link8540 link8541 link8542 link8543 link8544 link8545 link8546 link8547 link8548 link8549 link8550 link8551 link8552 link8553 link8554 link8555 link8556 link8557 link8558 link8559 link8560 link8561 link8562 link8563 link8564 link8565 link8566 link8567 link8568 link8569 link8570 link8571 link8572 link8573 link8574 link8575 link8576 link8577 link8578 link8579 link8580 link8581 link8582 link8583 link8584 link8585 link8586 link8587 link8588 link8589 link8590 link8591 link8592 link8593 link8594 link8595 link8596 link8597 link8598 link8599 link8600 link8601 link8602 link8603 link8604 link8605 link8606 link8607 link8608 link8609 link8610 link8611 link8612 link8613 link8614 link8615 link8616 link8617 link8618 link8619 link8620 link8621 link8622 link8623 link8624 link8625 link8626 link8627 link8628 link8629 link8630 link8631 link8632 link8633 link8634 link8635 link8636 link8637 link8638 link8639 link8640 link8641 link8642 link8643 link8644 link8645 link8646 link8647 link8648 link8649 link8650 link8651 link8652 link8653 link8654 link8655 link8656 link8657 link8658 link8659 link8660 link8661
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Сабақтың қысқа мерзімді жоспары "Қазақстанның өзендері"

Абдулаева Жанна Аукеновна,
География пәнінің мұғалімі
"Достық орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
Достық кенті,Алакөл ауданы,Алматы облысы,Қазақстан Республикасы

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Қазақстанның өзен суының шығыны мен жылдық ағыны туралы білу және қоректенуі мен режимінің ерекшеліктерін түсіну,өзен суларының шаруашылықта қолданылуын білу

Оқу

нәтижелері

Барлық оқушылар

Қазақстанның өзендерінің түрлерімен танысады;

Жылдық ағыны мен режимі туралы түсінік қалыптасады;

Оқушылардың басым бөлігі

Өзен суларының шаруашылықта пайдалану жолдарын пысықтайды;

Кескін картаға өзендерді түсіруді меңгереді;

Кейбір оқушылар

Су шығыны, жылдық ағыны, қоректенуі, режимін толық меңгереді;

Қазақстан өзендерінің алаптарын ажырата алады;

Қоректенуі мен режиміне қарай сипаттай алады;

Сабақтың түрі, типі

Аралас сабақ, дәстүрлі сабақ

Дерек көздері

Оқу бағдарламасы. Оқулық 2008ж, Алматы «Атамұра»

Көрнекіліктер

Слайд, интерактивті тақта, Аktivstudio программасы, кескін карталар т.б

Ресурстар

АКТ, сын тұрғысынан ойлау,топтық жұмыс, жеке жұмыс,түртіп алу тратегиясы, «Кім мықты?» әдісі, «Жеделхат» тәсілі, Кеспе қағаздар, бағалау парағы, үлестірмелі материалдар, тапсырмалар,маркер, флипчарт,стикер т.б

Алдыңғы оқу

Қазақстанның ішкі сулары

Бағалау

Критериалды формативті бағалау, топтың өзара бағалауы

Жоспар: І.Ұйымдастыру. 5мин

1.Амандасады, түгендейді.

2. «Менің көңіл-күйім» тренингі

3.Топқа бөлу.

4. Көшбасшылыққа бөліну.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 5мин

1.Түртіп алу стратегиясы

ІІІ. Мен білдім сатысы. 10 мин

1. Кім мықты әдісі

ІV. Мен түсіндім сатысы. 10 мин

1.Постермен жұмыс

V. Мен үйрендім сатысы. 5мин

1.Интерактивті тақтамен жұмыс

VІ. Мен ризамын бағама. 5мин

  1. Топта өзін-өзі бағалау

VІІ. Үйге тапсырма. 2мин

VІІІ. Кері байланыс. 3мин

Жоспарланған уақыт 45 минут

Жоспарланған жаттығулар

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Басталуы 5 минут

1. Ерекше амандасу.

Оқушыларға амандасудың түрлері көп, сондықтан ерекше амандасып көрейік деп айтылады.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Менің көңіл- күйім тренингісі

Мақсаты: Оқушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту,бір-бірімен жақсы қарым -қатынас орнату. Оқушыларға алдарында жатқан бет-бейне арқылы өздерінің көңіл-күйлерін көрсетіңдер деп тапсырма беру.

3.Топқа бөлу.

Жасырылып тұрған стикерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.

4. Көшбасшылыққа бөлінеді

Партаның астында жасырылып тұрған затты қолмен сипап табу арқылы топтың басшысы болып саналады. Қалған көшбасшылықты өздері арасында бөліседі.

Назарларын сабаққа аударады.

Топтың ережелерін еске түсіру.

Топпен жұмыс кезінде сол ережені сақтайсыздар деп ескерілтеді.

Сабақтың тақырыбын ашу.

1. Біз өткен тақырыпта не өттік?

2. Неге біз Ертіс, Іле, Жайық,Сырдария деп бөліндік?

3. Бүгінгі өтетін тақырып қалай аталады деп ойлайсыңдар?

Сабақтың мақсатын оқушылар шығарады.

1.Оқушылар сәлем,привет, салам, сәлеметсіздер ме,саламатсыздар ма, амансыздар ма деген сияқты сөздермен ерекше амандасады.

  1. Оқушылар алдарында жатқан бет-бейне арқылы өздерінің көңіл-күйлерін көрсетеді.

3. 1 топ Ертіс, 2 топ Іле,3 топ Жайық 4 топ Сырдария болып бөлінеді

4.Партаның астында жасырылып тұрған затты қолмен сипап табу арқылы топтың басшысы тағайындалады.

  1. Қазақстанның ішкі сулары тақырыбын өттік.
  2. Бұл Қазақстанның өзендерінің атаулары
  3. Қазақстан өзендері.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, уәж беру.

Топқа бөлу

Сын тұрғысынан ойлау

Топқа бөліну 3 мин

Өткенді еске түсіру кезеңі 2 минут

Ортасы 25 минут

Үй тапсырмасын сұрау:

«Сенемін, сенбеймін» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға бір-бір кестеден таратып береді де ойынның шартымен таныстырады. Кестедегі тұжырымға сенетін болса, яғни тұжырым дұрыс болса «+» таңбасын, тұжырым қате болса «-» таңбасын қоюды ескертеді. Әр ұяшыққа сәйкес сұрақтар оқылады. Жауаптарды түзетуге болмайтындығын, түзету жасалса қате болып саналатынын ескертеді.

Тұжырымдар

«+» сенемін,

«-» сенбеймін

Қазақстанның жер бедері әртүрлі болғандықтан ішкі су да әртүрлі таралады.

Ішкі сулар 1 ғана түрге бөлінеді.

Бөгендер мен каналдар ішкі суға жатпайды.

Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз

Дала мен орманды дала зонасында өзендер мен көлдер көп

Суайрық дегеніміз өзен суы жиналған ойпаң.

Су құрлықтағы сұйық және қатты, газ түріндегі минерал.

Мен білдім сатысы «Кім мықты?» әдісі

Топқа мәнмәтін таратып, топ көшбасшысы бір оқушыны дайындап бүгінгі тапқырып бойынша интерактивті тақтадан демонстрациялау арқылы түсіндіреді.

«Мен түсіндім» сатысы

Постермен жұмыс (Топтарға ресурс беріледі)

1 топ:Өзен суының шығыны

2 топ:Өзен суының жылдық ағыны

3 топ:Өзендердің қоректенуі

4 топ:Өзен режимі

Критерий

Дескриптор

Ұпай

топтық талдауға қатысып орындауы

өз ойын айтады, идея қосады, дәлелдеп шығара алады

3

өз ойын айтады, дәлелдемелері әлсіз

2

өз ойын аз айтады, көшіріп отырады, толықтыруды қажет етеді

1

Әр ұяшыққа сәйкес сұрақтар қойылғанда, оқушылар тұжырыммен келісетін болса “ия” жауабын “+” таңбасымен, келіспейтін болса “жоқ” жауабын “-” таңбасымен белгілейді.

Барлық ұяшықтар белгіленіп болғаннан кейін дұрыс жауаптар кестесімен сәйкестендіріп өз-өздерін тексереді.

Дұрыс жауаптары

Тұжырымдар

«+» сенемін,

«-» сенбеймін

Қазақстанның жер бедері әртүрлі болғандықтан ішкі су да әртүрлі таралады.

Ішкі сулар 1 ғана түрге бөлінеді.

Бөгендер мен каналдар ішкі суға жатпайды.

Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз

Дала мен орманды дала зонасында өзендер мен көлдер көп

Суайрық дегеніміз өзен суы жиналған ойпаң.

Су құрлықтағы сұйық және қатты, газ түріндегі минерал.

Мәтіннен түсінгендерін топта талқылап, интерактивті тақтада демонстрациялайды. Мықтылар анықталады.

Берілген ресурспен топта талқылап, постерге түсіріп, қорғайды)

Алдарында жатқан бет-бейне арқылы бағалайды.

Түртіп алу әдісі

Жеке жұмыс

Кім мықты әдісі

Постермен жұмыс

Формативті бағалау

Аяқталуы

15 минут

7 минут

2 минут

6 минут

«Мен үйрендім» сатысы

Сабақты бекіту:

1.Су шығыны дегеніміз не?

2.Жылдық ағын дегеніміз не?

3.Өзеннің қоректенуі дегеніміз не?

4.Өзен режимі дегеніміз не?

  1. Қазақстанның физикалық картасынан өзендерді алаптарға бөліп көрсету.Номенклатураны жатқа айту

«Мен ризамын бағама» сатысы

Әр топта өз-өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма беру

§27. Қазақстанның өзендері тақырыбын оқу.

Кескін картаға өзендерді түсіру

«Жеделхат» тәсілі

Оқушыларға бір-біріне жеделхат жолдауды ұсынады. «Жеделхат» тәсілі туралы мағлұмат береді. Жеделхатта бүгінгі сабақ бойынша не үйренді, не білді соны қысқаша бір сөйлеммен сипаттап жазуды тапсырады.

Бекіту сұрақтарына жауап береді

Кескін картаға өзендерді салып үйрену.

Өзін-өзі бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Сенемін, сенбеймін

(1-2 ұпай)

Мен білдім

сатысы

(1-3ұпай)

Мен түсіндім сатысы бойынша

постермен жұмыс (1-3 ұпай

Мен үйрендім сатысы

Интерактивті тақтамен жұмыс

(1-4 ұпай)

Ұпайды бағаға айналдыру шкаласы: Барлығы:12ұпай

1-5 - "3"

6-9 - "4"

10-12- "5"

Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделікке жазып алады.

Оқушылар жеделхатқа бүгінгі сабақтан не білді, не үйренді, не қиындық туғызды сол туралы 1-2 сөйлем жазады. Жеделхаттарын басқа топтағы сыныптастарына жолдайды. Жеделхатты жолдаушы деп өз есімдерін мәтін соңында көрсетеді.

Оқушылар сыныптастарынан келген жеделхаттарды оқиды, мазмұны бойынша пікір білдіреді.

Жекелей жұмыс

Топта өзін-өзі критериалды, дискрипторлы бағалау

«Жеделхат» тәсілі

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности