link3744 link3745 link3746 link3747 link3748 link3749 link3750 link3751 link3752 link3753 link3754 link3755 link3756 link3757 link3758 link3759 link3760 link3761 link3762 link3763 link3764 link3765 link3766 link3767 link3768 link3769 link3770 link3771 link3772 link3773 link3774 link3775 link3776 link3777 link3778 link3779 link3780 link3781 link3782 link3783 link3784 link3785 link3786 link3787 link3788 link3789 link3790 link3791 link3792 link3793 link3794 link3795 link3796 link3797 link3798 link3799 link3800 link3801 link3802 link3803 link3804 link3805 link3806 link3807 link3808 link3809 link3810 link3811 link3812 link3813 link3814 link3815 link3816 link3817 link3818 link3819 link3820 link3821 link3822 link3823 link3824 link3825 link3826 link3827 link3828 link3829 link3830 link3831 link3832 link3833 link3834 link3835 link3836 link3837 link3838 link3839 link3840 link3841 link3842 link3843 link3844 link3845 link3846 link3847 link3848 link3849 link3850 link3851 link3852 link3853 link3854 link3855 link3856 link3857 link3858 link3859 link3860 link3861 link3862 link3863 link3864 link3865 link3866 link3867 link3868 link3869 link3870 link3871 link3872 link3873 link3874 link3875 link3876 link3877 link3878 link3879 link3880 link3881 link3882 link3883 link3884 link3885 link3886 link3887
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Урок казахского языка в 10 классе. Тема: "Мамандықтар әлемі".

Ботанова Гулжан Онгаровна,

учитель казахского языка и литературы

Мартукской средней школы №3, Актюбинской области,

Мартукского района, села Мартук, Казахстан

Сабақтың тақырыбы: «Мамандық әлемі»

Мақсаты:

Білімділік:

Оқушылар мамандық туралы ақпарат алады, қыр-сырымен танысады және болашақта өз таңдауын жасайды.

Дамытушылық:

Өмір туралы, мамандық туралы көзқарасы өзгереді. Бірлесе жұмыс істей отырып, өз ойын ашық айтуға тырысады, алдарына мақсат қоя алады.

Тәрбиелік:

Келешекте өз ісінің нағыз маманы атанады.

Күтілетін нәтиже:

Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындап,топта белсенді жұмыс істей алады, бір-біріне көмектеседі. Өзін еркін ұстап, тапсырмаларды тиянақты орындайды.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, интерактивті тақта, үлестірмелі құралдар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру сәті

Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын,

Сәрсенбінің әр кезі,

Сәттілікке толсын!

Гүл ұстап бір-біріне тілек айтады.

Класс екі топқа бөлінеді.

Сабақтың ұраны айтылады.

«Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.»

Н.Ә.Назарбаев

Шығыс мысалы оқылып, оқушылардың сабаққа ынтасы аудартылады.

Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау» «Бұл кім?» тренингі. Мамандықтар туралы слайдтар көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбы айтылады.

Топпен жұмыс істеу ережесі таныстырылады.

«Миға шабуыл»: Мамандық дегеніміз не? Әр топ кластер құрастырып, қорғайды. Мұғалім «Мамандық» сөзіне анықтама беріп, толықтырады:

Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті

талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Түйін: Тек қана еңбек адамды адам қылады.

Тренинг өткізіледі.

Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.

Ең жасыл мамандық (эколог, географ, бақташы)

Ең тәтті мамандық (аспаз, кондитер)

Ең ақшалы мамандық (банк қызметкері,экономист)

Ең күлкілі мамандық (клоун)

Ең жауапты мамандық (сот, бухгалтер)

Ең салмақты мамандық (мұғалім, заңгер)

Ең қарым­қатынасы күшті мамандық (бизнесмен)

Жаңа тақырыпқа кіріспе: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандық бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн.

Адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %­ і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы кәсіби қызметіне жан ­ жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі және келесі сабақтарда мәлімет ала отырып,ойымызды ортаға саламыз деген сенімдемін.

Мағынаны ашу.

Жаңа сөздермен жұмыс:

бейімділік-способность тұрақты-стабильный,постоянный,устойчивый

сұраныс-спрос

қалауына сүйену-поступать по желанию

зейінді-внимательный

үлес қосу-внести вклад

кәсіби біліктілік-профессионализм

Мәтінмен жұмыс. «Сиқырлы сұрақтар» әдісі.

1.Сұранысқа ие мамандықтарға қандай мамандықтар жатады?

2.Қазіргі таңда қажетті мамандықтарға қандай мамандықтар жатады?

3.Қазіргі қоғам маман иелерінен нені талап етеді?

4.Дұрыс таңдалмаған мамандықтың қоғамға қандай әсері бар?

5.Әлемде қанша мамандықтың түрі бар?

6.Мәтін не туралы?

7.Мамандық таңдау қиын ба?

«Тоғысқан пікірталас» әдісі бойынша екі топ өз дәлелдемелерін айтып, бір-бірімен келіседі не келіспейді.

Сөйлемдер

+

-

1

Мамандық таңдаудың еш қиындығы жоқ.

2

Жақсы маман болу үшін мамандығына деген сүйіспеншілік керек.

3

Өз мамандығын ұнатпайтын жұмыскерлер бар.

4

Өзім ұнатпайтын мамандыққа бармаймын.

5

Маған ата-анам қай мамандыққа бар десе, сол мамандықты таңдаймын

6

Тек ақшаның күшімен оқып шығуға болады.

Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді? Өз ойларын ортаға салады.

­ ата ­ ананың ақылы

­ достарыңның ақылы

­ қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі

­ дарының, мүмкіндігің, қабілетің ­

жақын аймақтағы оқу орнының болуы ­

жалақысының көп болуы

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

Егер мен оқуға түссем, ..... мамандығын аламын.

Менің .... мамандығын алғым келеді.

Егер жоғары төленетін мамандық алсам, … ашамын.

Менің … болғым келеді.

Егер көп жалақы алатын болсам, .... сатып аламын.

Болашақта менің … маманы болғым келеді.

Бала кезімнен .... мамандығын ұнатқандықтан, …

Мен .... болғым келеді,себебі …

Орыс академигі,тәжірибелі әдіскер психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше салалары бар:

адам-техника, адам-адам, адам-белгі жүйесі, адам-табиғат, адам-көркем образ.

Адам -техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, лектромонтерлер, слесар жатады. Адам-адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады. Адам-белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой ­ өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық. Адам-табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат прогрестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам-көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

Таңдаған пәндері бойынша қандай мамандық алуға болатыны туралы мәлімет беріледі.

« Жағдаят шешу». 1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата­анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің? 2. Ата­анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен атаанаңның шешіміне қарсы боласың ба?

Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі қолданылады.

Үйге тапсырма: «Менің таңдаған мамандығым» тақырыбына эссе жазу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности