link14145 link14146 link14147 link14148 link14149 link14150 link14151 link14152 link14153 link14154 link14155 link14156 link14157 link14158 link14159 link14160 link14161 link14162 link14163 link14164 link14165 link14166 link14167 link14168 link14169 link14170 link14171 link14172 link14173 link14174 link14175 link14176 link14177 link14178 link14179 link14180 link14181 link14182 link14183 link14184 link14185 link14186 link14187 link14188 link14189 link14190 link14191 link14192 link14193 link14194 link14195 link14196 link14197 link14198 link14199 link14200 link14201 link14202 link14203 link14204 link14205 link14206 link14207 link14208 link14209 link14210 link14211 link14212 link14213 link14214 link14215 link14216 link14217 link14218 link14219 link14220 link14221 link14222 link14223 link14224 link14225 link14226 link14227 link14228 link14229 link14230 link14231 link14232 link14233 link14234 link14235 link14236 link14237 link14238 link14239 link14240 link14241 link14242 link14243 link14244 link14245 link14246 link14247 link14248 link14249 link14250 link14251 link14252 link14253 link14254 link14255 link14256 link14257 link14258 link14259 link14260 link14261 link14262 link14263 link14264 link14265 link14266 link14267
Нуркалиева Райна Мендигалиевна
Должность:Бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казақстан
Регион:Атырау облысы Атырау қаласы
и,й әріптерінің жазылуы

Сабақтың тақырыбы: и, й әріптерінің жазылуы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың и мен й дыбыстары туралы білімдерін кеңейте отырып, олардың жазылу ретін ұғындыру. Оқушының сауаттылық деңгейін арттыра отырып, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін нығайту.Жақсы оқуға деген құштарлықтарын арттыра отырып, білімді сүюге тәрбиелеу. Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру

Көрнекілігі: дидак.материал

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!

II.Өткенді қайталау

-Дыбыс дегеніміз не?

-Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылыс айтады

Дыбысты естиді

-Дыбысты айтылуына қарай неше топқа бөлеміз?

Дыбыс

Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар

-Дауысты мен дауыссыз дыбыстардың бір-бірінен өзгешелігі қандай?

-Дауысты дыбыстар ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады, созылып айтылады. Дауыссыз дыбыстар өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады, қысылыңқы айтылады.

-Дыбысты таңбалау үшін алынған белгі қалай аталады?

-Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні әріп дейді.Әріп-дыбыстың жазбаша таңбасы. жазады

Әріпті көреді

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады.

III.Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту

Лағымның құлағы, мелтиіп тұрады,
Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады.
(ит)

-Жұмбақ жауабы қандай дыбыстан басаталады?

-И дыбысынан

-И қалай айтылады?

-Идыбысы созылып айтылады

-Демек, и қандай дыбыс?

-И-дауысты дыбыс

-Құрамынды и дыбысы бар сөздерді ата

-ит, инелік, тиін, киім,сиыр,би,ши

-Не байқадың? Қандай қорытынды жасайсың?

-И дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында да кездеседі.

И-дауысты дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады:

би

ки б, к, т, ш дауыссыз дыбыстарынан кейін келген и дауысты

ти дыбыс болады.

шие

Иса

ит и әрпі сөз басында келсе дауысты дыбыс болады

имек

ине

-Бұл дыбыстың сөз басында,
Болмайды көп керегі.
Йог пен йодтың расында,
Алдында тек келеді.
Соңында ол айдың да,
Соңында ол тайдың да.
Тұрады ол ортада
«Айбын» менен «Айдында».
- Балалар, сонымен
мен қандай дыбысты айтып тұрмын?

-й дыбысы
-
й қандай дыбыс?

-й –дауыссыз дыбыс

-Құрамында й дыбысы бар сөздерді айтып көр. Не аңғардың?

-Ай, тай, қой, шай,ой, құйын. Й дыбысы сөздің ортасында және соңында кездеседі.

Й әрпі дауыстыдан кейін жазылады

мойын

айран

ағай

1 тапсырма

Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып жаз

....т-адамның досы. Олар …есін қорға…ды. Балалармен о..на..ды. Мал бағады. Аң да аула…ды. ....тке ....есі-қамқоршы.

Көркем жазу

Имаш қойға шөп берді.

2 тапсырма

Қайсысы дұрыс? Қате әріпті белінен бір сыз

И И

Т ын Ж ек

Й Й

И И

Б ік С рек

Й Й

Дәлелде:................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3-тапсырма

Мәтін ішіндегі артық сөйлемді сыз. Құрамында и, й дыбыстары бар сөздердің астын сыз

Талғаттың үйінің алдында үлкен бақ бар. Онда алма, алмұрт, шие ағаштары өсіп тұр. Бақты Талғат өзі күтіп, баптайды. Қайыңның бір жапырағы түссе, таяу арада ауа райы бұзылады деген сөз.

Сергіту сәті

Біздер тату баламыз,

Әнге шырқап саламыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір,екі, үш, төрт-

Жоғары қолды созамыз.

Шығармашылық тапсырма

1.и мен й дыбыстары сөздің ортасында келетіндей сөздер ойлап жаз.

2.Олардың бірнешесінен сөйлем құра.

Мысалы: тиін, тыйым т.б

Тиін орманды жерлерді мекенді. Сабақтан себепсіз қалуға тыйым салынады.

4 тапсырма

Мұражай, сыйлық, сиыр, инелік сөздерін қатыстырып сөйлем құра

Ауылда үлкен мұражай бар. Аулада инелік ұшып жүр.

IV.Бекіту

-Құрамында и мен й дыбысы бар сөздерді тауып айт

-Сол сөздегі и, й-дің дауысты немесе дауыссыз екенін дәлелде

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности