link2880 link2881 link2882 link2883 link2884 link2885 link2886 link2887 link2888 link2889 link2890 link2891 link2892 link2893 link2894 link2895 link2896 link2897 link2898 link2899 link2900 link2901 link2902 link2903 link2904 link2905 link2906 link2907 link2908 link2909 link2910 link2911 link2912 link2913 link2914 link2915 link2916 link2917 link2918 link2919 link2920 link2921 link2922 link2923 link2924 link2925 link2926 link2927 link2928 link2929 link2930 link2931 link2932 link2933 link2934 link2935 link2936 link2937 link2938 link2939 link2940 link2941 link2942 link2943 link2944 link2945 link2946 link2947 link2948 link2949 link2950 link2951 link2952 link2953 link2954 link2955 link2956 link2957 link2958 link2959 link2960 link2961 link2962 link2963 link2964 link2965 link2966 link2967 link2968 link2969 link2970 link2971 link2972 link2973 link2974 link2975 link2976 link2977 link2978 link2979 link2980 link2981 link2982 link2983 link2984 link2985 link2986 link2987 link2988 link2989 link2990 link2991 link2992 link2993 link2994 link2995 link2996 link2997 link2998 link2999
Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
§ 38. Қатынас ыдыстар

Казахстан, Алматинская область, Ескельдинский район, с. Кокжазык
КГУ школа им. Балпык би с ДМЦ
Учитель физики
Саулебекова М.Б.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: резеңке түтікпен жалғасқан шыны түтікшелермен тәжірибе жасай отырып, қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: тұрмыстан, өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, өмірге бейімділігін арттыру.
  3. Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңаұғым қалыптастыру.

Сабақтың әдіс — тәсілдері: әңгіме, жаттығулар орындау, ашық — ой сабағы.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, қатынас ыдыстар, приборлар, тірек схема.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Еске түсіру» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталаймыз.

№1. Тапсырма:Цилиндр тәрізді әртүрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?

Жауабы:Бірдей болмайды, себебі қысым күші сұйық бағанының биіктігіне және тығыздығына тәуелді болады.

№2. Тапсырма:Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан алысқа шашырайды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?

Жауабы: Сұйық қабаты неғұрлым төмен болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады. Сондықтан ең төменгі саңылаудан су алысқа шашырап шығады.

№3. Тапсырма:

Теңіздің 10900 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын табыңдар. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3 ;

Берілгені: Формуласы:

Һ=10900 м

ρ=1030 кг/м3 ;

g= 10 м/с 2 ;

т/к: р =

Жауабы: р= 112000 кПа;

№4. Тапсырма:Қысым дегеніміз не?Қысымның өлшем бірлігі:

Жауабы: Қысым дегеніміз белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама р= F/S; Қысымның өлшем бірлігі: Н/м 2; Па;

№5. Тапсырма:

Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар? Теңіз суының тығыздығы: 1030 кг/м3 ;

Жауабы: р =92,7 кПа;

№6. Тапсырма: қатты денелер, газ және сұйықтар арқылы қысым қалай беріледі?

Жауабы: қатты денелерде қысым бір бағытта беріледі. Сұйық пен газдарда қысым барлық жаққа, бірдей қашықтыққа бірдей беріледі.

ІІІ. Жаңа тақырып. «Білімділік» стратегиясымен жаңа тақырыппен танысамыз.

Өзіміздің күнделікті өмірде қолданып жүрген шәйнектің шүмегі, егер байқап қарасаңдар, оның бетімен деңгейлес келеді. Ал егер шәйнектің шүмегі оның ортан белінен — ақ келсе немесе аса ұзын болса, қалай болар еді?

Егер шәйнектің шүмегі өте қысқа болса, онда су шүмектен ағып кете берер еді, біз суды еш уақытта қақпағына дейін толтыра алмас едік. Ал шәйнектің шүмегі аса ұзын болса, онда сәл ғана еңкейткен кезде, су шүмектен емес, оның қақпағынан астынан бұрын ағар еді.

Мұның себебі неде?

Өйткені, шәйнек пен оның шүмегіндегі су бірдей деңгейде тұрады, шәйнекті еңкейткен кезде оның шүмегі шәйнектегі судың деңгейіне дейін төмен түседі, одан су аға бастайды.

Сұйық құйылған бәріне ортақ бөлігі бар ыдыстар қатынас ыдыстар деп аталады.

Мұндай ыдыстардың көлемдері мен пішіні әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: шәйнек, құмған, кофе қайнатқыш, т.б. Бұл ыдыстар қатынас ыдыстарға жатады.

Қатынас ыдыстардың жұмыс принципін мынадай тәжірибемен көрсетуге болады. Шыны түтікті резеңке түтікпен жалғап оны сумен толтырайық. Сөйтіп оларды бір — бірімен жоғары төмен қозғалтып салыстырғанда түтіктердегі судың деңгейі өзгермейтінін көреміз. Сұйық бағанының қысымы оның биіктігіне байланысты болады. Бірақ оң жақтан да, сол жақтан да бірдей қысым түскенде, сұйық тепе — теңдікте болады, олай болса қысым да бірдей болады.

Енді тәжірибені әр түрлі пішінді түтіктермен алмастырып, қайта жасаймыз. Сонда кез келген қатынас ыдыстағы судың деңгейлері бірдей болатынын көреміз.

Бұдан мынадай қорытынды шығады: кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.
Егер қатынас ыдыстардың тармақтарына әр түрлі сұйықтар құйылса, бұл сұйықтардың деңгейлері бірдей болмайды. Қысымдары тең, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады, яғни қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағанының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал:

ІV. Сабақты пысықтау.

«Миға шабуыл » стратегиясы бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз:

  1. Қатынас ыдыстарға қандай мысалдар келтіре аласын?
  2. Қатынас ыдыстардың әр тармағына әртүрлі сұйықтар құйылса, олардың деңгейі қандай болады?
  3. Қатынас ыдыстардың тармақтарына бірдей су құйылса, деңгейі қандай болады?
  4. Егер ыдыстың шүмегі бетінен кіші болса не байқалады?
  5. Егер ыдыс шүмегі ыдыс бетінен ұзын болса, не байқалады?

V. Сабақты қорытындылау.

Енді «Ой толғаныс» стратегиясында алған білімдерімізді қорытындылаймыз. Ол үшін «Семантикалық карта» тапсырмаларын орындаймыз.

Семантикалық карта

Физикалық шама

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Формуласы

ρ

υ

р

s

F

м/с

кг/м3

Н

м

Па

υ·t

F/S

m·a

m/V

s/t

Жол

Күш

Қысым

Тығыздық

Жылдамдық

Тірек схема

F

м

Биіктік

h

кг

тығыздық

р

с

Күш

m

кг/м3

аудан

ρ

Н

қысым

t

м 2

уақыт

s

Па

масса

VI. Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма:§38. 23 жаттығу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности