Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарский район, г. Кандыагаш
Школа-гимназия №3
Учитель географии
Молдагазина Г.Ш.
(слайд № 1)
«Маған айтып берсең, ұмытып қалармын,
көрсетіп берсең, есте сақтармын, өзіме
жасатсаң, үйреніп алармын»
Шығыс даналығы
Сабақтың мақсаты(слайд № 2):
Білімділік. Ауа температурасын өлшеу, температураның тәуліктік, жылдық өзгерісінің болу себебін түсіндіріп, тәуліктік, айлық, жылдық орташа температураны анықтау жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық. Табиғатта ауа температурасының өзгеруін нақты мысалдар келтіріп сызба-суреттер арқылы оқушылардың көру, есте сақтау, ойлау, есту қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, өзара тексеруге, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Халықтық педагогика қағидаларын пайдаланып, ұлттық тәрбие беру. Экологиялық тәрбие беруді жалғастыру.
Сабақ түрі. Жаңа сабақ.
Сабақтың өткізілу әдісі. Жеке және топпен жұмыс. Баяндау, салыстыру, сұрақ-жауап, оқулық және картамен жұмыс істеу, сурет есептер шығару, кестелер толтыру.
Құрал-жабдықтар. Интерактивті тақтадағы тақырыптың презентациялық материалы, термометр, дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасы, түрлі-түсті суреттер, атлас (6 сынып), сабақ тақырыбына байланысты нақыл сөздер және т.б.
Пәнаралық байланыс. Жаратылыстану, математика, әдебиет.
Жоспарланған нәтижелер. Оқушылар температураның өзгеру себептерін, тәуліктік, айлық, жылдық өзгерістерінің себебін, амплитуданы анықтай білу, жаңа ұғымдарды игеру керек.
Сабақ жоспары
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру және пысықтау.
III.Жаңа сабаққа кіріспе.
IV.Жаңа тақырыпты баяндау.
V.Жаңа тақырыпты бекіту.
VI.Сабақты қорытындылау.
VII.Үйге тапсырма беру.
Сабақ барысы
I. Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындықтарын тексеру. Сабаққа зейін бөлулерін қадағалау.
Сынып оқушылары алдын-ала үш топқа бөлінеді. Топ атауы өтіп жатқан тарауға байланысты "Атмосфера", "Тропосфера" және "Стратосфера" деп аталады. Оқушылар сабақтың өткізілу әдісімен таныстырылады.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде әр үш топ оқушыларына олардың білім, білік, дағдыларын тексеруге жеке және топтық тапсырмалар таратылады. Топ жетекшісі бақылау парағына тапсырмалар бойынша алған ұпайларын жазып отырады. Сабақ барысында әр түрлі тапсырмаларды орындап саяхат жасайтындары айтылады.
I тапсырма. Жеке тапсырма. (слайд № 3) Әр топ оқушыларына "Атмосфера" тарауының өткен тақырыптары бойынша сұрақтар салынған конверттер таратылады. Топ оқушылары бір-бірден бөліп алып, тез арада жауап береді. Жауапты дұрыс берген оқушыға 4 ұпайдан иеленеді . Бағалау парағына жазылады.
Сұрақтар
1. Жердің ауа қабығы қалай аталады?
2. Ауа құрамындағы негізгі газдар.
3. Ауа құрамының 78% құрайды.
4. Ауа құрамының 21% құрайды.
5. Тіршілік үшін ең маңызды ауа құрамындағы газ.
6. Атмосфера неге ғарышта ыдырап кетпейді?
7. Атмосфераның төменгі қабаты.
8. Атмосфераның ортаңғы қабаты.
9. Қай қабатқа ауаның 80% үлесі тиеді?
10. Қай қабатта бұлт түзіледі, жел тұрады?
11. Стратосфераның шекарасы неше км. дейін барады?
12. Ауаның 1 см. кв. түсіретін салмағы қандай?
13. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы қалай аталады?
14. Атмосфералық қысым биіктікке байланысты қалай өзгереді?
15. Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап.
16. Ылғалсыз дөңгелек металл қорапша барометр.
17. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі.
18. Қалыпты атмосфералық қысым.
2-тапсырма. Топқа тапсырма. "Ойлан, тап". 4 ұпай (слайд № 4-8)
І.Атмосфералық қысым көрсеткіштерін жіктеу:
759, 761, 767, 748, 760, 777, 757
1. Қалыпты атмосфералық қысым.................
2. Төмен атмосфералық қысым...........................
3. Жоғары атмосфералық қысым........................
ІІ. Қандай аспап туралы жазылғанның табу
.......1643 жылы жасалды. Ол сынапты да, «сұйықсыз да», электронды да болуы мүмкін. Бұл не?
ІІІ. Атмосфералық қысым қай нүктеде ең жоғары, қай нүктеде ең төмен көрсеткішті көрсетеді? Неліктен?
А В С Д
Дұрыс орындаған топ оқушыларына ұпай қосылады.
3-тапсырма. «Адасқан объектілер». Жеке тапсырма (слайд № 9-10)
Интерактивті тақтада берілген "Жаз", "Күз", "Көктем", "Қыс" атты сәйкестік тестін шешу тапсырылады. Оқушыларға өздерінің туған жыл мезгілдеріне байланысты тестін шешеді. Оқушылар орындап болған соң бірін-бірі тексеру әдісі қолданылып, жауаптары тексеріледі (дұрыс жауаптары тақтада беріледі). Үшеуі де дұрыс болса - 5 ұпай, екеуі дұрыс болса - 4 ұпай, біреуі дұрыс болса - 3 ұпай қойылып, бағалау парағына жазылады.
I.Жаз
1.Жердің ауа қабаты А-Метеостанция
Б-Атмосфера
2.Ауа райын бақылайтын жер В-Азот
Г-Оттегі
3.Атмосфераның 21% құрайды Д-Сейсмостанция
Е-Метеостанция
II.Күз
1.Атмосфераның төменгі қабаты А-Термометр
Б-Барометр
2.Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап В-артады
Г-Стратосфера
3. Атмосфералық қысым биіктеген сайын… Д-Тропосфера
Е-кемиді
III.Қыс
1.Атмосфераның ортаңғы қабаты А-Радиозонд
Б-Оттегі
2.Атмосфераның 78% құрайды В-Барометр
Г-Тропосфера
3.Атмосфераның жоғарғы қабатын зерттейді Д-Азот
Е-Стратосфера
IV.Көктем
1.Тропосфераның орташа қалыңдығы А-50-55км
Б-100-150км
2.Стратосфераның шекарасы В-азот және оттегі
Г-оттегі және СО2
3.Атмосфераның құрамындағы Д-11км
негізгі газдар Е-25км
Дұрыс жауаптары:
I II III IV
1 - Б 1 - Д 1 - Е 1 - Д
2 - А 2 - Б 2 - Д 2 - А
3 - Г 3 - Е 3 - А 3 - В
4-тапсырма. Топқа тапсырма. "Сурет-есеп"(слайд № 11)
Үш топқа атмосфералық қысымды анықтауға сурет есептер таратылады. Есептеп болған соң әр топтан бір оқушыдан шығып жауабын айтады. Дұрыс орындаған топтарға 5 ұпайдан қосылады.
1. Егер жер бетіне атмофералық қысым 760 мм сын. бағ., ал ұшақ сыртында 460 мм сын. бағ. болса, ұшақ қандай биіктікте ұшып бара жатқан?
2. Хантәңірі тауының етегінде атмосфералық қысым 760 мм. сын. бағ. болса, төбесінде атмосфералық қысым қандай болады?
3. Биіктігі 5000 метр таудың төбесінде атмосфералық қысым 247 мм. сын. бағ. болса, оның етегінде атмосфералық қысым қанша болғаны?
Саяхатты уақытша тоқтата тұрып жаңа тақырыппен танысатындықтары айтылады.
III.Жаңа сабаққа кіріпе (слайд № 12)
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сжүрмейсің.
(Ауа)
"Ауа-тіршілік көзі",
"Ауа-өмір тынысы" - деп бекер айтылмаған. Ауаның маңызын біздер алдыңғы сабақтарымызда да әңгіме қылғанбыз. Бүгінгі сабақта біздер ауаның температурасымен танысатынымыз айтылып, оқушылар сабақтың мақсатымен таныстырылады. Тақырыптың атын дәптерлеріне жазып алады.
IV.Жаңа тақырыпты баяндау
Интерактивті тақтадағы презентациялық материалдарды пайдаланып, төмендегі жоспар бойынша сабақ түсіндіріледі.
Жоспар(слайд № 13):
1. Ауаның жер бетінен жылынуы
2. Ауа температурасының тәуліктік өзгерісі
3. Тәуліктік және айлық орташа температура.
4. Ауа температурасының жылдық өзгерісі.Көпжылдық орташа температура
5. Ауа температурасын өлшеу.
6. Ауа райының халық болжамдары.
Келесі күнге арналған ауа температурасының (слайд № 14-27)болжам картасы бойынша оқушылар не себебті Қазақстанның әр аумағында ауа температурасы әр түрлі болатындығы сұралады. Қазақ халқы ауа температурасын өлшейтін аспаптары болмаса да ауа райын болжай алғандығы туралы айтылып кетіп, халық қағидаларынан мысалдар айтылады.
- Торғайлар топталып, қайта-қайта ұшып-қонып, бүрісіп, сілкіне берсе, күн суытады.
- Бақа кешқұрым көп бақылдаса, ертеңіне күн ашық болады.
- Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы бұзылайын дегені, ал, егер бұлт шетінен тараса, ауа райы оңалуға бет алғаны.
- Егер жаңа туған ай шалқалап туса, ауа райы малға жайсыз болады.
- Егер қойлар қыстың күні қораға еркін кірсе, ауа райы жақсы болады және т.б. (слайд № 28)
Оқушылар өздері әрі қарай толықтырады.
Тақырыптың жаңа ұғымдары (терминдер): тәуліктік минимум, тәуліктік максимум, амплитуда, тәуліктік орташа температура, айлық орташа температура, жылдық орташа температура, айлық амплитуда, тәуліктік амплитуда, жылдық амплитуда, термометр, изотерма.
V.Жаңа тақырыпты бекіту. Саяхатты ары қарай жалғастырамыз.
5-тапсырма. Топпен жұмыс (слайд № 29-30)
Әр топ тәуліктік орташа температураны және тәуліктік амплитуданы табуға берілген тапсырмаларды орындайды
1. Сағат 1-де +10
7-де +8
13-те +14
19-да +12
Жауабы: ТОТ- +11; ТА-6
2. Сағат 1-де -4
7-де -6
13-те -0
19-да -2
Жауабы: ТОТ- -3; ТА-6
3. Сағат 1-де +4
7-де +2
13-те 0
19-да +2 Жауабы: ТОТ- +2; ТА-4
Дұрыс тапқан топтарға 4 ұпай қосылады.
6-тапсырма. Топпен жұмыс. 4 ұпай (слайд №3 1)
Үш топқа үш түрлі картамен тапсырма беріледі. Үлестірмелердегі координаталары арқылы объектіні тауып картадан көрсетулері керек.
1. Жер бетіндегі ең төмен температура -89,2 С 78 о.е., 105 ш.б. координатада тіркелген. Сол жерді картадан тауып көрсетіңіз.
2. Қазақстан жеріндегі ең төмен ауа температурасы бір жылда -57 С дейін жеткен. Координатасы 51 с.е.; 68 ш.б. Бұл қай жер?
3. Жер бетіндегі ең жоғарғы температура +58 С 25 с.е.; 20 ш.б. тіркелген. Сол жерді картадан тауып көрсетіңіз.
7-тапсырма."Шешендік өнер".4 ұпай (слайд № 32)
Әр топтан бір оқушы алдын ала берілген тақырыптардың біреуіне қысқаша 1-2 минуттық мәлімдеме беру керек.
1. Атмосфераны қорғау.
2. Атмосфераның маңызы.
3. Атмосфераның ластануы.
Осы тапсырмадан соң сабақ қорытындыланады.
VI. Сабақты қорытындылау
Оқушылардың сабаққа қатынасуы, кемшіліктері айтылып, керек болса жауаптары толықтырылады. Топ жетекшілеріне оқушылардың ұпайларын санап бағалау тапсырылады.
Бағалау реті(слайд № 33):
30-27 ұпай -"5"
26-21 ұпай -"4"
20 -15 ұпай -"3"
(слайд № 34)
Параграф 29 оқу, 83 беттегі 5,6 тапсырмалар және төмендегі кестені пайдаланып Астана, Ақтөбе, Алматы қалаларының ЖО температурасын және ЖА табу, қорытынды жасау. Ауа қабаты туралы қосымша материалдар жинақтау.
Станция |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
ЖО t |
ЖА |
Астана |
-17 |
-17 |
-11 |
2 |
12 |
18 |
20 |
18 |
11 |
3 |
-8 |
-14 |
||
Ақтөбе |
-16 |
-15 |
-8 |
5 |
15 |
20 |
22 |
20 |
13 |
4 |
-5 |
-12 |
||
Алматы |
-8 |
-7 |
0 |
10 |
16 |
20 |
22 |
21 |
15 |
8 |
-1 |
-6 |
Бағалау парағы «_________________» тобы
№ |
Оқушы |
1. «Сұрақ-жауап» Жеке тапсырма 4-ұпай |
2. «Ойлан, тап» Топқа тапсырма 4 ұпай |
3.«Адасқан объектілер» Жеке тапсырма 5 ұпай |
4.«Сурет-есеп» Топқа тапс. 5 ұпай |
5.«Есеп-тер» Топпен жұмыс 4 ұпай |
6.Карта-мен жұмыс. Топқа тапсыр. 4 ұпай |
7.«Шешендік өнер» Топқа тапсыр.4 ұпай |
Жал ұпай |
Баға |
1 |
||||||||||
2 |
||||||||||
3 |
||||||||||
4 |
||||||||||
5 |
||||||||||
6 |
||||||||||
Ұпай жиынтығы |