Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Қазақстан жолы -2050:бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Жамбылский район, с. Баян

КГУ «Баянская средняя школа»

Библиотекарь Сураганова А.К.
Учитель географии Кажимуратов А.Б.

Мақсаты: 17 қаңтар 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен танысу.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеті: Жолдаудың мағынасын, міндетін ашу.

Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерін қолдану.

Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар !

2014жылдың 17 қаңтарында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ » жыл сайынғы Жолдауын жариялады. « Қазақстан- 2050» стратегиясының басты мақсаты елімізді дамыған отыз елдің қатарына енгізу. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясының мерзімінен бұрын орындалғанын айта келіп, маңызды құжатта 2050 жылға дейін қалған жылдарды жеті бесжылдыққа бөлді.

Жеті басымдықта дамыған 30 елдің қатарына кіру бағыттарын айқындап, алдымызға нақты міндеттер қойды. Олар: инновациялық-индустрияландырудың трендін түзету және күшейте түсу; Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін инновациялық бағытқа түсіру; Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру; Агломерация, көлік, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету; шағын және орта бизнесті дамыту; Қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүкіндіктер жасау; мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру.

Ендеше Президенттің биылғы Жолдауындағы жаңа бастамаларды іске асыру жолында баршамыз күш-жігерімізді аямай, маңызды іске бір адамдай атсалысуымыз қажет.

Бүгінгі дөңгелек үстелде 11-сынып оқушыларымен талқыланатын сұрақтар

  1. Мәңгілік Ел идеясы
  2. Ұлттық білім беру жүйесі
  3. Қазақ тілі-ұлттың ұйытқысы
  4. Денсаулық сақтау саласы

Мәңгілік Ел идеясы туралы сөз алған Ержан Мөлдір Н.Ә.Назарбаевтың: «Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бері асыл арманы. Ол арман –тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді» деген сөздерін қолдай келе өз сөзімен ары қарай жалғастырды.Сонымен қатар Н.Ә. Назарбаевтың Атырау қаласында Қазақстан Республикасы «Қазақ Елі» деп аталуын толыққанды құптайтынын мәлімдеді.

Ұлттық білім беру жүйесі туралы сөз алған Бошанова Диана мен өзім биыл 11-ші сыныпты аяқтағалы отырмын. Биылғы Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында: « мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс» деп қадап айтқан нақыл сөздері көңілімнен шығып отыр.Сондай ақ оқушыларды оқыту нәтижесі олардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау қазіргі заманауи білім беру жүйесінің озық үлгісі және ажырамас бөлігі болып табылады. 2016жылы 1 қаңтардан бастап студенттерге төленетін шәкіртақылардың мөлшері 26 пайызға көтеріледі, ол дегеніміз студенттердің оқуға деген ынталарын, жағдайларын одан әрі жақсарта түсетіндігіне сенімдімін.

Қазақ тілі- ұлттың ұйытқысы. Н.Ә.Назарбаев : «Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деп дөп басып айтып кетті. Қазақ тілінің болашағы өте зор. Өткен жылға қарағанда қазақ тілін үйреніп, жетік меңгеремін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Әрине Елбасымыз айтқандай үш тілді де жетік меңгеруіміз керек, әсіресе бүкіләлемдік жаһандану кезінде. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші «Мәңгілік Ел», «Қазақ Елі» боламыз десек Ана тілін қастерлеп, өзге ұлт өкілдеріне дәріптеп, мәртебесін жоғары ұстауымыз қажет деп, атап өтті Ескендіров Тілек.

«Бірінші байлық- денсаулық» деп айтып өткен ата-бабамыз. Президентіміз Жолдауында халықтың денсаулығына аса зор көңіл бөліп отыр. Шет елдердегі сияқты міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселесі қаралып жатыр. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші аурудың алдын-алу үшін спортпен шұғылдану,дұрыс тамақтану денсаулықтың кепілі.Осындай шаралар өзіміздің мектепте де жақсы жолға қойылған. Атап айтсақ көптеген жазғы, қысқы спорттық ойындардың секциялары күнделікті кестеге сәйкес өткізіліп тұрады. Бұл дені сау жас ұрпақтың кепілі боларын білемін деп 11-сынып оқушысы Қожық Зарина сөзін қорытындылады.

Сонымен, оқушылар сөзімізді қорытындылай келе Елбасы Қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел екендігін баса айтты. «Қазақстан -2050» Стратегиясы -барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғырту жолы.

Елбасымыздың жаңа бастамаларын іске асыру жолында баршамыз қол септігімізді тигізіп, аянбай еңбек етуіміз керек.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности