link10332 link10333 link10334 link10335 link10336 link10337 link10338 link10339 link10340 link10341 link10342 link10343 link10344 link10345 link10346 link10347 link10348 link10349 link10350 link10351 link10352 link10353 link10354 link10355 link10356 link10357 link10358 link10359 link10360 link10361 link10362 link10363 link10364 link10365 link10366 link10367 link10368 link10369 link10370 link10371 link10372 link10373 link10374 link10375 link10376 link10377 link10378 link10379 link10380 link10381 link10382 link10383 link10384 link10385 link10386 link10387 link10388 link10389 link10390 link10391 link10392 link10393 link10394 link10395 link10396 link10397 link10398 link10399 link10400 link10401 link10402 link10403 link10404 link10405 link10406 link10407 link10408 link10409 link10410 link10411 link10412 link10413 link10414 link10415 link10416 link10417 link10418 link10419 link10420 link10421 link10422 link10423 link10424 link10425 link10426 link10427 link10428 link10429 link10430 link10431 link10432 link10433 link10434 link10435 link10436 link10437 link10438 link10439 link10440 link10441 link10442 link10443 link10444 link10445 link10446 link10447 link10448 link10449 link10450 link10451 link10452 link10453 link10454 link10455 link10456 link10457
Карымсакова Алтын Арыстанбековна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:казахстан
Регион:не указан
Қазанғап «Шыныаяқ тастаған»

Сабақтың тақырыбы: Қазанғап «Шыныаяқ тастаған»

Біліктілік мақсаты: Оқушыны шығармамен жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Музыкалық шығармалар арқылы оқушының ой-

өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының музыкалық шығармаларына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, сол шығармаларды дәріптей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер техникалық құралдар: Музыкалық аспап, реферат, тақырыпқа сәйкес дайындалған плакаттар, бейнетаспа, буклеттер, үн таспа.

Жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Қорытындылау.

V. Үй тапсырмасы.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыны дұрыстап отырғызып, домбыраның құлақ бұрауын тексеремін.

Үй тапсырмасын тексеру:

Гамма соль минор (q — moll), Закарпат биі «Верховина» шығармасын толықтай ойнатып, кеткен қатесі болса өзім ойнап көрсетіп, түсіндіремін. С. Тұрысбеков «Көңіл толқыны».

Жаңа сабақты өту кезеңі:

Бүгінгі жаңа күй сабағымызда күй — жаныры. Күй — қазақ халқына кең таралған аспаптық шығарма. «Ұлы оқиғалар сыры, адам өмірінің қат — қабат шындығын елестетеді. Қазақ жерінде замандар бойында болып өткен ұлылы — кішілі естердің өркеш — өркеш сілемдері күймен бейнеленген». Күй ел ішінде домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалады. Халық күйшісі Қазанғап Тілепбергенұлының өмірбаянына тоқтала кетсем. Қазанғап екі дәуір арасында өмір сүрген (1854 — 1921 жж.). Күйші Арал теңізінің жағалауындағы Құланды түбегіндегі Ақбауыр деген жерде қойшы жан — ұясында дүниеге келіп 73 жасында сол туған жерінде дүние салған. Қазанғап жас кезінен қой бағып оның жұбанышы домбыра болды. Қазанғап ауылға ат басын бұрған күйшілердің шықпай солардың өнерін үйреніп қалуға талпынды. Қазанғап Бесқалада тұратын Орынбай, Ембідегі Құрманияз, Қарамастағы Үсен күйшілерден дәріс алды. Қазанғаптың «Ысымпа», «Ақжелкең», «Шынаяқ тастаған», «Қиту қиту, қайт қайт» т.б. күйлері бар. Бүгінгі өтетін «Шыныаяқ тастаған» күйіне тоқтала кетейік. Қазанғап бұл күйін Үсен төренің ауылында шығарған. Қос күйші әңгіме — дүкен құрып, күй шертісіп отырған кештердің бірінде Үсеннің келіні Қазанғаптың тартқан күйіне ұйып, шай құюды ұмытып кетеді. Қазанғап шайдың құйылмай тұрып қалғанын көреді. Бірақ ойға оралған жаңа күйдің желісін бұзбай, тек қағатын қолымен тұрып қалған шыныаяқты нұсқап, домбырасын тарта береді.

Қазанғап бұл қай күйің? — деп сұрайды Үсен төре.

Аға, маған деген ыстық ықыласыңызға, көрсеткен қонақжайлылығыңызға аса риза пейілмен осы күйімді сізге арнадым — дейді Қазанғап.

с– Маған арнаған күйің болса атын мен табайын, — дейді Үсен төре. Қонағымыз күй тартып отырып шай суып қалған соң шыныаяқты нұсқап еді. Сондықтан мұның аты «Шыныаяқ тастаған күй» болсын депті.

Күй ре минор (d — moll) тональдосында жазылған. Асықпай, нәзік екпінде орындалады. Өлшемдері кей жерінде ауысып отырады. Қағыстары ппv, пvп, пппп болып ауысып ойналады. Бұл күйде формлог белгілері кездеседі. Формлогтар оң қол қағысынан кейін сол қолмен ойналады. Күйде мынандай әсерлеу белгілері кездеседі: mf; mp. Бұл күйде тағыда лиг белгісі кездеседі. Күйдің үлкен сағаға келгенде тональность ре минор, ля минорға (a — moll) ауысады да ортаңғы буынға келгенде тональность ре минор қайта аяғына дейін ойналады. Күйді оқушыға ойнап көрсетіп, кездесетін белгілерін түсіндіре кетемін. Оқушыға жаңа күйді сағасына дейін талдатып, кездескен белгілерді сұраймын.

Қорытындылау:

А) Жаңа сабақты берілген санға дейін қайталап ойнатып, оқушының жіберген қатесін айтып, ойнап көрсетемін.

Б) Оқушыға баға қоямын.

Үй тапсырмасы:

«Шыныаяқ тастаған» күйін сағаға дейін ойнап келу.

Қолданылған әдебиет:

Қазанғап. Ақжелкең. Алма — Ата, «Өнер», 1984 ж.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности