link2312 link2313 link2314 link2315 link2316 link2317 link2318 link2319 link2320 link2321 link2322 link2323 link2324 link2325 link2326 link2327 link2328 link2329 link2330 link2331 link2332 link2333 link2334 link2335 link2336 link2337 link2338 link2339 link2340 link2341 link2342 link2343 link2344 link2345 link2346 link2347 link2348 link2349 link2350 link2351 link2352 link2353 link2354 link2355 link2356 link2357 link2358 link2359 link2360 link2361 link2362 link2363 link2364 link2365 link2366 link2367 link2368 link2369 link2370 link2371 link2372 link2373 link2374 link2375 link2376 link2377 link2378 link2379 link2380 link2381 link2382 link2383 link2384 link2385 link2386 link2387 link2388 link2389 link2390 link2391 link2392 link2393 link2394 link2395 link2396 link2397 link2398 link2399 link2400 link2401 link2402 link2403 link2404 link2405 link2406 link2407 link2408 link2409 link2410 link2411 link2412 link2413 link2414 link2415 link2416 link2417 link2418 link2419 link2420 link2421 link2422 link2423 link2424 link2425 link2426 link2427 link2428 link2429 link2430 link2431 link2432 link2433 link2434 link2435 link2436 link2437 link2438 link2439 link2440 link2441 link2442 link2443 link2444 link2445 link2446 link2447
Алия Сериккажыевна
Должность:учитель математики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан. ВКО. г. Семей
Муздубаева Д. К. "Жер" ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу

Мұздыбаева Даметкен Кеенжебековна

«Бақыршық орта мектебі» КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

купить freepik.

Сабақ мақсаты: «Жер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері: - жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастарын дамыту;

-жерді қадірлеуге тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы: 5т.(тәртіп ,талап, тыныштық ,тазалық , татулық)

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жанжағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

үнтаспа

2.Үй тапсырмасын тексеру: Көктем иісі. 133-134бет, дәптер-28 сабақ. -Бала көктем иісін қалай сезінді? -« Көктемнің иісі»деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер? -Жермен сырласа білесің бе? -Неліктен адамдар жерді анаға теңейді? -Жермен жүріп келе жатқанда қандай сезімде боласыңдар?

оқулық

3.Дәйексөз. Баптағанға — жер жомарт. (Халық даналығы)

Дәйексөзді оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі . Бәріміз қосылып айту, 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

4.Әңгiмелеу (сұхбат). Бейнекөріністер көрсету. -Табиғат сендерге несімен ұнайды? –Бұл жерді неліктен ғажап жер деп атаймыз? - Ал сендер Қазақстанның осындай көрікті жерлерін сақтауға қандай үлес қосар едіңдер?

бейнетаспа

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс: 1-топ. «Жердің қасиеті», 2-топ «Жерге қамқорлық» туралы жазып топтастыру жасайды, тақтаға іліп, жариялайды.

постер

6.Топпен ән айту. «Туған ел» Сөзі: Ә.Сәрсенбаев. Әні: Л.Хамидм.

Сүйікті туған ел, Сүйікті туған ел, Сүйікті туған ел,

Шарықтап өсе бер! Көк майса көркем ел, Бауырында айдын көл.

Ардақты ата-ана Көңілді көтере Жаһанда сендей бір,

Азаттық күресте Қойнынан жұпардай Маұтауға тұарлық,

Шынығып, өскен ел. Аңқылдай ескен жел, Сүйкімді бар ма жер?

Гүлденіп, көркейіп, Гүлденіп, көркейіп, Гүлденіп, көркейіп,

Өсе бер, өсе бер! Өсе бер, өсе бер! Өсе бер, өсе бер!

үнтаспа

7.Үй тапсырмасы: «Таза бұлақ» 139-140 бет, дәптер-29сабақ

Оқулық

8.Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде)

Балалар, денелеріңді түзу үстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауа-ның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности