link1584 link1585 link1586 link1587 link1588 link1589 link1590 link1591 link1592 link1593 link1594 link1595 link1596 link1597 link1598 link1599 link1600 link1601 link1602 link1603 link1604 link1605 link1606 link1607 link1608 link1609 link1610 link1611 link1612 link1613 link1614 link1615 link1616 link1617 link1618 link1619 link1620 link1621 link1622 link1623 link1624 link1625 link1626 link1627 link1628 link1629 link1630 link1631 link1632 link1633 link1634 link1635 link1636 link1637 link1638 link1639 link1640 link1641 link1642 link1643 link1644 link1645 link1646 link1647 link1648 link1649 link1650 link1651 link1652 link1653 link1654 link1655 link1656 link1657 link1658 link1659 link1660 link1661 link1662 link1663 link1664 link1665 link1666 link1667 link1668 link1669 link1670 link1671 link1672 link1673 link1674 link1675 link1676 link1677 link1678 link1679 link1680 link1681 link1682 link1683 link1684 link1685 link1686 link1687 link1688 link1689 link1690 link1691 link1692 link1693 link1694 link1695 link1696 link1697 link1698 link1699 link1700 link1701 link1702 link1703 link1704 link1705 link1706 link1707 link1708 link1709 link1710 link1711 link1712 link1713 link1714 link1715 link1716 link1717 link1718 link1719 link1720 link1721 link1722 link1723 link1724 link1725 link1726 link1727
Батимова Гульжайна Каирлаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Атмосфераның құрамы мен құрылысы

Қонысбаев Б.

Қызылорда облысы

Арал ауданы

№64 орта мектебі

География пәні мұғалімі

Пәні: Физикалық география 6-сынып
Тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен құрлысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жердің ауа қабаты — Атмосфера туралы толық мағлұмат беру.
Атмосфераның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың
ауа қабықтары туралы дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.
қоршаған орта туралы ой — өрістерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ұжымшылдыққа, өзара сыйластыққа үйрету.

Сабақ түрі: жаңа сабақ
Құрал — жабдықтар, көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, дүние жүзі мен Қазақстанның физикалық картасы, плакат, кеспе қағаздар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу. Оқушыларды топтастырып отырғызып, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы: «Гидросфера» тақырыбын қайталау, сұрақтарға жауап алып, үй тапсырмасын қорытындылау.

А. Нені меңгердік. Анықтамаларға жауап беру арқылы «Гидросфера» сөзіне ассиоцация құру.

Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқап МҰХИТ

Егер қар жылда еритін мөлшерінен артық түсетін болса, онда ол жата — жата нығыздалып ..... айналады МҰЗДЫҚ

Жер бетінде суға толған табиғи ойыстар КӨЛ

Мұхитттың суының қасиеттері мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі ТЕҢІЗ

Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ

Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су ӨЗЕН

Кез келген ауада белгілі бір мөлшерде .... күйіндегі су бар БУ

Б. Топтық жұмыс.

«Литосфера» Каспий теңізі мен оған құятын басты өзендерді атаңыз және оларды картадан көрсетіңіз. Көл жағалауындағы Ақтау қаласының координатасын табыңыз.

«Гидросфера» Арал теңізі мен оған құятын басты өзендерді атаңыз және оларды картадан көрсетіңіз. Көл жағалауындағы Арал қаласының координатасын табыңыз.

«Атмосфера» Балқаш көлі мен оған құятын басты өзендерді атаңыз және оларды картадан көрсетіңіз. Көл жағалауындағы Балқаш қаласының координатасын табыңыз.

В. Жедел (альтернативті) сұрақтар.

Топ басшыларына Жауабы Я немесе Жоқ

«Литосфера» тобы басшысына

1.Сырдария Қазақстандағы ең суы мол өзен Жоқ

2.Су астындағы жер сілкіну мен жанартау атқылауынан туатын толқындар цунами деп аталады. Я

3.Мұхит суының тұздылығы промиллмен есептеледі. Я

4.Виктория ең биіктен құлап ағатын сарқырама. Жоқ

5. Күн жүйесіндегі планеталардың ішінде тек Жерде ғана су сұйық күйде таралған .Я

«Гидросфера» тобы басшысына

1.Өзеннің теңізге немесе көлге құяр жері саласы деп аталады. Жоқ

2.Мұхит суының орташа тұздылығы 30 промилл. Жоқ

3.Батыс желдер ағысы ең ірі суық ағысы. Я

4. Табиғатта су екі күйде кездеседі. Жоқ

5. Айсбергтердің 70-90%-ға жуығы су астында болады. Я

«Атмосфера» тобы басшысына

1.Мариан шұңғымасы — Мұхиттағы ең терең шұңғыма. Я

2.Ағысты туғызатын басты себеп тұрақты желдер. Я

3.Арал теңізі тектоникалық көлге жатады. Жоқ

4.Жер шарындағы ең терең көл — Байкал. Я

5. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды өзен деп атайды. Жоқ

ІІІ. «Елбасының Арал қаласына іс — сапары».

2005 жылдың 27 сәуірінде қасиетті Арал аймағын ұдайы назарда ұстаған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ауданға арнайы іс — сапармен келіп, таза ауызсудың тұсаукесерін жасады. Прези­дент­ судың дәмін татып, «ең таза ауызсу арал­дықтарда» деп ағынан жарылды. Арал қаласының тұрғындары 100 пайыз таза ауыз сумен жабдықталды. Арал халқы бүгінде соның рахатын көріп отыр. Осы елбасының іс — сапары жөнінде дайындалған слайд оқушылар назарына ұсынылды.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:
Адал болсаң судай бол,

Су арамды кетіреді.

Мықты болсаң жердей бол,

Жер жараңды көтереді.

Судай таза бол,

Жердей берік бол.

Өмірің ұзақ болсын,

Аумағың суат болсын

Осы сөзім халқыма қуат болсын!

деген Жанғұтты шешеннің сөзін оқушыларға жеткізе отырып, Жердегі тіршілік үшін, адамзат үшін Гидросфера қабаты қандай маңызды болса, маңыздылығы жөнінен Жердегі тіршілік пен адамзат үшін аса маңызды жер шарының ауа қабаты Атмосфера тарауын бастаймыз. Яғни, бүгін біздер жердің ауа қабығы атмосфераның құрамы мен құрлысымен танысамыз.

1. Атмосфераның құрамы.
2. Атмосфера қабаттары.
3. Атмосфераның маңызы.
4.Атмосфераны зерттеу жолдары.

5.Атмосфераны қорғау.
IV. Бейнеролик көрсетілімі.
Атмосфераның құрамы мен құрлысы туралы ғаламтордан алынған бейнеролик көрсетілді.

V. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары.

А. «Кім жылдам?» тапсырмасы сұрақтары

1. Адам ауасыз қанша уақытқа шыдайды? …

2. Жердің ауа қабаты …

3. Атмосфераның ауа райы түзілетін қабаты …

4. Ауада ең көп газ …

5. Аданың тыныс алуы үшін қажет газ …

6. Әр түрлі газдардың қосындысы …

7. Атмосфера болмаса жерге … үздіксіз соқтығысады

8. Ауа ластанбас үшін зауыт мұржаларына … қондырылады

9. Жануды қолдайтын газ …

10. Ауаның ластануы адам ағзасына …

Б. Географиялық диктант

1. Жер шарын жан — жағынан … деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр

2. … дегеніміз — әр түрлі газдардың қосындысы

3. Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан қабаты – …

4. Тропосфераның үстінде … қабаты орналасқан

5. Ауаны басты ластаушы … түтіндері

6. Оттегін бөліп шығарушы …

Жауаптары: Атмосфера, ауа, тропосфера, стратосфера, автокөліктер, өсімдіктер.

VІ. Шығармашылық жұмыс

1-ші оқушы. Егер атмосферада ауа болмаса көк аспан қап — қараңғы болып, күн адамның көзін шағылыстыратын жарық сәуле шашып, жет беті кеуіп, жарылып, одан әрі қыза түсер еді. Бұлт пен жел, жауын — шашын болмай, жер бетіндегі температура күндіз +100 градустан астам ыстық, түнде -100 градусқа дейін төмендеп қақыраған аяз болар еді. Сөйтіп бір тәулік ішінде температура 200 градусқа өзгеріп отырар еді.

2-ші оқушы. Ауа­ның құ­ра­мын­да­ғы 21% от­те­гі­нің мөл­ше­рі кіш­ке­не кө­бі­рек болғанда күн сәуле­ле­рі ар­қы­лы ке­ле­тін ра­ди­ация­лар сал­да­ры­нан Жер бе­ті тұ­та­нып, лау­ла­ған от­қа ай­на­лып, ал атал­мыш мөл­шер­ден кіш­ке­не азы­рақ бол­ған­да, от­те­гі­нің аз­ды­ғы­нан ты­ныс ала ал­май, бұл дү­ниемен қош ай­ты­сып ке­тер едік. Біз­дер ауада­ғы от­те­гі­ні жұ­тып, кө­мір­қыш­қыл га­зын бө­ліп шы­ға­ра­мыз. Ал өсім­дік әле­мі бол­са, ке­рі­сін­ше, көмір­қыш­қыл га­зын жұ­тып, от­те­гі бө­ліп шы­ға­ра­ды. Осы­лай­ша ауа үз­дік­сіз ал­ма - ке­зек та­би­ғи жол­мен та­за­ланып, адам­ның игі­лі­гі­не ай­на­ла­ды.

3-ші оқушы. Адам күніне орта есеппен 1,5 кг тамақ жеп, 2 литр су ішеді. Бірнеше мың литр ауа жұтады. Адам көп жиналған бөлмеде оттегі азайып, көмірқышқыл газы көбейеді. Көп отырғанда адамның басы ауырып, ұйқысы келуі содан. Үзілісте сынып бөлмесін желдету керек.

VІІ. Сабақты қорытындылау.

VIІІ. Үйге тапсырма беру: §27. Атмосфера құрамы және құрылысы.
Іздену жұмысы. Озон қабатының маңызы.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности