link12720 link12721 link12722 link12723 link12724 link12725 link12726 link12727 link12728 link12729 link12730 link12731 link12732 link12733 link12734 link12735 link12736 link12737 link12738 link12739 link12740 link12741 link12742 link12743 link12744 link12745 link12746 link12747 link12748 link12749 link12750 link12751 link12752 link12753 link12754 link12755 link12756 link12757 link12758 link12759 link12760 link12761 link12762 link12763 link12764 link12765 link12766 link12767 link12768 link12769 link12770 link12771 link12772 link12773 link12774 link12775 link12776 link12777 link12778 link12779 link12780 link12781 link12782 link12783 link12784 link12785 link12786 link12787 link12788 link12789 link12790 link12791 link12792 link12793 link12794 link12795 link12796 link12797 link12798 link12799 link12800 link12801 link12802 link12803 link12804 link12805 link12806 link12807 link12808 link12809 link12810 link12811 link12812 link12813 link12814 link12815 link12816 link12817 link12818 link12819 link12820 link12821 link12822 link12823 link12824 link12825 link12826 link12827 link12828 link12829 link12830 link12831 link12832 link12833 link12834 link12835 link12836 link12837 link12838 link12839
Елешова Алмаш Исламбековна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:не указан
Ағылшын тілі пәнінен ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті «Dwarfs and treasure»

Қазақстан Республикасы, БҚО, Орал қаласы

№34 «Балбұлақ» бөбекжай МКҚК

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Елешова Молдир Исламбековна

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Ағылшын тілі

Тақырыбы: «Dwarfs and treasure»

Мақсат міндеттері: *Ойын оқу іс-әрекеті арқылы балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту. Меңгерген сөздерін еске түсіре отырып, тапсырмалар орындату;

* Түстердің, сандардың, үй және дала жануарларының, күнделікті қолданыстағы заттардың атауларын ағылшын тілінде анық та таза айтуға үйрете отырып, басты қазына білім екенін ұғындыру; Білім алуға, ынталы болуға, жан-жақтылыққа, әр жағдайда жол таба білуге, тез шешім қабылдауға тәрбиелеу.

*Құм терапиясымен жұмыстану арқылы балалардың саусақ бұлшықеттерін дамыту. Ана тілі және ағылшын тілдеріндегі сөздік қорларын молайту.

Әдіс тәсілдері: Ойын саяхат

Көрнекілігі: сандар, домино,құмсалғыш, әр түрлі түстегі пішіндер

Билингвалдық компонент: сары- желтый, сары-yellow, қызыл-красный, қызыл-red, көк-синий, көк-blue, жасыл-зеленый, жасыл-green, жануарлар- животные, жануарлар- animals, кітап- книга, кітап- book, қолшам- фонарик, қолшам- lantern, балға- молоток, балға -hummer, сөмке- сумка, сөмке -bag, карта- карта, карта — map

Әрекет кезеңдері

Мотивациялық қозғаушы

Көңілді Гномдар ішке билеп кіреді.

Әр гном түрлі — түсті орындарға тоқтайды

-Good morning dear friends!

-Достар, бізге бүгін көп қонақтар келген екен. Қане бәріміз ағылшын тілінде амандасайық.?

- Good morning !

-Hello!

- Енді қазір біз, өзіміздің орналасқан түстерімізге сай, түстес пішіндерді жинаймыз.

Әр жерде жатқан пішіндерді тұрған түстеріне сәйкес алады.

Жақсы, ендеше айта қойыңдаршы,

- What color is your figure?

And what color yours?

It’s red, It’s blue,

- It’s yellow,

- It’s green.

Осылайша барлығының түстерін ағылшын тілінде атап шығады.

- Еxcellent , dwarfs! Жарайды, ендеше тізе бүгіп, жұлдыздарды тамашалайық, армандарымыз туралы әңгіме айтайық. Достар, саяхат жасағыларың келе ме?

-Иә, мен саяхатқа шығуды көптен армандап жүрмін.

(Сөйтіп олар жұлдыз тамашалап отырғанда, ең кіші гном қолында қорабы бар жүгіріп келеді.)

-Қараңдаршы, мен бірдеңе тауып алдым!

-Қане-қане, не бар екен онда, қарайық.

(қорапты ашады, ішінен карта шығады.)

-Бұл не қағаз?

-Бұл карта ғой! (картаны ашу)

- Дұрыс айтасыңдар, алайда, достар, мында бәрі ағылшын тілінде жазылған. Бірақ бұл бізге кедергі емес,өйткені біз ағылшынша сөйлей аламыз, солай емес пе?

-Иә, біз ағылшынша білеміз.

-Қане қарайық, бұл не қылған карта екен. Достар мұнда қазынаға апарар жол берілген екен. Және сол жолда көптеген кедергілер бар екен. Қазынаны іздеуге барамыз ба?

-Иә, барамыз!

Іздену ұйымдастырушы

-Ол үшін бізге қандай құралдар керек?

-Карта, қолшам,балға, сөмке

-Енді осыларды ағылшынша атайықшы!

-map, bag, hummer, lantern

-Кеттік ендеше!

(Гномдар тіркесіп алып, «The more we are together» өлеңін айтып жол тартады.)

Сөйтіп, алғашқы қақпаға жетеді. Онда «Task 1» деген көк сілтеме ілініп тұрады. Ішінде «game domino and say an English animals. If a task is correct candles burn»

-Достар, міне бағытымыз бойынша алғашқы қақпаға келдік. Қане қарайық, мүмкін мұндағы тапсырманы дұрыс орындасақ, қазынаны тауып қалармыз.

Алғашқы қақпаның тапсырмасын орындайды. Жануарлар бейнеленген доминоны ойнап, ағылшын тілінде атайды

Тапсырманы дұрыс орындап шығады, қақпада шырақтар жанады.

-Достар, біз тапсырманы орындадық, бірақ қазынаны таппадық. Ендеше ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.

Әрі қарай жүрейік!

«The more we are together» әнін орындап ары қарай жол тартады

Біраз жол жүрген соң, картаға қарап бағытты қарап алады. Сөйтіп екінші қақпаға жете бергенде қызыл түсті сілтемені көреді. Ашып қарайды.

-Достар, міне бағыт бойынша екінші қақпаға да келіп жеттік. Кеттік кіріп тапсырманы орындайық. Мүмкін қазынаға кезігіп қалармыз.

«Task 2. Counting. If a task is correct candles burn»

-Достар бізге мына дорбаның ішінен көздеріңді жұмып кез-келген бір санды таңдап, ағылшын тілінде 1 ден 10ға дейін санаңыздар деген екен

Дұрыс орындасаңдар сиқырлы қақпа шырақтарын жағады екен. Қане орындайық.

- Yess! Hooray!!

Көздерін жұмып, дорбадан кез-келген санды алып атайды. Тақтадан тауып, санап орналастырады. Және 1ден 10 ға дейін ағылшынша санайды

Тапсырманы орындап, қақпадан шығады.

Дұрыс орындалған жағдайда қақпа жарқылдайды.

- nice, yes!деп қуанып алақайлайды.

-Достар, біз біршама жол жүрдік, мына сөмке иығымды ауыртып тастады. Кішкене серігіп алу үшін би билеп алсақ қайтеді?

-Friends, let’s dancing!

-Кеттік, билеп алайық!

‘If you happy’ сергіту сәтін орындайды

- Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. Қане картаға көз салайық, қай бағытқа барады екенбіз?

- Міне, таптым. Тіке жүреді екенбіз

Үшінші қақпаға келгенде құмсалғышқа кезігеді. Және сілтемеде «Find your friends and treasure» деп жазылған.

Үлкен гном:

- -Қараңдаршы, бізге мына құмның арасынан достарыңды табыңдар деген екен. Алдымен барлығымыз құмның қасына жақындап, құм бізге әріптерді тез табуға көмектесу үшін саусақтарымызбен жаттығулар жасайық. Ол үшін құмды ұйқыдан оятамыз, қыдықтаймыз, уысымызға қысып көтеріп кері төгеміз. Қараңыздаршы құм қандай?

- Құрғақ

- Жұмсақ

- Жақсы,достар, енді арасынан достарымызды табайық

- I found!

- I found!

- Достар, мұнда қазына жоқ екен. Жүріңдер, екіншісіне өтейік, мүмкін соннан табармыз.Ол үшін алып келген құралдарымызды шығарайық. (Құралдарын шығырып, балғамен ұрып, қолшам түсіріп қазынаны тауып алады)

- yess, treasure!

- We found treasure!

- Қандай керемет! Біздің іздеп келген асыл қазынамыз бұл- ағылшын кітабы екен. Қандай жақсы, осы кітап арқылы ары қарай ағылшынша үйренетін боламыз!

- Excellent friends! What is it?

- Достар,кітап сөзінің ағылшынша аталуы қалай еді ?

- Book

- Иә, енді есіме түсті!дұрыс айтасыңдар!

- Достар, бүгінгі күн сендерге ұнады ма?

-Yes, Good!!

Рефлексивті -коррекциялаушы

-Біз бүгін не істедік, қандай тапсырмалар орындадық?

-Қазына іздедік. Ағылшын тілінде тапсырмалар орындадық

-Жарайсыңдар достар! Бүгін біз мақсатымызға жеттік. Балабақшамызға қайтып, ағылшын тілімізді ары қарай дамытайық. Ендеше кеттік, үйімізге қайтайық.

(Көңілді әуенмен гномдар жетектесіп үйлеріне қайтады)

-Good bye!

-Good bye!

Күтілетін нәтиже:


Нені біледі : Түстерді, сандарды,
үй және дала жануарларының, заттардың атауларын ағылшын тілінде анық та таза айта біледі.

Қандай түсінікті игерді: Қазына іздеу жолында достықтың, бірліктің арқасында түрлі кедергілерден жол табуға болатынын біледі. Білім мен достықтың маңызын түсінеді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ана тілімен қатар, ағылшын тілін де үйреніп, күнделікті қолданыста айтуға дағдыланады.

<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE MicrosoftInternetExplorer4

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности