link13968 link13969 link13970 link13971 link13972 link13973 link13974 link13975 link13976 link13977 link13978 link13979 link13980 link13981 link13982 link13983 link13984 link13985 link13986 link13987 link13988 link13989 link13990 link13991 link13992 link13993 link13994 link13995 link13996 link13997 link13998 link13999 link14000 link14001 link14002 link14003 link14004 link14005 link14006 link14007 link14008 link14009 link14010 link14011 link14012 link14013 link14014 link14015 link14016 link14017 link14018 link14019 link14020 link14021 link14022 link14023 link14024 link14025 link14026 link14027 link14028 link14029 link14030 link14031 link14032 link14033 link14034 link14035 link14036 link14037 link14038 link14039 link14040 link14041 link14042 link14043 link14044 link14045 link14046 link14047 link14048 link14049 link14050 link14051 link14052 link14053 link14054 link14055 link14056 link14057 link14058 link14059 link14060 link14061 link14062 link14063 link14064 link14065 link14066 link14067 link14068 link14069 link14070 link14071 link14072 link14073 link14074 link14075 link14076 link14077 link14078 link14079 link14080 link14081 link14082 link14083 link14084 link14085 link14086 link14087 link14088 link14089 link14090 link14091 link14092 link14093 link14094 link14095 link14096 link14097 link14098 link14099 link14100 link14101 link14102 link14103 link14104 link14105 link14106 link14107 link14108 link14109 link14110 link14111
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
«Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге, жайылым мен шалғынды жақсартуға арналған машиналар мен құралдар » тарауын қорытындылау сабағы

Казахстан, Кызылординская область, г.Аральск

Аральский многопрофильный колледж

Преподователь спецпредметов
Шолпан Жибекалиевна Балманова


Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

«Топырақты негізгі және тұқым себер алдында өңдеуге,

жайылым мен шалғынды

жақсартуға арналған машиналар мен құралдар »

тарауын қорытындылау сабағы.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту: оқушылардың, яғни болашақ маманның жан-жақты дамуын, оның ой, іс-әрекетінде жүйелілік сипаттамаларының болуын қамтамасыз ету, тарауды қорытындылап, бекіту.

Дамыту: Ой-өрісін, кәсіби білімін, жұмысқа ынтасын, қабілетін.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сабырлылыққа, еңбексүйгіштікке баулу. Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Ойын, сайыс, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Тракторлар мен автомобильдер (Ікурс), агрономия негіздері (Ікурс), қазақ тілі мен әдебиеті (Ікурс).

Сабақтың көрнекілігі: Ауыл шаруашылығы машиналарының макеттері, сызба плакаттар, буклеттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгелдеу, оқу-құралдарын тексеру. Сабақтың түрі мен мақсатын хабарлау.

ІІ.Тарауды бекіту бөлімі. Сабақты бастамас бұрын топ оқушылары осы тарау бойынша өтілген алты ауыл шаруашыгығы машинасына сәйкес алты топқа бөлінеді.Олар мыналар: әр топтың аты, ұраны, таңбасы болады. Бірінші топтың аты «Соқа», ұраны: «Қиясына шығып ойдың, алға таудай талап қойдым». Екінші топтың аты «Сыдыра жыртқыш», ұраны: «Өнеріммен өрге жүзем, еңбегіммен өмір сүрем».Үшінші топтың аты «Тырма», ұраны: «Еңбектенем ер атанып, алға басам әлем танып».Төртінші топтың аты «Нығыздауыш», ұраны: «Біз жалынды жастармыз, білімге жол бастаймыз». Бесінші топтың аты «Өңдеуіш», ұраны: «Еңбек етсем еселі. Оңға ісім өседі».Алтыншы топтың аты «Тегістеуіш». Ұраны: «Ізденістен ілгері іске». Бұл жарыс тапсырмаларына топтағы барлық оқушы қатысуға тиіс.Сондықтан әр топ өз мүшелерінің тапсырмаларының орындалуына көмектесуі керек.Ол кезде сұраққа жауап берген топтарға бір ұпай қосылып отырады.Жарыс сабағының жалпы ұраны «Біліміңе, білім қос».

Сабақ өлеңмен басталады.Сонда әрбір машинаның атқаратын қызметі аталып өтіледі.

Топырақты жыртуға,

Алғаш «Соқа» келіпті.

Кесектерін бұзуға,

Артынша оның аптығып,

«Сыдыра жыртқыш» жетіпті.

Кесектерін мейлінше,

Ұсақтауға арналған,

«Тырмалардың» көп тісі,

Топыраққа дөп түсті.

Ылғал керек жетерлік,

Тұқым өніп көктеуге,

Буы ұшып жер асты,

Көкке дейін кетпеуге,

Топырақты таптайтын,

«Нығыздауыш» бар дайын.

Дән себердің алдында,

«Өңдеуіштер» қолайлы,

Топырақты майдалап,

Ұсақтауға оңтайлы.

Егін егер алаңды,

Жоспарлауға арналған,

Ойпаң-қырат жерлерді,

Машина бар арнайы,

Тегістеуге арналған.

Бірі қалмай жолынан,

Тұқым себер алдында,

Топырақты өңдеуге,

Жайылымды жөндеуге,

Трактордың соңынан,

Жегілетін жарамды,

Машиналар осылар.

Ал, кәнекей қырандар,

Тракторға қоныңдар.!

-деп, оқушылардың оқуға, жұмысқа деген ынта ықыластарын оятамыз. Әр топқа төрт-бес оқушыдан келеді. Жарыс сабағы бес тапсырмадан тұрады. Сонда жарыс шарты бойынша бірде-бір оқушы қалыс қалмауы тиіс. Сондықтан әр топ өз мүшелерінің тапсырмаларының орындагуына көмектесуі керек.

Машиналарға байланысты викториналық сұрақтар. 1.«Бәйге». 2.Машиналардың құрылысы. 3.Мақал-мәтелдер.(Егіншілік). 4.Жұмбақтар. 5.Үй тапсырмасы. Машиналар айтысы:(машинагардың артықшылығы мен кемшілігі). 6.Қорытынды.

Викториналық сұрақтар:»Бәйге».

Атқарылатын жұмысына қарай соқалар қалай жіктелінеді?

Жауабы:Жалпы және арнаулы жұмыс соқалары.

Корпус санына қарай соқалар қалай аталынады?

Жауабы:Бір, екі, үш, төрт, бес, алты,сегіз және тоғыз корпусты болып аталынады.

Тракторға тіркелуіне қарай соқалар қалай бөлінеді?

Жауабы:Тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы.

Жалпы жұмысқа арналған соқалар топырақты қанша сантиметр тереңдікке дейін жыртады?

Жауабы:27 см.

Соқа териясының негізін салушы кім?

Жауабы: Орыс ғалымы, академик В. П. Горячкин.

Сыдыра жыртқыштар топырақ түйіршігінің диаметрін қанша милиметрге дейін ұсақтайды?

Жауабы: 50 милиметр.

Сыдыра жыртқыштар қалай жіктеледі?

Жауабы: Дискілі және түренді.

Сыдыра жыртқыштар маркаларын ата?

Жауабы: ЛДГ-5, ЛДГ-10, ППЛ-10-25.

Сыдыра жыртқыштар арам шөптер мен өсімдік қалдықтарын қанша пайызға дейін кесе алады?

Жауабы: 100 пайызға дейін.

Тырмалар жұмыс органдарының құрылысына қарай қалай аталынады?

Жауабы: Тісті, серіппелі және дискілі.

Тырмаларды салмағына қарай неше топқа бөлуге болады?

Жауабы:Ауар, орта және жеңіл салмақты болып бөлінеді.

Тырма жердің бетін қанша сантиметр тереңдікке дейін қопсытады?

Жауабы: 3-4 см.

Нығыздауыштардың қандай түрлері бар?

Жауабы: Тегіс тісті, шығыршық тәрізді, тұтас және іші қуыс нығыздауыштар.

Қуыс нығыздауыштардың ішіне не толтырылады?

Жауабы: Су немесе құм.

Нығыздауышқа ұқсас геометриялық фигура?

Жауабы:Цилиндр.

Өңдеуіштер топырақ түйіршіктерінің диаметрін қанша милиметрге дейін ұсақтайды?

Жауабы: 3 милиметр.

Тегістеуіштің маркасы қандай?

Жауабы:ПА-3, МВ-6,0 тегістеуіштері.

Соқаны жырту тереңдігіне қарай қалай реттейді?

Жауабы:Тірек дөңгелегімен.

Түреннің пішіні қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Жауабы:Трапеция.

Тіркеуіштер қандай тракторларға агрегатталады?

Жауабы:ДТ-75М, Т-4А.

Өңдеуіштерді белгіленген тереңдікке қарай қалай реттейді?

Жауабы:Тереңдікті реттейтін механизм винтімен.

Тырманың өңдеу тереңдігін қалай реттейді?

Жауабы:Батареяның шабуыл бұрышын өзгерту арқылы реттейді.

Сыдыра жыртқыштың жырту тереңдігі қызметін атқарушы органы не?

Жауабы:Тіреуіш, доңғалақ.

ІІ.Жарыстың екінші турында машиналар құрылысымен танысамыз.

Соқаның негізгі жұмыс органдары:1-дискілі пышақ,2- шым аударғыш,3- түрен, қайырма, жақтау (атыз тақтасы),5- корпус.

Сыдыра жыртқыштың құрылысы:1-рама,2- екі оң жақ секциялары,3-екі сол жақ секциялары,4-брустар,5-доңғалақтар,6-гидробасқару механизмі,7- тегістегіштер,8- реттелетін төмендеткіштер.

Тырманың құрылысы:1-рамаға байласқан металл брус түріндегі сүйретпе,2-тісті брус,3- көлбеулікті реттеу пышағы.

Нығыздауыштың құрылысы:1-бір алдыңғы, екі артқы буыннан, 2-рамадан,3- он үш дискіден,4-осьтен,5- тіркемеден,6-жүгі бар жәшіктен.

Өңдеуіштің құрылысы:1-рамадан,2-тіркеу тетегі,3- доңғалақ,4- жұмыс органдарының тереңдігін реттейтін механизм.

Тегістеуіштің құрылысы:1-тартқыш арқалық, 2-ортаңғы секция, 4-тіреуіш доңғалақ, 5-гидроцилиндр, 6-гидрожүйе.

ІІІ.Жарыстың үшінші турында «Топырағын таппаған дән өнбейді» демекші егіншілік турасындағы мақал-мәтелдерге кезек береміз.

1.Жердің сәні егін, ердің сәні білім.

2.Көктемгі әрекет, күзгі берекет.

3.Жері байдың, елі бай.

4.Жер құтты болса, мал сүтті болады.

5.Мал баққандікі, жер жыртқандікі.

6.Жер тойынбай, ел тойынбайды.

ІV.Жұмбақ жасыру ойыны.

1.Жабайы аңдай емес ол,

Пайдасы бар адамға.

Көктем келсе далаға,

Дайын тұрар әманда.

(Сыдыра жыртқыш)

2.Жердің бетін жасырып,

Бар қулығын асырып.

Су орнына неге ол,

Құм ішеді тасынып.

(Нығыздауыш)

3.Ойдым-ойдым жерлерді,

Басып кетіп барады.

Қырда қырат жерлерді,

Жазық етіп барады.

(Тегістеуіш)

4.Жердің беті жұп-жұмсақ,

Өте майда топырақ.

Қандай мықты екен ол,

Ойланайық жақсырақ.

(Өңдеуіш)

5.Қара жерді қопарған,

Трактордан от алған.

Темірлерден түйілген.

Болаттардан иілген.

(Соқа)

6.Соқадан соң жүретін,

Бар бейнетті көретін.

Қандай мықты ол тағы,

Тракторға жегетін.

( Тырма).

V.Үй тапсырмасы. Үйден дайындап келген машиналар айтысы:(мұнда машиналардың артықшылықтары мен кемшіліктері айтылады).

1-кезек. Соқа мен сыдыра жыртқыш айтысы:

Соқа.

Менен сәл-ақ жеңілсің,

Көлемің үлкен болса да.

Отасаң да арам шөп,

Қаулап шығар артыңша.

Сыдыра жыртқыш.

Металдың құр сорысың,

Салмағың бар артықша,

Өткеніңмен жыртып жер,

Кесек қалар артыңша.

2-кезек.Тырма мен өңдеуіштің айтысы:

Тырма.

Мен жүрмесем алдыңда,

Бөлшегің қалар мұқалып.

Жарамайсың жұмысқа,

Топыраққа қақалып.

Өңдеуіш.

Қалдырасың артыңа,

Қыруар іс қаншама.

Жүрмесем мен ізіңнен,

Өнбейді дән мұншама.

3-кезек.Нығыздауыш пен тегістеуіштің айтысы:

Нығыздауыш.

Тассада күшің бойыңда,

Мықтылар бар соңыңда.

Жылдам жүрмей шабандап,

Қаласың құмның қомында.

Тегістеуіш.

Жыртқан жерді еңбекпен,

Таптаудан еш тынбайсың.

Қайта жүр деп соңымнан,

Тырмадан көмек сұрайсың.

V1.Қорытынды.

Арал көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы Шолпан Жібекәліқызы Балманова.

Скачать

Скачать файл: ashy-saba-dstrl-emes-saba-2003.doc
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности