link7440 link7441 link7442 link7443 link7444 link7445 link7446 link7447 link7448 link7449 link7450 link7451 link7452 link7453 link7454 link7455 link7456 link7457 link7458 link7459 link7460 link7461 link7462 link7463 link7464 link7465 link7466 link7467 link7468 link7469 link7470 link7471 link7472 link7473 link7474 link7475 link7476 link7477 link7478 link7479 link7480 link7481 link7482 link7483 link7484 link7485 link7486 link7487 link7488 link7489 link7490 link7491 link7492 link7493 link7494 link7495 link7496 link7497 link7498 link7499 link7500 link7501 link7502 link7503 link7504 link7505 link7506 link7507 link7508 link7509 link7510 link7511 link7512 link7513 link7514 link7515 link7516 link7517 link7518 link7519 link7520 link7521 link7522 link7523 link7524 link7525 link7526 link7527 link7528 link7529 link7530 link7531 link7532 link7533 link7534 link7535 link7536 link7537 link7538 link7539 link7540 link7541 link7542 link7543 link7544 link7545 link7546 link7547 link7548 link7549 link7550 link7551 link7552 link7553 link7554 link7555 link7556 link7557 link7558 link7559
Батимова Гульжайна Каирлаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу.

Қызылорда облысы

Арал қаласы, № 64 мектеп

Бекешова Несібелі

Технология пәні мұғалімі

Cабақтың тақырыбы: Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу.

Сабақтың мақсаты: Бұйымды ою-өрнектермен өңдеу туралы түсінік беру,

жұмыстың орындалу тәсілін үйрету.

Білімділік: жапсырмалау тәсілін үйрету.

Дамытушылық: оқушыларға теориялық білім бере отырып, өнерге деген

құштарлығын, шығармашылық қабілетін,

көркемдік шеберлігін, дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас білім мен іскерлікті игеру

Көрнекілігі: Ұлттық ою-өрнектермен өрнектелген бұйымдар,

ою-өрнек түрлері салынған плакат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушының сабаққа қатысын тексеру.

2. Оқушының жұмыс орнын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасы

Бас киімдер тарауы бойынша пысықтау сұрақтары.

“Көшбасшы” ойыны бойынша ұяшықты таңдап сұраққа жауап береміз.

Әйелдер бас киімі

5

10

15

Ерлер бас киімі

5

10

15

Жалпы сұрақ

5

10

15

Әйелдер бас киімі бойынша сұрақтар: 1)Әйелдер бас киімдерін ата?

2) Кимешекті кімдер киеді?

3)Сәукелені қандай жағдайда, кімдер киеді?

Ерлер бас киімі бойынша сұрақтар: 1) Бөріктің қандай түрлері бар?

2) Қалпақты кімдер киеді, қандай түрлері бар?

3) Ерлер тақиясының әйелдер тақиясынан

айырмашылығын айтып бер.

Жалпы сұрақ бойынша: 1) Әжеме өң берген

Жиегін көмкерген

Етегі желкендей

Киім еді ол нендей? (кимешек)

2)Екі басы дөңгелек,

Екі ұшы сүйір,

Қиғанша үйір. (қайшы)

3)Ердің атын….. (еңбек шығарар)

Сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын пысықтадық.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Өткен сабақта біз бас киімдер туралы өтіп, бас киімдердің әр қайсысына жеке-жеке тоқталып өттік .Енді бүгінгі сабағымызда сол бұйымдарымызды ұлттық өрнектермен өңдеу туралы өтпекпіз.

Қазақтың қандай да болсын бұйымдары ұлттық өрнектермен әшекейленіп, көркемделеді.Осы әшекей түсіре білудің өзі –үлкен шеберлік. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейді. Әшекей салудың өзіндік ерекшеліктері,талабы бар. Әшекейлеудің өзінің орындалу техникасы мен технологиясы бар. Камзолда, бешпентте, бас киімдерде көздің жауын алатын өрнектердің орындалу технологиясын қарастырайық. Олар көбінесе жапсырмалау арқылы орындалады. Жапсырма үшін алтын, күміс түсті жылтыпақ маталар қолданылады.Жапсырмалауды орындамас бұрын, Жапсырманы киімнің қай тұстарына орындау керек екенін білген жөн.

Енді осы жапсырмаға қандай ою-өрнектер қолданамыз? Көбіне өсімдік тектес оюлар, сонымен қатар ғарыштық, және жануарлар тектес ою-өрнектерді қолданамыз.

Жапсырмалаудың таза орындалу техникасына келетін болсақ,

Жапсырмалаумен бірге әшекейлеудің бірнеше түрі бар.

Желіммен жапсырмалаудың жасалу жолын көрсету.

ІV. Қорытындылау.

“Алтын сандық” ойынымен сабақты қорытындылау.

Тас қақпа: Жапсырма өрнектері киімнің қай тұсына орналастырылады?

Күміс қақпа: Киімді әшекейлеудің қандай түрлері бар?

Алтын қақпа: Киімге қандай өрнектер қолданылады?

Алтын сандық: Желіммен жапсырмалаудың техникасын айтып бер.

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабағымызды қорыттық.

V. Бағалау.

Оқушыларды жинаған ұпайына қарай бағалау.

20-30 аралығында ұпай жинаған оқушыға “5” деген баға қойылады.

10-20 аралығында ұпай жинаған оқушыға “4” деген баға қойылады.

5-10 аралығында ұпай жинаған оқушыға “3” деген баға қойылады.

Бағалау тақтасы.

Оқушының

аты -жөні

Үй тапсырмасы бойынша

Жаңа сабақ бойынша

Қорытынды

баға

VІ. Үйге тапсырма: Айыр қалпақты суреттегідей етіп құрастырып, өрнек салып үйреніңдер.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности