link13440 link13441 link13442 link13443 link13444 link13445 link13446 link13447 link13448 link13449 link13450 link13451 link13452 link13453 link13454 link13455 link13456 link13457 link13458 link13459 link13460 link13461 link13462 link13463 link13464 link13465 link13466 link13467 link13468 link13469 link13470 link13471 link13472 link13473 link13474 link13475 link13476 link13477 link13478 link13479 link13480 link13481 link13482 link13483 link13484 link13485 link13486 link13487 link13488 link13489 link13490 link13491 link13492 link13493 link13494 link13495 link13496 link13497 link13498 link13499 link13500 link13501 link13502 link13503 link13504 link13505 link13506 link13507 link13508 link13509 link13510 link13511 link13512 link13513 link13514 link13515 link13516 link13517 link13518 link13519 link13520 link13521 link13522 link13523 link13524 link13525 link13526 link13527 link13528 link13529 link13530 link13531 link13532 link13533 link13534 link13535 link13536 link13537 link13538 link13539 link13540 link13541 link13542 link13543 link13544 link13545 link13546 link13547 link13548 link13549 link13550 link13551 link13552 link13553 link13554 link13555 link13556 link13557 link13558 link13559
Шакерова Меруерт Алтаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Статья "Жұмбақтар тіл үйренуде - көмекші құрал"

Жұмбақтар тіл үйренуде - көмекші құрал

«Жұмбақтарды не үшін ойлап тапқан»-деп біз жиі ойланамыз. Жұмбақтардың шешуін табу үлкендер мен балалар үшін ермек пен жағымды уақыт өткізу болып табылады. Бірақ шынайы келгенде ол бұлай емес. Жұмбақ- ертегілермен, тақпақ пен жаттамақтармен бірге қолданатын өзiндiк көркем өнер шығарма.

Жұмбақтар балалардың ұғымталдығын, ақылдылығын дамытып, қоршаған ортаны таныуға көмектеседі. Халық ауыз шығармашылығына жататын жұмбақтар эпитетке, метафора мен афоризмға бай. Сондықтан да осындай жұмбақтарды қолдану балалардың сөздік қорын дамытады. Жұмбақтар балалардың есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады, өйткені балалар тек жұбақты шешіп қана қоймай, оларды жасыруды да ұнатады.

Бұл тек жұмбақтың жауабы ғана емес, онымен қатар мәтіннің есте сақталуына әсер етеді. Бұның бәрі жұмбақтың шешуін табуды тек жағымды іс қана емес,әжептәуiр пайдалы iс екенін көрсетеді. Жұмбақтар тіл үйренуде бірде — бір көмекші құралдардың бірі болып табылады. Әсіресе олар мектепке дейінгі жастағы балаларға тіл үйретуде өзекті болып табылады.

Қазақ тілі және ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттерінде оларды қолдану несімен жақсы және пайдалы?

Оқытуда ойын технологиясымен қатар, жұмбақтар жаңа лексикалық тақырыпты меңгертуде және жаттықтыру жаттығуларды өткізуде қолданылады. Жұмбақтар бұл тұрғыда ең берекелi материал болып табылады.Қазақ тілін үйретуде жұмбақтарды қолданудың маңызы зор. Жұмбақтарды шешу арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды, тілдері жаттығады.

Олар балалардың зейінін жаңа лексикалық өлшемге, өзіндік буынға аударып, ықшам, бейнелi сөздердің үлгiсi болады. Жұмбақ — қорытынды неғұрлым белгісіз сөзге қысқаша сипаттама береді, логикалық және танымдық жағынан қызықты. Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу мақсатында қолданылады.Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінде қолданылған жұмбақтардың арқасында үйренген сөздер балалардың есінде қалып, жадында сақталады. Оларды бөлімге және күрделі дәрежесіне, балалардың жас ерекшелігіне қарай жинақтап алса неғұрлым тиімді болады.

Жұмбақтар әсіресе көрнекі-бейнелі ойлауды қалыптастыруға пайдалы. Тілге үйрету- балалардың сөздік қорын дамытуда аянбай тер төгу. Жұмбақтарды қолдану арқылы тіл үйрету қызық, пайдалы және үйретушi ойынға айналуы мүмкін. Оңай тапсырмаларды шешу ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің ерекше элементі немесе тіл үйретуде балалармен жеке жұмыс болуы мүмкін.

Жұмбақтар балалардың заттар туралы ана тіліндегі білімін бекітеді, ал басқа тілдегі шешуі жұмбақтағы заттың суретін анық, дұрыс бейне құруға көмектеседі, яғни сөздің мағынасын дұрыс бірнеше тілде естеріне сақтайды. Мектепке дейiнгi жастағы балаларға тән қалыптасқан сөздік қор ерiксiз жадында қалады.

Бала жаңалық ашып және білгенін бекіту үшін онымен бірге жиі жұмбақ шешіңіз. Осындай жәй және ерекше тәсілмен тіл үйренуге деген ұмтылуды дамытыңыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности