Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
«Волшебная перчатка»

Алиева Машук Нурлыбековна

Актюбинская область Мугалжарский район

село Сагашили, Казахстан

«Волшебная перчатка»

Наши занятия проходят с использованием этой волшебной перчатки

Перчатка цветная удобная на левую руку. Должна быть у каждого ребенка, пришиваются разной формы и цвета пуговицы.

Преимущество ( в чем она привликательна).

  1. Знакомство друг с другом привитие к коллективизму.

2. Название пальцев (изучаем название пальцев на двух языках).

3. Здоровьесберегающая (массаж), (у только пришедших детей нет усидчивости, быстро устают).

4. Изучение цветов (часто путают цвета, трудно запоминают).

5. Изучение геометрических фигур (пуговицы разных размеров и форм, умение сравнивать форму).

6. Счёт (сколько всего).

7. Главное развитие речи (например: различие цветов , форму).

  1. Использовать перчатку в сюжетно - ролевых играх (использовать мордочку животных или сказочных героев).
  2. Возможность работать правой рукой, смотреть на левую (нарисовать, сосчитать, большая, маленькая).

10. Развивает эстетический вкус ребёнка (умение украшать свой вещи, одежду).

Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар

«Дәл осындай пішінді тап»

Ойынның мақсаты: геометриялықпішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.

Ойынныңқұрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялықпішіндер.

Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялықпішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.

«Үйдің есігін жабайық»

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Ойынныңқұрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.

Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқүйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдіңөлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

«Вагондарға дөңгелек таңдау»

Ойынның мақсаты: геометриялықпішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынныңқұрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялықпішіндер.

Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.

«Үй құрылысының ретін көрсет»

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретініңүлгісі.

Мазмұны: Балаларға үйдің суретініңүлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

«Бет орамалға лайық жамауларды табу»

Мақсаты: геометриялықпішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардыңүлгісі, әртүрлі пішіндер.

Мазмұны: Балаларға бет орамалдардыңүлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.

« Жұбын тап»

Мақсаты: геометриялықпішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялықпішіндердің суреттері.

Мазмұны: Балаларға геометриялықпішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.

«Әдемі кілемшелер»

Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойынныңқұрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялықпішіндер.

Ойынның мазмұны: Балалар геометриялықпішіндерді берілген кілемшелердіңүстіне қойып, құраққұрайды.

«Таныс пішіндер доминосы»

Ойынның мақсаты: геометриялықпішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.

Ойынныңқұрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.

«Гараждар»

Ойынның мақсаты: геометриялықпішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.

Ойынныңқұрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар.

Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.

«Өз үйіңді тап»

Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.

Ойынныңқұрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.

Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.

«Зейінді бол»

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.

Көрнекілік: Геометриялықпішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/.

Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұраққояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?

Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.

«Мынау қай пішін?»

Мақсаты: Геометриялықпішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.

Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялықпішіндер 5–түрі.

Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оныңқолына геометриялықпішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.

«Кім зейінді?»

Мақсаты: Белгілі геометриялықпішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.

Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер.

Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялықпішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.

«Қандай пішін шықты?»

Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялықпішіндер құрастыра білу.

Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары

Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады.

Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштыңүстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?

«Біркелкі пішіндерді сана»

Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.

Көрнекілік: Геометриялықпішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана)

Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.

«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»

Мақсаты: Геометриялықпішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту.

Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.

Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр.

«Қандай пішін жетіспейді?»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.

Көрнекілік: Геометриялықпішіндер. (Қораптан алу)

Барысы: Тақтаға геометриялықпішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.

«Пішіндерді боя»

Мақсаты: 1.Түстерді тани білугеүйрету.

2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: Геометриялықпішіндер

Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности