Қауын-қарбыз әкелем

-Әжей, қайда барасыз? Амина

-Немереме қыздардан Әлия

Сағыз сұрап әперем

--Ағай, қайда барасыз? Амина

-Балам жақсы көретін Дінмұхамет

Қарап жүрмін күшік мен

-Апай қайда барасыз? Амина

-Балам қыста киетін Аружан А.

Іздеп жүрмін ішік мен

-Бала, қайда барасың? Амина

-Алаңқайға барамын Руслан

Доп ойнауға жарадым!

Құттықтау сөз:

  1. 1. Мектеп директорына
  2. 2. Ата-аналар комитетіне
  3. 3. Қонақтарға беріледі.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности