link7182 link7183 link7184 link7185 link7186 link7187 link7188 link7189 link7190 link7191 link7192 link7193 link7194 link7195 link7196 link7197 link7198 link7199 link7200 link7201 link7202 link7203 link7204 link7205 link7206 link7207 link7208 link7209 link7210 link7211 link7212 link7213 link7214 link7215 link7216 link7217 link7218 link7219 link7220 link7221 link7222 link7223 link7224 link7225 link7226 link7227 link7228 link7229 link7230 link7231 link7232 link7233 link7234 link7235 link7236 link7237 link7238 link7239 link7240 link7241 link7242 link7243 link7244 link7245 link7246 link7247 link7248 link7249 link7250 link7251 link7252 link7253 link7254 link7255 link7256 link7257 link7258 link7259 link7260 link7261 link7262 link7263 link7264 link7265 link7266 link7267 link7268 link7269 link7270 link7271 link7272 link7273 link7274 link7275 link7276 link7277 link7278 link7279 link7280 link7281 link7282 link7283 link7284 link7285 link7286 link7287 link7288 link7289 link7290 link7291 link7292 link7293 link7294 link7295 link7296 link7297 link7298 link7299 link7300 link7301 link7302 link7303 link7304 link7305 link7306 link7307
Елешова Алмаш Исламбековна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазахстан
Регион:не указан
"Смешарик Ежикке көмектес" ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Қазақстан Республикасы, БҚО, Орал қаласы

№34 «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК

Тәрбиеші

Курманкулова Ажар Темірханқызы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ежикке көмектес

Мақсат-міндеттері:

- Балаларды ертегі тыңдау арқылы ертегі желісін түсінуге үйрету.

- Берілген логикалық тапсырмаларды орындату арқылы балалардың ойлау , есте сақтау қабілеттерін арттыру, түстерді бірбірінен ажыратып, үш тілде айта білуге дағдыландыру

- Балаларды достарына үнемі көмектесуге, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, сурет бойынша әңгіме

Көрнекілігі: Видеоролик, слайд, үлестірмелі материалдар, үй және жабайы жануарлардың суреттері, сиықырлы карточкалар, кейіпкер.
Билингвалдық компонент:
Қызыл- красный, қызыл — red, Көк- синий, көк- blue, Сары- желтый, сары- yellow,Жасыл- зеленый, жасыл- green

Алдын –ала жүргізілген жұмыстар:Қиыналған адамға керек кезінде қолұшын беру туралы әңгімелеу

Әрекет кезеңдері

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Кел балалар ортаға

Қайырлы таң достарым

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Қолымыздан ұстасып

Жылулықты алайық.

Барлық балалар қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

Іздену ұйымдастырушы

Видеоролик: « Смешариктің достарымен ойнауы» көрсетіледі. Балалар тамашалайды.

- Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасындар ма?

- Иа,ұнатамыз.

- Олай болса мен сендерге смешарик Ежик туралы ертегі айтып беремін.

Бір күні Ежик атты смешарик болыпты.Ол өте арманшыл, қиялшыл, саяхаттауды ұнататын болыпты.Әрқашан көп нәрсені білгісі келіп жүреді, әсіресе Білімділер еліне баруды қатты армандайды екен.Бір күні сол елге бармақ болып жолға шығады.

Балалар мұқият,қызыға Ежик туралы ертегіні тыңдайды.

Оның коп білгісі келетінін, арманшыл екенін біледі. Ол Білімділер еліне барғысы келетінін армандайтынын біле отырып,Ежикке таңданады.

Видеоролик: «Қоянның тапсырмасы»

-Балалар ежикке көмектесеміз бе?
-Олай болса Ежикті тындайық.

-Видеоролик: Салем достар! Маған көмектесесіндер ме?

- Көмектесеміз! Балалар ежиктің алдынан коп тапсырмалар кездесетінін

біледі,оған көмектескісі келеді.

- Мен Білімділер еліне жете алмай жүрмін.Сендер көмектессеңдер менің арманым орындалатын еді.олай болса маған берілген тапсырмалар мынадай:

1-логикалық тапсырма: «Смешарикке көмектес»

Шарты: Берілген әр-түрлі түстердің арасынан смешариктер көрсеткен түстерді тез тауып белгілеу.

Мақсаты: Түстерді тез тапқызу арқылы балаларды шапшан ойлауға, түстерді бір-бірінен ажырата білуге дағдыландырып, үш тілде айта білуге үйрету.

Балалар қоянның тапсырмасын орындайды. Түстерді таба отырып,белгілейді және түстердің үш тілдегі баламасын айтады: қызыл- красный, қызыл — red; Көк- синий, көк- blue; Сары- желтый, сары- yellow; Жасыл- зеленый, жасыл- green

2-слайд:«Қасқырдың тапсырмасы»

Ежиктің алдынан логикалық тапсырмалармен қатар орман жануарлары кездесіпті.Олардың да Ежикке арналған тапсырмасы бар екен.

2-логикалық тапсырма: «Жануарларды ажырат»

Шарты: Балаларды екі топқа бөлеміз.Олардың алдарында үй және жабайы жануарлардың суреттері араласып жатады.1-топ сол суреттердің арасынан өздерінің жолымен үй жануарларын бір тақтаға жапсырады.Ал екінші топ өз жолдарымен тақтаға жабайы аңдарды орналастырады.

Балалар тақтаға жабайы және үй жануарларын ажыратып тақтаға орналастырады.

Сергіту сәті Смешариктермен видеоролик арқылы өтеді.

3- видео «Аюдың тапсырмасы»

3-логикалық тапсырма «Қызықты карточкалар»

Шарты: Конверттің ішіндегі суретті алып сол байланысты өлең немесе әңіме құрастыру. (Шырша, қыс мезігілінің суреті, машина, лақ, )

Балалар аюдың да тапсырмасын орындайды. Конверттің ішіндегі суретке байланысты өлең немесе әңгіме құрайды.

- Міне, балалар қарандаршы сендердің көмектеріңнің арқасында Ежик білімділер еліне жетіпті.

- Біз бүгін кімге комектестік.?

- Смешарик Ежикке көмектестік.

- Смешарик Ежикке қандай аңдар кездесіп ,тапсырмалар берді?

- Қоян,қасқыр,аю.

- Ежик Білімділер еліне жетті ме?

- Ия,жетті.

Рефлексивті коррекциялаушы

Осы кезде есік қағылады, смешарик Ежик келеді.

- Балалар сендерге көп рахмет! Сендердің көмектеріңнің арқасында мен арманыма қол жеткіздім. Білімділер елінің патшасы ақылды, білімді достарыңа апарып бер деп сыйлықтар беріп жіберді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Кейіпкерлердің берілген тапсырмасын орындай біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Логикалық тапсырмалардыорындай отырып,

ойлау,есте сақтауды игерді.

Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Сұрақтарға толық жауап бере

алуды және өз ойларын толық жеткізе алуды меңгереді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности