Казахстан, Мангистауская область, г. Актау
ГУ «Общеобразовательная средняя школа №5 с гимназическими классами»
Учитель биологии и географии
Жалгасбаева А.С.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастырып, гидросфера туралы ғылыми түсінік қалыптастыру. Әртүрлі білім көздерімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру.
Көрнекіліктер:
жарты шарлар картасы, глобус, плакат, фламастер, үлестірмелі материалдар, интербелсенді тақта, стикер, “идеялар корзинасы”, трек-сызба, слайдтар.
Сабақ түрі: ашық сабақ
Әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, тірек-сызба, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану.
Жүрісі: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Сабақты пысықтау
5. Сабақты бағалау
6. Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Жерде неше географиялық қабық бар?
2. Жерде неше материк бар?
3. Қанша мұхит бар?
4. Архипелаг дегеніміз не?
5. Мұхиттың аралдар тобы қай жерде орналасқан?
Сыныпты 4 топқа бөле отырып, үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап (3 мин):
Әр топқа бір сұрақтан беріледі. Интербелсенді тақтада жер ғаламшары шыққан сұраққа жауап береді.
-Қазақстан Республикасы қай материкте орналасқан?
-Магмалық жыныстарды ата.
-Шөгінді жыныстарды ата.
-Тау жыныстары дегеніміз не?
Тапсырмалар:
1 топ — Кроссворд (Барометр)
2 топ — Географиялық диктант
3 топ — Сиқырлы сандық. Ия және жоқ.
4 топ — Синквейн “Жер қабығы”.
Топтар жұмыс жасағанша, «Топ басшылары» интер-белсенді тақтамен жұмыс жасайды.
Тақтаға шыққан сөздер сәйкестігін тауып, қаламмен сызу керек.
Жұмбақтар сайысы:
1. Қоя алмайсың байлап,
Табаны тым тайғақ.
2. Мөлдіреген жүзімді,
Қозғап едім үзілді.
3. Шашылды жерге ақ моншақ,
Жоғалды бірден тапқанша-ақ.
4. Қағазсыз-ақ, қаламсыз-ақ,
Сурет салар адамға ұқсап.
Сергіту сәті (2 мин):
Ғарыш кеңістігіне кімнің сапар шеккісі келеді?
- Олай болса ғарыш кемесіне мінейік.
- Барлығымызға сәт-сапар тілейік. Жерді ғарыштан тамашалағанға не жетсін.
Біздің ғаламшар басқа ғаламшардан әдемі.
- Жердің басым бөлігі қандай түспен берілген?
- Дұрыс, көк түспен. Жерге қайта оралатын уақыт келді.
Жаңа сабақ:
«Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпты,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсен ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рахат тауып басылады.»
- Бұл кімнің өлеңі?
(Ұлы тұлға Ыбырай Алтынсариннің өлеңі.)
- Өлең не туралы?
- Су — Жердің қандай қабығына жатады?
- Жалпы суретке қарап, өлеңге қарап қандай қабықты көретінімізді біліп
отырған сияқтымыз. Яғни, ғарыш кемесіне мініп, саяхатымызды
жалғастырайық.
Топқа бөлу шарты. Әр оқушыға кеменің суреті беріледі. Бірдей кемелері бар оқушылар топқа бірігуі керек. Жер бетіндегі бар тіршілік иесі үшін гидросфераның маңызы өте зор екендігін барлығымыз өте жақсы білеміз. Дегенмен де, оны түсіндіру оқушылардың міндеті болмақ.
Топтық жұмыс тапсырмалары:
«Тынық мұхит» – табиғаттағы су
«Атлант мұхиты» – су айналымы
«Үнді мұхиты» — судың маңызы, ластануы, қорғау
«Солтүстік мұзды мұхит» – Венн диаграммасы бойынша литосфера мен
гидросфера қабықтарын салыстыру
Кластер құру:
Әр топтан бір оқушы шығып, оқылып жатқан ақпарат бойынша проблеманы көрнекі сызбамен көрсету.
Постер қорғау (12 мин):
Әр топ өздеріне тиесілі берілген тапсырма бойынша өз ойларын, пікірлерін айтады, сурет салады.
Синквейн:
Әр топ су деген сөзге өлең (5 жол) құрайды.
Мысалы: тынық, мөлдір, гидросфера, ластанады, қатады, ағады, бұлақ көрсең көзін аш.
Бағалау.
Рефлексия: - Қандай әсер алдың?
- Қандай қорытынды шығарар едің?
Үйге тапсырма: “Гидросфера — су қабығы”, жұмыс дәптер толтыру,
“Су — тіршілік көзі” тақырыбына әңгіме жазып келу.