link7808 link7809 link7810 link7811 link7812 link7813 link7814 link7815 link7816 link7817 link7818 link7819 link7820 link7821 link7822 link7823 link7824 link7825 link7826 link7827 link7828 link7829 link7830 link7831 link7832 link7833 link7834 link7835 link7836 link7837 link7838 link7839 link7840 link7841 link7842 link7843 link7844 link7845 link7846 link7847 link7848 link7849 link7850 link7851 link7852 link7853 link7854 link7855 link7856 link7857 link7858 link7859 link7860 link7861 link7862 link7863 link7864 link7865 link7866 link7867 link7868 link7869 link7870 link7871 link7872 link7873 link7874 link7875 link7876 link7877 link7878 link7879 link7880 link7881 link7882 link7883 link7884 link7885 link7886 link7887 link7888 link7889 link7890 link7891 link7892 link7893 link7894 link7895 link7896 link7897 link7898 link7899 link7900 link7901 link7902 link7903 link7904 link7905 link7906 link7907 link7908 link7909 link7910 link7911 link7912 link7913 link7914 link7915 link7916 link7917 link7918 link7919 link7920 link7921 link7922 link7923 link7924 link7925 link7926 link7927 link7928 link7929
Шакей Сайрангуль
Должность:Педагог- психолог
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Караганда
Бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастық

Қазіргі заманда, әсіресе қарқынды өзгеруіне байланысты кез-келген жағдайда өзін жақсы сезіну, жағдайларға икемделе, бейімделе алу өте маңызды.

Бала кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтуде психологиялық өзгерістер болады.Өйткені бастауыш сыныпта оқушы тек бір мұғалімге, бір кабинетке, тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа келген кезінде балаға бірнеше мұғалімдер сабақ беруі, сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастармен, жаңа мұғалімдермен қарым қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Сондықтан, бүгінгі күнде педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселесі өзекті болып табылады. Оқушылармен жұмыс істеу барысында, ортаңғы буынға ауысқан кезде оқу және қарым қатынас үрдісінде туындайтын мазасыздықтары жоғары, әрі мұғалімдермен және сыныптастармен қарым- қатынаста қиындықтар пайда болатыны белгілі болды. Сонымен бірге оқудағы жүктеменің және сабақтың бірден көбейіп кетуі балалардың психологиялық денсаулығының нашарлауына әкелді: қорқыныш, үрей, невроз. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, оқушы психикасының өзгеруіне, эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне әсер етеді.Демек, отбасы және мектепте жағымды психологиялық жағдай тудырып, айналасындағылар балаға жағымды қолдау көрсетсе ғана бала бейімделуде қиындықтарды жеңе алатынына еш күмән жоқ деп ойлаймын. Психолог, педагогтар, ата-аналармен жұмысты бірлескен іс әрекетте жүргізсе, қиындықтардың азаятынына және балалардың психологиялық денсаулығын нашарламауын қамтамасыз етеміз деген ойдамыз. Мәселе көп, олар тек оқу үрдісімен шектелмейді, сонымен қатар мектептегі өмірді ұйымдастырумен қатар, жанұядағы психологиялық атмосфераға да байланысты.Өзін түсіну жолы қиын, өзін тұлға ретінде айқындау,осы уақытқа дейін балаға әсерін тигізетін, ол бірінші кезекте жанұясы, ата-анасынан, өзін басқалардан алшақтатуға қажеттілік туындайды. Сырттай бұл алшақтық — ересектердің сезімдеріне, кез-келген ұсыныстарына қарсы болу, негативизм ретінде көрініс береді. Осыдан ересектермен конфликтіге түседі. Кіші жеткіншек бала өзінің қайталанбас даралығын, өзінің жеке «Менін» тануға тырысады. Кейбір жағымсыз жағдайлар туындауына ішкі дискомфорттың және конфликтіге әкеледі. Кіші жеткіншекте адаптацияның сәттілігі, оның интеллектуалды дайындығына емес, сонымен қатар сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым-қатынасжасай білулеріне, мектеп ережелерін сақтауға, жаңа жағдайларды шеше білулеріне де байланысты.

Адаптацияның қиындықтары туралы келесі белгілер куәландырылады:

Баланың шаршаған келбеті.

Өткізілген күні туралы өз ойымен бөліскісі келмеуі.

Мектеп өңірегіндег әңгімеде ата-аналарының зейінін басқа тақырыпқа аударып жіберуі.

Үй жұмысын орындағысы келмеуі.

Мектеп, мұғалімдер мен сыныптастар атына жағымсыз мінездеме беруі.

Мектеппен байланысты жағдайларға шағымдануы.

Тынышсыз ұйықтауы.

Таңертең қиын оянуы.

Өзінің көңіл-күйінің болмауын айтуы,өзін-өзі үнемі салғырт сезінуі.

Адаптация процесінің аяқталмаған жағдайында, бұл адаптацияның сәтсіздігі, яғни, дезадаптация дейміз, өмірдің әртүрлі жағдайларын шеше алмау белгісі.

Осы орайда біздің жалғыз міндетіміз бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушылардың сәтті оқуына жағдай жасаумен қорытындыланады. Ең бастысы — орта мектепте баланың адаптациялық жағдайына көмектесу, оның әрі қарай дамуын, оның психологиялық саулығын қамтамасыз ету.

Осыны түсіну үшін балаға қандай көмек қажет екенін, ол қандай қиындықтармен кездесетінін, қазіргі жағдайда қандай мәселелер орын алып тұрғанын білу маңызды. Оқу әрекетінде, сабақта, балалардың жұмыс істеу әдісі ғана әр түрлі емес, сонымен қатар жауап беру мәнері, сабақтағы белсенділік деңгейінің біркелкі еместігі, шаршау деңгейлері де әртүрлі екендігі белгілі. Қоршаған адамдардың күтуіне сай келмеуі үнемі қорқынышқа әкеледі, қабілетті бала да өзінің мүмкіндігін қажетті деңгейде көрсете алмайды.

Қиыншылықтар мен мұғаліммен қарым-қатынас жасаудағы қорқыныштар барлық 5 –сынып оқушыларының үштен бір бөлігі мен жартысы сезінеді. Ал ата-ана өз тарапынан, баланы «баға үшін» оқуға бағыттау арқылы, өз күшіне сенімсіздік тудырып, жағымсыз бағаға қобалжуы, мектепшілік қорқыныштың туындауына итермелейді. Сондықтан, барлығында туындайтын: 5- сынып оқушыларына қалай көмектесу керек деген сұрақтың себебі белгілі.

Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет.

Бастауыш сыныптың түлегінің орта буындағы оқуы табысты болу үшін, бейімделу кезінде балаға көмектесу оны психологиялық жағынан дайындау мақсатында мектебімізде бастауыш класс пен орта буын сабақтастығындағы жұмыс жүргізуде апталық өтті.Апталықты өткізудегі міндет:Орта мектепке бейімделу кезінде балаға көмектесу, оны психологиялық жағынан дайындау

Бастауыш сыныптың сабағына қатысуы, күнделікті ұстауларын бақылау ;

* Ата-аналарымен танысуы;

* Болашақ пән мұғалімдерімен класс жеттекшілері анықталып, әр пәннен сабақ өткізу, сабаққа қатысу

* Бастауыштағы сынып жетекшісімен оқушылар туралы мәлімет алу бағытында пікір алмасу;

* Психолог тарапынан әр оқушының жеке даму деңгейіне байланысты психологиялық - педагогикалық мәліметтер алу.

1 . Мұғалімдермен жұмыс

5 сыныпқа сабақ беретін педагогтардың тізімін құру;

Орта буын мұғалімдеріне әр оқушының жеке даму деңгейіне байланысты мәліметтер беру;

Педагогтармен бастауышпен сабақтастығында апталық ұйымдастыру , ортақ мәселелерді талқылау.

Пед консилиум өткізу

1. Бастауыш пен орта буын сабақтастығындағы педагогтың жұмысы «семинар» Практикалық кезеңі:

1.«Қорқынышты жеңу » тренинг

2. « Ессіз архитектор» арттерапия елементтері

3. «Менің бейнем» арттерапия елементтері

2. Оқушымен жүргізілетін жұмыс

Орта буындағы оқушылардың статусы

бастауыштан орта буынға өтетін оқушылармен зерттеу, түзету-дамыту, кеңес беру бағытында психологиялық жұмыс түрлерін жүргізу;

«Өз қорқынышынды бейнелеп сал» тренинг

Мақсаты : Оқушылардың қобалжуын анықтау қорқынышын жеңу

Өткізілу түрі: топпен 10адам

Құрал жабдықтар: А4, түрлі түсті қарындаштар

Оқушыларға өз бойындағы қорқыныш сезімін суреттеу салу ұсынылады. Сурет салып болғаннан соң сол суретін күлкілі сурет ретінде өзгертулер енгізеді. Соңынан өз салған суреті бойынша айтып береді

1.Өз қорқынышынды салған кезде қандай сезімде болдын?

2.Салған суретінді күлкілі етіп өзгерткен кезде қандай сезімде болғаны айтып ой бөліседі.

«Сұхбат тренингі»

Оқушылар кәзір біз бір-бірімізді басқа жағымыздан танып білуімізге байланысты «Сұхбат» тренингісін өткізіп көрейік. Сіздер жұбқа бөлінесіздер біреулеріңіз журналист, ал біреулеріңіз сұхбат беруші адам боласыздар. Ал бастайық, Соңынан екі жұп орындарын ауыстырады.

1. Аты-жөніңіз?

2.Отбасында неше баласыз?

3. Қандай сабақтан қиналасыз?

4.Болашақта қандай мамандық иесі болғыңыз келеді?

5. Бос уақытыңызда немен айналысқанды ұнатасыз?

6. Сіздің арманыңыз? т.б сұрақтар қойлады

7. 5 сыныпқа барасыз қандай қобалжуыңыз бар

3. ата –аналармен жұмыс

Ата-аналармен ортақ мәселелерді талқылау.

Ата-аналар жиналысына қатысып, кеңес беру.

Балаңыдың бастауыштан орта буынға көшуіне дайынсызба?

Жұмыстың нәтежесінде

1.Бастауышпен орта буын сабақтастығындағы жұмыс жүргізудегі апталық барысындағы пән мұғалімдері өзара пікір алмасты.

2.Орта буында кездесетін қиындықтар және оны жеңу жолдары туралы өз ойлары айтылып, әр түрлі әдіс-тәсілдер ортаға салынды

3. 5 класс оқушылары орта буынға жақсы бейімделді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ғылыми теориялық журнал « Педагогика мәселелері» 2013. 1 ай

2. «Психологический тренинг»

«Шольный психолог» 2002 ,№32

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности