link13200 link13201 link13202 link13203 link13204 link13205 link13206 link13207 link13208 link13209 link13210 link13211 link13212 link13213 link13214 link13215 link13216 link13217 link13218 link13219 link13220 link13221 link13222 link13223 link13224 link13225 link13226 link13227 link13228 link13229 link13230 link13231 link13232 link13233 link13234 link13235 link13236 link13237 link13238 link13239 link13240 link13241 link13242 link13243 link13244 link13245 link13246 link13247 link13248 link13249 link13250 link13251 link13252 link13253 link13254 link13255 link13256 link13257 link13258 link13259 link13260 link13261 link13262 link13263 link13264 link13265 link13266 link13267 link13268 link13269 link13270 link13271 link13272 link13273 link13274 link13275 link13276 link13277 link13278 link13279 link13280 link13281 link13282 link13283 link13284 link13285 link13286 link13287 link13288 link13289 link13290 link13291 link13292 link13293 link13294 link13295 link13296 link13297 link13298 link13299 link13300 link13301 link13302 link13303 link13304 link13305 link13306 link13307 link13308 link13309 link13310 link13311 link13312 link13313 link13314 link13315 link13316 link13317 link13318 link13319
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
АШЫҚ САБАҚ МАТЕРИАЛДАРЫ

Несвельдинова Салтанат Мураткановна,

арнайы пәндер оқытушысы, Рымбек Байсеитова атындағы

Семей қаржы-экономикалық колледжі,

Семей қаласы, ШҚО, Қазақстан Рeспубликасы

№22. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


2 бөлім. РНР бағдарламалау тіліПән: Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу

Курс тақырыбы: №4.1. SQL кестесі

Сабақтың тақырыбы: №22 SQL кестесінің түсінігі. Кестелерді құру және қолдану

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру

Сабақтың түрі: Дәріс

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау;

Үздіксіз өз бетімен білімдену қабілетін көрсете алу және кәсіби мамандығын жаңарту;

Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану, мәліметтер қорына арналған бағдарлама жазу және сайт құру;

Ақпаратты әртүрлі жолмен алу көздерінің жұмысын ұйымдастыру-табу, өңдеу, сақтау, көрсету, шығару;

Жұмысты нәтижелі түрде орындаудың шешімін табуда ұжыммен қатысу;

Белгілі бір мақсаты қойылған нақты есепті орындау мен жоспарлау.

Кәсіптік құзыреттілік

Есептер шешу кезінде мәліметтерді басқару және бағдарлама қатесін табуды жүргізу;

Әртүрлі ғылым, техника, экономика, өндіріс салалар аумағынан есептерді барлық кезеңі бойынша, яғни берілуінен бастап нәтиже алуына дейінгі математикалық әдіспен шығаруды есептеу техникасының көмегімен жүзеге асыру және нәтижесін ЭЕМ-де көру;

Тесттерді құру және бағдарламаларды тестілеу;

Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін тұрғызу;

Бағдарламалық өнімді қорғау тәсілдері мен құралдарын қолдану.

Сабақ мақсаттары

оқытушылық

SQL кестелері туралы түсінік қалыптастыру және кестелерді құруды үйрету

тәрбиелік

Оқушыларды мұқият тыңдай білуге, ой тұжырымдауға тәрбиелеу

дамытушылық

Оқушылардың SQL тілімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту

Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Пән: Операциялық жүйелер және ЕК бағдарламалық қамтамасыздандыру

Курс тақырыбы: 8.1. Операциялық жүйе UNIX құрамы, файл және қаталогтармен жұмыс үшін негізгі командалар

Қамтамасыз етілетін

Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу

Курс тақырыбы №2.6. Деректер қорымен жұмыс атқару

Сабақ тақырыбы №7. My SQL-мен жұмыс атқаруға арналған РНР-дің стандартты функциялары

Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

Презентация, суреттер, сызба

Таратпа материалдар

Тәжірибелік жұмыс, ойынға қажетті заттар, негізгі командалар кестесі, тірек-конспект

Оқытудың техникалық құралдары

ДК, My SQL, MS Access, Power Point

Әдебиет: негізгі

  1. Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы
  2. Карпова Т.С. Базы данных: модели, разработка, реализация. — СПб: Питер, 2001
  3. Дейт К. Дж. Введение в системы баз данных. Издание седьмое, Москва, Санкт-Петербург, Киев, 2001
  4. Гончаров А.Ю. Access 2003. Самоучиетль с мысалами — М.: Кудиц-образ, 2004

Қосымша

  1. Харитонова А. Самоучитель Office Access. Питер, 2004
  2. Майк Гандерлой, Сьюзан Сейлз Харкинз. Автоматизация MS Access с помощью VBA. Издательский дом «Вильямс». Москва 2006

Сабақ мазмұны

Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

Ұйымдастыру (2 мин)

1) Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

2) Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

3) Оқушылармен амандасу

4) Оқушыларды түгендеу

5) Сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)

Білім ауционы

Шарты:

Балалар, үй жұмысын сұрау білім аукционы түрінде өтеді.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «информатика» сөзімен байланысқан «Логик» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр студент қорында 3 логиктен бар. Бұл — бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту — өз қолдарыңызда.

Аукционға сұрақтар қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы — 1 логик. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса — баға құны сол студентке беріледі, ал қате жауап айтылса, онда студент өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.

Ескерту: егер студент қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда — банкрот, өкінішке орай, ол студент аукционға қатыса алмайды.

Жаңа сабақ (25 мин)

Пән: Автоматтандырылған жүйенің ақпаратпен қамтамасыз етуін құру және жүргізу

Курс тақырыбы: №4.1. SQL кестесі

Сабақтың тақырыбы: №22 SQL кестесінің түсінігі. Кестелерді құру және қолдану

Жаңа сабақты бекіту (25 мин)

Тәжірибелік жұмыс (карточка)

Сұрақ-жауап ойыны

1) SQL тілінің аббревиатурасы қандай?

2) SQL тілі қашан, қай корпорацияда пайда болды?

3) SQL құрамына кіретін стандартты командалар неше категорияға топтастырылады?

4) Сұраныстарды құрудың неше тәсілі бар?

5) SQLтілінің неше формасы бар?

6) SQL тілінде кестені құру үшін қандай операторды қолданыламыз?

7) SELECT операторы не үшін қажет?

5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)

6

Үйге тапсырма беру (2 мин)

Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы78-82 бет

Оқытушы С.М.Несвельдинова КЕЛІСІЛДІӘдіскер Рахматуллина Р.М. (қолы) Т.А.Ә. « » 2014 ж.

Білім ауционы

Шарты:

Балалар, үй жұмысын сұрау білім аукционы түрінде өтеді.

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгінгі аукционымызда сауда «информатика» сөзімен байланысқан «Логик» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Әзірше әр студент қорында 3 логиктен бар. Бұл — бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту — өз қолдарыңызда.

Аукционға сұрақтар қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы — 1 логик. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса — баға құны сол студентке беріледі, ал қате жауап айтылса, онда студент өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.

Ескерту: егер студент қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда — банкрот, өкінішке орай, ол студент аукционға қатыса алмайды.

Аукционға №1 лот. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға — 1 логик. Кім жоғары баға береді? Бір, екі, үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда студент өз қорына логиктер қосады.

Сұрағы: PHP ағылшын тілінен қалай аударылады?

Жауабы: ағылшын тілінен PHP: Hypertext Preprocessor — «PHP: гипермәтінді алдын-ала үдірістегіш» деп аударылады

№2 лот. Сауда жүргізіледі

Сұрағы:PHP дегеніміз не?

Жауабы: Веб-серверде HTML беттерін құру және дерекқормен жұмыс істеуге арналған скрипті программалау тілі

№3 лот. Сауда жүргізіледі

Сұрақ:PHP тарихы неден басталды?

Жауабы: РНР дің тарихы 1995 жылы Расмус Лердорф (Rasmys Lerdorf) Perl тіліндегі қарапайым қосымшаны ойлап табуымен басталады.

№4 лот. Сауда жүргізіледі

Сұрақ: CSS (Cascading Style Sheets — Каскадтық стильді кестелер) дегеніміз не?

Жауабы: HTML,XHTML жəне т.б. белгілеу тілдерінде жазылған веб-беттердің сыртқыкөрінісін суреттейтін, əрлейтін тіл болып есептеледі.

№5 лот. Сауда жүргізіледі

Сұрағы: HTML тілі қай жылы шықты, негізін кім қалады?

Жауабы: HTML гипертекстік тілін (Hypertext Markup Language) 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер-Ли ұсынғаны белгілі.

№6 лот. Сауда жүргізіледі

Сұрағы: HTML құжатына бейнелерді қосу

Жауабы: <img src="name">

№7 лот. Сауда жүргізіледі

Сұрағы: CGI технологиясы дегеніміз не?

Жауабы: Common Gateway Interface CGI - Common Gateway Interface HTTP, Web сервер типіндегі ақпараттық сервердің сыртқы қолданбалы бағдарламасының интерфейсінің (байланыс) стандарты болып табылады.

№8 лот. Сауда жүргізіледі

Сұрағы: «HTML» аббревиатурасы нені білдіреді, қалай аударылады?

Жауабы: «HTML» сөзі «HyperText Markup Language» - гипермәтінді құру тілі («язык разметки гипертекста») дегенді білдіреді

№ 9 лот. Сауда жүргізіледі. Қара ящик

Сұрағы: Қара ящикте жатқан тегHTML құжаттарында тақырыптарды білдіреді

Жауабы: <h1> to <h6>

№ 10 лот: Сауда жүргізіледі.

Сұрағы: Бұл тег арқылы формадағы жазылатын, мәлімет енгізілетін аймақты белгілейміз

Жауабы: <input /> <input>

№ 11 лот: Сауда жүргізіледі Ақ ящик

Сұрағы: Суретте не көрсетілген? Ол қайда қолданлады?

Жауабы: Вакуумдық лампа — ЭЕМ дамуының бірінші кезеңінде қолданылды

№ 12 лот: Сауда жүргізіледі

Сұрағы: Apache сервері дегеніміз не және қай жылы жасалынды?

Жауабы: Apache HTTP-сервер (алғылшын тілінен қысқартылған. a patchy server) — бос веб-сервер. Сервер 1995 жылдың басында жасалды

№ 13 лот: Сауда жүргізіледі

Сұрағы: Сервер — бұл

Жауабы: Көпрангілі жергілікті желідегі басты компьютер

№ 14 лот: Сауда жүргізіледі

Сұрағы:Microsoft Access-тің негізгі объектісі?

Жауабы: Мәліметтер қоры

Көп логиктер жинаған оқушыны анықтаймыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности