Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Көркем әдебиет

Казахстан, Алматинская область, Енбекшиказахский район, с. Шелек

Детский сад №38 "Гулдер"

Воспитатель

Жусанбаева Дария Кадыровна

Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Ертегі мағанасын түсініп, сұрақтарға жауап беру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.

Көрнекіліктер: Әтеш, балапан, тауықтың суреттері, жұмыртқа, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

«Бала, бала, балапан» жылулық шеңбері.

Бала, бала, балапан, Топ-топ, топ-топ басайық,

Кәне, қайсы, алақан? Жалаудан күн жасайық!

Саусақтарың әйбат, Жаса- жаса, алтын күн,

Былай-былай ойнат. Жаса-жаса, жарқын күн!

Тәрбиеші: - Балалар, енді қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де — сіз.

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар, енді орнымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: - Қыс мезгілінде ауа-райындағы өзгерістер қандай болады?

Балалар: - Қыста күн суық болады. Далада қалың қар жатыр. Адамдар қыста жылы киімдерін киеді.

Тәрбиеші: Балаларға бейнетаспадағы суреттерді көрсете отырып, әңгімелеу.

- Мынау қандай құс?

- Торғай.

- Түсі қандай?

- Қоңыр, қауырсыны сұр.

- Қалай дыбыстайды?

- «Шыр-шыр, шыр-шыр».

- Мынау не?- Қарға.

- Түсі қандай?- Қара, ала.

- Қалай дыбыстайды?- Қарқ-қарқ-қарқ.

- Қарға не жейді?-Дән, құрт-құмырсқа.

- Мынау не?- Көгершін.

- Көгершіннің түсі қандай?- Көк,ақ ,қоңыр.

- Көгершін қалай дыбыстайды?- Гу-гу-гу.

Тәрбиеші: Құстар туралы қандай өлең білеміз?

Балалар:

Торғай, торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып-ап.

Бөтегесін бұлтитып,

Шық-шық-деп, отырмақ.

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,

Құстар болып ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Тәрбиеші: Біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үй құстары»

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, кім жауабын табар екен?

Басында айдары бар,

Иегінде сақалы бар.

Тәрбиеші: Дұрыс, жауабы әтеш екен.

Балалар үй құстарының түрлерін атап кетсем: Әтеш, тауық балапан, қаз, үйрек ( суреттерін тақтаға іле отырып атау). Мынау әтеш, оның басында айдары бар.

Әтештің түсі қандай?

- Түсі қызыл.

- Әтештің екі көзі, екі қанаты, екі аяғы болады және құйрығы бар екен.

Әтеш қалай дыбыс шығарады?

- Ку-ка-ре-ку.

- Ал, мынау тауық, бұл да үй құсына жатады.Олар жем жеп, су ішеді.

- Түсі ақ.

- Олар қалай дыбыстайды?

- Қыт-қыт-қыт.

- Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан шығарады.

Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды.Ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.

Әтеш саусақ ойыны.

Бас бармақ пен балан үйрек саусақтарын қоса отырып, қалған саусақтан әтештің айдарын бейнелеу.

Әдемі әтеш таң атпай тұрыпты,

Ойқастат жүріпті, айдарын тарапты.

Енді, балалар, әтешті шақырып, жем шашайық. Бәрі бірге «шеп-шеп-шеп»- деп бірнеше рет қайталайды.

Тәрбиеші: - Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

- Ия, ұнатамыз. - Ендеше, мен сендерге «Шұбар тауық» ертегісін айтып берейін. Баяғыда бір атай мен әжей болыпты. Олардың жалғыз шұбар тауығы болыпты. Атай мен әжей тарғыл тауыққа жем беріп, күтіп бағады.Бір күні тарғыл тауық алтын жұмыртқа туады. Атай алтын жұмыртқаны қолына алып, әрі ұрады, бері ұрады жара алмайды.Әжейде алтын жұмыртқаны алып жара алмайды. Тышқан ары - бері зырылдап жүріп құйрығымен абайсыздан жұмыртқаны жерге түсіріп жарып алады. Атай мен әжей жарылған алтын жұмыртқаны көріп қатты жылайды.

Сонда тауық атай мен әжейді жұбатып :

-Жыламашы, аташым, Мұңаймашы, әжешім! Жұмыртқа тауып беремін, алтын емес ас болатын ақ жұмыртқа туамын.Оған әжей мен атай қатты қуанады.

- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

- Ұнады. - Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

- Әжей, атай, тауық, тышқан.

- Қандай тауық? — Шұбар тауық.

- Шұбар тауық қандай жұмыртқалар туды?

- Алтын жұмыртқа, ақ жұмыртқа.

«Күн мен жаңбыр» ойыны

«Күн» деген нұсқау берілгенде, балапандар қыдырып әрі-бері жүреді. Ал «жаңбыр» дегенде балалар педагог-тауыққа қарай жүгіреді, ол балапандарды жапқышпен жауып алады.

Тәрбиеші: -Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесіңдер? Балалар: - Қаз, тауық, үйрек.

Тәрбиеші: - Неліктен бұл құстарды «Үй құстары» дейміз?

Балалар: - Үйде мекендегендіктен үй құстары дейміз.

Тәрбиеші: - Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?

Балалар: - Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.

Тәрбиеші: - Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар!Мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар үй құстары туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын, үй құстарының түрлерін, олардың дыбысталуын білу керек.

Болу керек: Балалар үй құстарына жем шашып, ыдысқа су құйып, ұя салып маңайын тазартып балапандарына қамқор болу керек.

Істей білу керек: Балалар тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей білуі керек. Үй құстарына деген қамқорлықтарын күнделікті өмірде пайдалана, істей білуі керек.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности