link124 link125 link126 link127 link128 link129 link130 link131 link132 link133 link134 link135 link136 link137 link138 link139 link140 link141 link142 link143 link144 link145 link146 link147 link148 link149 link150 link151 link152 link153 link154 link155 link156 link157 link158 link159 link160 link161 link162 link163 link164 link165 link166 link167 link168 link169 link170 link171 link172 link173 link174 link175 link176 link177 link178 link179 link180 link181 link182 link183 link184 link185 link186 link187 link188 link189 link190 link191 link192 link193 link194 link195 link196 link197 link198 link199 link200 link201 link202 link203 link204 link205 link206 link207 link208 link209 link210 link211 link212 link213 link214 link215 link216 link217 link218 link219 link220 link221 link222 link223 link224 link225 link226 link227 link228 link229 link230 link231 link232 link233 link234 link235 link236 link237 link238 link239 link240 link241 link242 link243 link244 link245 link246 link247
Батимова Гульжайна Каирлаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Ою -өрнек түрлері

Бекешова Несібелі

Технология пәні мұғалімі

Қызылорда облысы

Арал қаласы, № 64 мектеп

Сыныбы: 6 “А”

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлері

Сабақтың мақсаты: ою-өрнек туралы түсінік беру.

Білімділік мақсаты: оқушыларлы ұлттық өнер түрлерімен

таныстыру.

Дамытушылығы: ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнеріне жақын болуға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология, геометрия, астрономия, сурет.

Көрнекіліктері: сөзжұмбақ, ою-өрнек түрлерінің плакаттары, қолөнер бұйымдары.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын тақырыпқа аудару, сабаққа даярлықпен тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

· Ою деген не?

· Өрнектің оюдан қандай ерекшелігі бар?

· Ұлттық ою-өрнегіміздің басты ерекшелігі неде?

Жаңа сабақ

Ою — өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақтаулы. Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнеленген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданатын бұйымдары мен ыдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тұрмыс тіршілігіне ою-өрнектің алар орны үлкен. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасыр келе жалғасып дамып келе жатқан бірден-бір өнер. Әр шебер бұл өнерді өз үлгісінде, әр түрлі дамытқан, өзі жасаған оюға өзі атау берген, оның астарына өзінше терең ұғым сыйғызған, сондықтан ою-өрнектің тілін, сырын, тарихын сол шеберден артық ешкім білмейді. Әйтседе, бүгінгі біздер ою тілін түсінуге тырысып, өнерге жақын болуымыз керек. Ата-бабадан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтауымыз қажет.

Ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендің” деген сауалға атақты суретші Ә.Қастеев.

Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен

Ешкімнің мүйізінен” — деп жауап беріпті. Ою-өрнек халықпен бірге жасасып, оның рухани материалдық игілігіне айналып келеді. Бүгінгі таңда қайта дамып, бай мазмұн, жаңа түр тауып, өнер саласында биік деңгейде дамуда. Өнер өшпейді, сөнбейді, көнермейді.

Ғұлама ғалым Ә.Марғұлан “Қазақтар ою-өрнек әлемінде” деп айтқандай, қазақ халқының ұлттық бұйымдарының барлығында ою-өрнектің небір ғажайып үлгілерін көруге болады. Сол ою-өрнек әсемдік пен сәнділіктің белгісі ғана емес, ол халықтың арман-мақсатының, тілек-мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою-өрнектің мазмұндық ерекшелігі сан алуан, астары терең.

Атымда менің сырым бар” дегендей, әр ою-өрнектің астарында алуан мағыналы тарих, ақпарат жатыр. Мысалы, еліміздің туындағы ирек су оюы өмір жолы, дөңгелек күн оюы жарық өмір, құсқанат оюы еркіндікті, қошқармүйіз оюы молшылықты, тоқтықты, байлықты меңзейді, ал көк түс ашық аспан бейбітшілікті білдіреді. Мұнда “Біздің еліміз тәуелсіздікті нық ұстап тұрсын, бақытты өмір болсын” деген арман — тілек бар.

Бүгінге деген қазақ ою-өрнектерінің екі жүзге жуық түрі анықталған. Біз бүгін халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою-өрнектерді сөз етпекпіз. Мүйіз оюын қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні, тамыры деуге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек таулары өзгеріп отырған. Қазақ халқының ою-өрнектерінің мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер, су көшіп қону көрінісінен хабар береді. Сонымен бізге белгілі ою-өрнек түрлері мынадай топтарға бөлінеді.

Қазіргі кезде үй жиһаздарынан, ат әбзелдерінен, зергерлік бұйымдардан, киіз үйлерден ою-өрнектің небір түрін көруге болады.

Қауіпсіздік ережесі

Қайшымен жұмыс:

· Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.

· Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

· Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

· Қайшымен жұмыс кезінде жолдасыңның

көңілін бөлме.

· Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

Қол инесімен жұмыс:

· Инені киімге қыстыруға болмайды.

· Инені арнаулы қобдишада сақтау керек.

· Ине жібін тіспен үзуге болмайды.

· Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.

· Инені жіпсіз тастауға болмайды.

Үтікпен жұмыс:

· Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген жерлерін тексер.

· Үтікті мата түрлеріне қарай қыздыру керек.

· Үтікті тұтқасынан ұста.

· Үтікті мұғалімнің рұқсатымен тоққа қосуға болады.

· Ылғал қолмен тоққа қосылған үтікті ұстауға болмайды.

ІІІ.Сарамандық жұмыс. Сарамандық жұмысқа М.Ш.Өмірбекованың “Қазақ халқының дәстүрлі өнері” атты кітаптың 1-сабағын пайдаланамын.

· Балалар, мүйіз оюын қиып үйренейік. Мына мүйіз оюын қию нұсқасына назар аударыңдар. Балалар, қиылатын ақ қағаз горизонталь сызық бойынша бір рет бүктеледі, содан кейін осы бір бүктелген қағаз бетіне қарындашпен мүйізді сызамыз да, қайшымен ойып, қиып аламыз. Сонда мүйіз оюының үлгісі шығады, осы тәсілмен өз қиялдарыңмен мүйіз оюының түрлі элементтерін салып, сан түрлі ою қиюға болады. Енді қиған оюларыңды екінші бір қағазға желімдеңдер. Түс үйлесімділігіне аса назар аударыңдар. Осы әдіспен апа-әжелеріміз текемет басқан.

ІҮ. Жаңа сабақты тексеру.

· Ою-өрнек қалай пайда болды?

· Атымда менің сырым бар” дегенді қалай түсінесіңдер?

· Ою-өрнек қанша топқа бөлінеді?

· Мүйіз” оюы не мағына береді?

Ү. Баға — білім таразысы.

ҮІ. Үйге тапсырма. “Ою-өрнек” сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности