link7056 link7057 link7058 link7059 link7060 link7061 link7062 link7063 link7064 link7065 link7066 link7067 link7068 link7069 link7070 link7071 link7072 link7073 link7074 link7075 link7076 link7077 link7078 link7079 link7080 link7081 link7082 link7083 link7084 link7085 link7086 link7087 link7088 link7089 link7090 link7091 link7092 link7093 link7094 link7095 link7096 link7097 link7098 link7099 link7100 link7101 link7102 link7103 link7104 link7105 link7106 link7107 link7108 link7109 link7110 link7111 link7112 link7113 link7114 link7115 link7116 link7117 link7118 link7119 link7120 link7121 link7122 link7123 link7124 link7125 link7126 link7127 link7128 link7129 link7130 link7131 link7132 link7133 link7134 link7135 link7136 link7137 link7138 link7139 link7140 link7141 link7142 link7143 link7144 link7145 link7146 link7147 link7148 link7149 link7150 link7151 link7152 link7153 link7154 link7155 link7156 link7157 link7158 link7159 link7160 link7161 link7162 link7163 link7164 link7165 link7166 link7167 link7168 link7169 link7170 link7171 link7172 link7173 link7174 link7175 link7176 link7177 link7178 link7179 link7180 link7181
Елешова Алмаш Исламбековна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:не указан
"Кішкентай математиктер" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Қазақстан Республикасы, БҚО, Орал қаласы

№34 «Балбұлақ» бөбекжай МКҚК

Тәрбиеші

Рысқалиева Әсел Серікқызы

Білім беру саласы: «Таным»

Ұймдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: «Кішкентай математиктер»

Мақсаты:

*Балаларды жіктеу, орналастыру сияқты логикалық амалдарды ғана емес,

Ойнату пайымдауды қажет ететін логикалық тапсырмаларды орындату: заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру дағдыларын жетілдіру.

*1-5 сандарының орналасуын затпен санның санау тәртібі туралы санаған кезде бірде бір затты қалдырып кетуге, немесе бір затты екірет санауға болмайтынын түсіндіру.

*Логикалық ойлауларын және зейіндерін дамыту: Балалардың зейінін кеңестікте ойлау қаблетімен, есте сақтау қаблеттерін дамыту.

Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ жауап.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Домино ойынын ойнату.

Қолданылатын көрнекіліктер: Домино,үлестірмелі материалдар,қыстырғыш,

Билингвалдық компонент: Бір-один, Бір-one; Екі-два, Екі- two; Үш-три, Үш-three Төрт-четыре, Төрт — four, Бес-пять, Бес-five.

Іс-әрекет кезеңдері

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шеңберге тұрайық

достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір –бірімізге тілегімізді айтайық! Бір- бірімізге

қарап күлкімізді сыйлайық!

Балалар шеңберге тұрып бір- біріне қарап күлімдейді.

Қол алысып, қәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру.

-Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Тәрбиеші: Балалар, сендер бір топта тәрбиеленесіңдер, бәріңіз бірге ойнап, бірге сабақ оқисыңдар. Бұрын біздің топта болған достарыңды ұмытқан жоқсыңдар ма?

-Ұмытқан жоқпыз.

- Олай болса,достарыңды атаңдаршы?

- Дана,Жанель,Айназ,Шыңғыс, Ерназар

- Ия, олар да сендерді ұмытпаған. Солардың бірі Айназ сендермен хабарласып отыр. Ендеше, Айназды тыңдайық.?

-Жарайды, тыңдайық.

Видеоролик көрсетіледі. Айназ көрінеді.

-Cәлем достар! Қалдерің қалай? Менің де қалым жақсы. Достар мен сендерден көмек сұраймын. Маған тапсырмаларды орындауға көмектесіңдерші.?Әсел Серікқызы арқылы, сендерге тапсырма жіберіп отырмын.- Балалар сендерден тапсырмаларды орындауға Айназ көмек сұрайды .

Сендер көмектесуге дайынсыңдар ма?

-Көмектесуге дайынбыз!

Ендеше екі топқа бөлініп сайыс түрінде Айназдың тапсырмасын орындайық.

Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ «Алғырлар», екінші топ «Білгірлер».

Ұйымдастырушылық ізденістік

1 тапсырма «Ойлан тап!»

Екі топтың балалары бір-біріне логикалық тапсырма береді .

«Алғырлар»:

Бұлбұл әсем жырлайды

Ел жұрт етіп тыңдайды,

2-ге 2-ні қосқанда

Нешеу болып сайрайды?

- Төртеу болып сайрайды.

«Білгірлер»:

Бес алманың екеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады.?

- Қолымда үш алма қалады.

«Уақытты бағдарлау»

1)Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті қолды жуамыз.

Әжемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз.

Бұл қай кезде болады?

-Таңертеңгі уақыт.

2)Біз тәртіпті боламыз,

Сабақты да оқимыз.

Серуеге шығамыз,

Қыдырамыз.

Бұл қай мезгілде болады?

-Күндізгі уақыт.

2 тапсырма «Біз санайық!»

Мақсаты:

5-ке дейін санау қабілетін күшейту; реттік санау дағдысын қалыптастыру.

Шарты:

-Балалар алдарындағы карточкадағы

5-аю,4-түлкі,3-қоян,2-мысық,1-тышқан

аңдарды санап сол тұсқа сонша қыстырғыш қыстыру қажет.

Аңдарды санайды.

Бір,екі,үш,төрт,бес. Один,два,три,четыре, пять.

-Балалар тақтаға қарап 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санау.

Балалар 1-ден 5-ке дейін кері және тура санайды.

-Балалар енді үшінші тапсырмамыз Лабиринт «Тышқан ірімшікке қалай жетеді»

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Шарты: -Балалар алдарындағы карточканы сызық арқылы тышқанды ірімшікке жеткізеді.

-Балалар сызық арқылы тышқанды ірімшікке жеткізеді.

- Балалар енді үшінші тапсырмамыз

Домино «Көкөністер мен жемістер»

Мақсаты: Домино ойынында реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу.

Шарты:

- Көкөністер мен жемістерді ажыратып, суреттер арқылы ретімен орналастыру

-Балалар доминоны сурет арқылы ретімен орналастырады.

Видеоролик көрсетіледі. Айназ балаларға рақметін айтып, балалармен қоштасады. Балалар да Айназбен қоштасады.

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар бүгінгі оқу іс -әрекеті сендерге ұнады ма?

-ия, ұнады.

-Сендерден тапсырмаларды орындауға кім көмек сұрады?

-Айназ көмек сұрады.

-Сендерге қандай тапсырмаларды орындаған қызықты болды?

- Домино, лабиринт ойындары және сандарды тура, кері санаған ұнады

-Балалар мен сендердің орындаған тапсырмаларыңды Айназға электронды почта арқылы жіберемін.

Іс –әрекет соңында балаларды мадақтау.

Күтілетін тәтиже:

Нені біледі: 1-5-ке дейінгі сандар цифрларды,реттік санауды.

Қандай түсініктерді игереді: логикалық тапсырмаларды шешу кезіндегі талдау туралы түсініктерді;

Меңгерген дағдыларымен іскерліктер: Домино ойынын ойнап меңгерді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности