link5760 link5761 link5762 link5763 link5764 link5765 link5766 link5767 link5768 link5769 link5770 link5771 link5772 link5773 link5774 link5775 link5776 link5777 link5778 link5779 link5780 link5781 link5782 link5783 link5784 link5785 link5786 link5787 link5788 link5789 link5790 link5791 link5792 link5793 link5794 link5795 link5796 link5797 link5798 link5799 link5800 link5801 link5802 link5803 link5804 link5805 link5806 link5807 link5808 link5809 link5810 link5811 link5812 link5813 link5814 link5815 link5816 link5817 link5818 link5819 link5820 link5821 link5822 link5823 link5824 link5825 link5826 link5827 link5828 link5829 link5830 link5831 link5832 link5833 link5834 link5835 link5836 link5837 link5838 link5839 link5840 link5841 link5842 link5843 link5844 link5845 link5846 link5847 link5848 link5849 link5850 link5851 link5852 link5853 link5854 link5855 link5856 link5857 link5858 link5859 link5860 link5861 link5862 link5863 link5864 link5865 link5866 link5867 link5868 link5869 link5870 link5871 link5872 link5873 link5874 link5875 link5876 link5877 link5878 link5879 link5880 link5881 link5882 link5883 link5884 link5885 link5886 link5887 link5888 link5889 link5890 link5891 link5892 link5893 link5894 link5895 link5896 link5897 link5898 link5899 link5900 link5901 link5902 link5903
Абдулаева Жадра Маутхановна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Сыныптан тыс іс-шара "Наурыз-Думан!"

Тақырыбы: «Наурыз-думан»

Мақсаты: наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, Қазақ халқының салт- дәстүрін оқушылардың бойларына дарыту арқылы адамгершілікке ,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Өтілу барысы: Көңілді әуен ойнайды.

Көрініс:

Залға бірін-бірі итеріп, қалжыңдасып Қожанасыр мен Алдар көсе шығады.
Қожанасыр: Ассалаумағалейкум, халайық! Алдар көсені көрмедіңдер ме? Мені алдап кетті. Қайда жүр екен, ә? Қазір кездессін бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.
Алдар көсе: Ей, Қожеке не болды, сонша айқайлап. Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.
Қожанасыр: Әкел шапанымды, Бер деймін шапанымды.
Жүргізуші: Қойыңыздар ағалар не болды сіздерге! Бүгін мейрам, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні адамдар ренжіспейді. Ренжіскен адамдар төс қағысып татуласады.
Алдар: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық, ренжімеңіз.
Қожанасыр:Татулассақ татуласайық. Тойға құтты болсын айтайық.
Арайы бар даланың,
Амансың ба, жаңа күн.
Сәлем, халқым, тірегім
Сендермен бірге жүрегім,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!

Алдар: Сәлем Наурыз күніміз
Мейман парқын біліңіз
Қыруар істі бастаймыз,
Қуанышты үніміз!
Қайтқан емес толайым,
Алдарыңа кеп тұрмын,
Айналайын, ағайын.
Жүргізуші: Ендеше әнші аталар
Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Жүргізушілер:

1-жүргізуші:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі — Наурыз.

2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз құтты болсын! ( бірге) Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады) Музыка қосылады.

Би: «Қазағым менің!» ұлдар, қыздар

Қызыр ата келеді, сөзі: Аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан жұртым, Амансыздар ма! 22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін! Бата:

Көк Тәңірі нұрыңды аяма,

Жер тәңірі ырысыңды аяма!

Әділ жанды тағынан тайдырма,

Әз халықты бағынан айырма.

Басыма бас қос,

Жасыма жас қос,

Асыма ас қос!

2 -жүргізуші

Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. "Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді.

Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз — жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.

Наурызмейрамы — дінимерекеемес. Бұлқалыңқыстанаман-есеншығып, күннұрынабөленіп, жаңажылдықарсыалумерекесі. Наурызмерекесіндекөріскенжандарбір-бірінқұшақжаяқарсыалып, игітілектерайтады.

1926 жылданбастап, тоталитарлықжүйеніңықпалыменнаурызмерекесінтойлауғатыйымсалынды. Көпжылдарбойыұмытылып, сынынжоғалтқанмереке 1988 жылданберіқайтажаңғырып, Наурызмейрамынтойлаудәстүріөзжалғасынтапты.

Наурызмерекесі 1991 жылы, 15 наурыздаҚазақСРПрезидентініңқаулысыныңнегізінде мемлекеттікмәртебеге иеболды. Елбасынаурызайының 22 жұлдызын "Наурызмейрамы" депжариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурызайының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді.

І кезең

1-жүргізуші

Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек. Ол үшін алдарыңыздағы конверті ашып сұрақтарға жауап берейік.

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

1.Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

2.Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.

1( жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

2. «Сүйінші» деген не? (Қуанышты хабар жеткізу)


1. «Шашу» дегеніміз не? (Қуаныш айғағы ретінде жасалатын дәстүр. Үйлену тойында, құда келгенде, қоныс тойында, т. б.)
2. Бес қаруды ата? (Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)

Дұрыс жауаптары слайдта көрсетіліп тұрады.

2-жүргізуші

Қазақ халқының ғасырлар бойы күткен тәуелсіздігімен ілесе, оның төл өнері — айтыс та жаңғырып, жаңа сипатта халық өміріне енді. Бүгін сіздердің назарларыңызға айтыс тарихы туралы бірер деректерді келтіре кеткенді жөн көрдік.

Айтыс тарихы көнеде бермен қарай ұлтпен бірге жасасып келе жатыр. Оған мысал елдің ескі әдет-ғұрпына жататын тұрмыс-салт жырларындағы «Жұмбақ», «Қыз бен жігіт», мен «Бәдік», «Қайым» айтыстары. Ал қазір айтыскер ақындарымыздың өнерін тамашалайық.

5 «А», 5 «Ә» сыныптары — «Қыз бен жігіт» айтысы

6 «А» сыныбы — «Қайым» айтыс

6 «Ә» сыныбы — «Жұмбақ» айтыс

1-жүргізуші

Қазір бәріміз экранға назар аударайық

( ұлттық тағамдар туралы видео көрсетіледі)

Алдар көсе мен Тасша бала кіріп келеді, халықты алдап дастархандарындағы тағамдарын дорбасына жинайды.

2-жүргізуші

(Ұлттық ойындар тарихына тоқталады.)

Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.
Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал қазір кезекті ойынға берейік.

Ойын шарттарымен таныстырылады.

Сыныптар арасында «Аударыспақ», «Қыз қуу» ойнатылады

Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.

Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлыған, сынаптай сырғыған ептілікті, шабандоздық шеберлікті таныты білулері керек.

Ән: Гүлбарам Уатхановна

Би: «Қара жорға» + Жүргізушілер аяқтайды

Қызыр ата: Ал балапандарым. Жарайсыңдар, «Атаның сөзі –ақылдың көзі» дегендей ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы.Көсегелерің көгерсін, ырысымыз көп болсын деп Наурыз тойына бата берейін.
(Бата беріледі)
Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын.
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!

1-жүрг:Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз Аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық!
Жасай берсін жаңа күн!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности