link9000 link9001 link9002 link9003 link9004 link9005 link9006 link9007 link9008 link9009 link9010 link9011 link9012 link9013 link9014 link9015 link9016 link9017 link9018 link9019 link9020 link9021 link9022 link9023 link9024 link9025 link9026 link9027 link9028 link9029 link9030 link9031 link9032 link9033 link9034 link9035 link9036 link9037 link9038 link9039 link9040 link9041 link9042 link9043 link9044 link9045 link9046 link9047 link9048 link9049 link9050 link9051 link9052 link9053 link9054 link9055 link9056 link9057 link9058 link9059 link9060 link9061 link9062 link9063 link9064 link9065 link9066 link9067 link9068 link9069 link9070 link9071 link9072 link9073 link9074 link9075 link9076 link9077 link9078 link9079 link9080 link9081 link9082 link9083 link9084 link9085 link9086 link9087 link9088 link9089 link9090 link9091 link9092 link9093 link9094 link9095 link9096 link9097 link9098 link9099 link9100 link9101 link9102 link9103 link9104 link9105 link9106 link9107 link9108 link9109 link9110 link9111 link9112 link9113 link9114 link9115 link9116 link9117 link9118 link9119
Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Асық ойындары «Үш табан» (кон) тігу ойынның ережесі

Казахстан, Акмолинская область, г. Кокшетау

Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей города Кокшетау

Учитель физической культуры

Адаспаев Даулет Адаспаевич

1. Жерге (тас жолға) түзу сызық жұргіземіз (сызылады), оның ұзындығы ойыншылар санына байланысты. Бұл «кон» болып табылады. Үш табан ойынына 2 немесе 4 бала (төрттен көп болмағаны жөн) асық тізіп ойнайтын ойын.

2. Әр ойыншы конға өзінің бір асығын қояды. Келісім бойынша бірнеше асық тігуге болады.

3. Әр ойыншы өз мүжік асығын конға қабырғасымен жатқызып «алшы» немесе «таған» етіп қояды. Екі асықты қатар бірдей бір жағымен тігуге болмайды, егер біреу абайсызда бірдей бір қабырғасымен қойған болса, онда кез келген ойыншы оның асығын тәркілей алады, мүндай жағдайда ойынға қатысу үшін айып салынған ойыншы басқа асығын конға тігуі қажет.

4. Әр ойыншының өзінің «сақасы» (соғушы-асық) болуы тиысты, ереже бойынша бұл асық көлеміне, бояуына және шік жағына қуыс жасап құйылған қорғасынына, немесе басқа түсті теміріне қарай бірнеше жай асықтардың құнына тенейді. Ату кезегі сақаларды иіру арқылы анықталады, егерде екі, немесе үш асық бірден алшы түссе иіру жеребесі қайталанады. Осылайша ату кезегі тиесілі сақасы алшы, таған, шік және бүк түскен тастармен анықталады.

5. Коннаң (келісім бойынша) 3-5 метр жерге бормен сызық сызылады және осы сызықтан ойыншылар өз кезегі бойынша сақаларын конға қойылған асықтарға иіре көздеп атады.

6. Егер атқанда асыққа тигізіп қана қоймай, оны табанмен санағанда (адым емес) үш табан қашықтықтан асыра кетіруі тиіс, сонда ғана ойыншы кетірген асығын алады және ойынды жалғастырып, сақасы тоқтаған жерден соққы жасайды.

7. Егер ойыншының «сақасы» тізілген асыққа тимей мүлт кетсе, онда кезек келесі ойыншыға ауысады.

8. Егер ойыншының «сақасы» асыққа тисе, бірақ олардың арасы ягни «сақамен» асықтың арасы үш табаннан аз болса, онда келесі ойыншы өз кезегі келген кезде ойынды «сақа» жатқан жерден жасайды.

9. Ойын келесі ойыншыға көшеді, ол өз кезегінде қарсыласының «сақасын» соққы жасауға

ынғайлы жерде орналасса атуына болады, егер ол алдынғының сақасына тигізіп 2 табан өлшемнен асыра кетірсе, бірінші бала ойыннан шығады және ортаға тізілген асықтардың біреуі мен үтылғанның сақасы әлгі екінші балаға тиесілі болады. Ол өз кезегін осылайша асығы тоқтаған жерден жалғастырады, «сақасы» тимесе, не мүлт кетіп жатса, ойын үшінші балаға ауысады.

10. Ал түптегі үшінші ойыншы да қаласа екі жақтағы «сақаның» жақын түскенін өзіне сенсе, «сақасын» «күйдіреді», қаламаса тізілген асықтардың екінші жағына 2-3, не одан да жақындау жерге асығын иіреді, «сақасы» алшы не тәйкі түрса тізілген асықты атады,«сақасы» бүк, шік түссе ойын келесі ойыншыға ауысады.

пластиковые заглушки на профильные трубы купить в спб.

11. Келесі ойыншы да қаласа түпке (конда) «сақасын» иіреді, егер «сақасы» алшы\тәйке тұрса, түптегі асықтарды шертуге құқық алады,бұл іс жүзінде ұтысты білдіреді.

12. Егер ойыншы асыққа тигізіп, бірақ оны ала алмаса, ал «сақа» алшы түссе, онда ойыншы қосымша соққыға ие болады.

13. Асыққа тигізе алмаған ойыншы «сақа» тоқтаған кезде жатсын сөзін айтуы тиіс, себебі қарсыластары кетсін сөзін айтып,оның «сақасын» алысқа лақтырып жіберуі мүмкін, мүндай жағдайда ойыншы келесі кезекте ойынды «сақасы» жатқан жерден бастайды. Ойын осылай кондағы (түптегі) тізілген асық біткенше жалғасын табады.

14. Женіске көп «сақа» не асық жиған ойыншы жеткен болып танылады.

«Асық ату» шеңбер ойыны.

1. Жерге (асфальтқа) ойыншылардың үйғаруымен диаметрі 1,5-2 метр шенбер сызылады.

2.Шенбердің ортасына сызық сызылады, оның ұзындығы ойыншылар және асықтар санына байланысты. Бұл «кон» деп аталады.

3.Әр ойыншы өз асығын конға қабырғасымен жатқызып «алшы» немесе «таған» етіп қояды. Екі асықты қатар бір жағымен қоюға болмайды, егер біреу абайсызда бір жағымен қойған болса, онда кез келген ойыншы оның асығын тәркілей алады, мүндай жағдайда ойынға қатысу үшін айып салынған ойыншы басқа асығын конға қоюы қажет.

4.Әр ойыншының өзінің «сақасы» (соғушы –асық) болуы қажет, ереже бойынша бұл асық көлеміне, бояуына және құйылған қорғасынына немесе басқа түсті теміріне қарай бірнеше жай асықтардың құнына тең.

Ұлттық «Алтын сақа» ойынның асық ату және үш табан түрлерінен қалалық жарысының Ережесі

1. Мақсаты мен міндеті:

- Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау арқылы қазіргі ұрпақтың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сініріп, кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатымен «асық» ойының ұлттық спорт ойындарына енгізу.

- Қазақ халқының дәстүрлі ойыны «асық» оқушыларға патриоттық тәрбие беріп, мергендікке, ептілікке,шапшандыққа баулиды.

- Асық ойнау барысында оқушылардың шапшаң ойнау қабілеттерін дамытып, ұлттық ойынға байланысты тілдік қорлары дамиды.

- Спорттық шеберлік қабілеттерін арттыру.

- Салауатты өмір салтын насихаттау.

ll. Жарыстың өткізу басшылығы.

Жалпы басшылық дене тәрбиесі мұғалімдері бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.

lll. Өткізетін орны және уақыты.

Жарыс 2014 жылдың 14 наурыз күні Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемеде өтеді.

Басталуы 12.00.

lV. Жарысқа қатысушылар.

Жарысқа 1-10 сынып оқушылары қатыса алады. Әр мектептен 4 оқушы қатысады өз асықтарымен.

V. Жарыс бағдарламасы.

1. Асық ату.

2. Үш табан.

Vl. Марапаттау рәсімі.

Жекелей және командалық есебі бойынша орын алғандар мадақтама қағаздарымен марапатталады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности