Канадчина Гульзинат Алжанқызы,
Орындаған тәрбиеші
«Қостанай аудан әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмiнiң «Гүлдер» балабақшасы» ҚМКМ
Затобол кенті, Қостанай ауданы, Қостанай облысы, Қазақстан
Мазмұны
Кіріспе
Білім беру жүйесінің дүниежүзілік білім беру аясына кіруі оның сапасына тәуелді. Мектепке дейінгі білімнің сапасы тәрбие мен білімнің жағдайы мен қорытындысы арқылы анықталады. Мектепке дейінгі білім берудің негізгі табыс стратегиясы білім, білік, дағды жүйесі болып табылмайды, ол біліктілігінің даму деңгейі болып табылады. Мектепке дейінгі баланың негізгі біліктілігі, бала дамуының қорытындысы ретінде, баланың жеке ерекшеліктері қаралады, тапсырманың қолайлы шешімін таба білу біліктілігімен өлшенеді.
Қазақстан Республикасында отандық педагогтардың технологиялыры, мектепке дейінгі оқытуда кеңінен қолданылады, сонымен қатар Ж.А. Караева және Ж.У. Кобдикованың «Оқытудың үшөлшемді әдістемесі жүйесі» (Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы) кең қолданысқа ие.
Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясын мектепке дейінгі ұйымдарға практика ретінде енгізу, оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі, білім беру әдістемесімен сүйемелденуі мүмкін. Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесінің негізгі компоненті болып, оқу материалының көпдеңгейлі мазмұны болып табылады. Бұл балаларға өз бетінше әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Осылайша зерттеу барысында мектепке дейінгі ұйымдарда «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын енгізу, ішкі дифференцияны ескере отырып өзбетінше дамыйтын, дұрыс шешім қабылдайтын, яғни өзін-өзі өмір бойы қамтамасыз ететін субъект тәрбеиелентінін теориялық және практикалық тұрғыдан дәлелденді.
Берілген әдістемелік құрал өзекті болып отыр, өйткені мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге дифференциалды қарауды жүзеге асыру, баланың мектепте жақсы оқуының мүмкіндігі болып отыр.
Баланың танымдық дамуы — өте кұрделі процесс. Оның өзінің зандылықтары, бағыты және ерекшеліктері болады.
Практика көрсетіп отырғандай соңғы жылдары мектепке дейінгі балалардың, мектепке барғысы келмейтін жағдайлары көбейіп кетті. Бұл жағдай балалардың оқуға деген мотивациясының күрт төмендеуінен болып отыр. Осыған орай мектепке дейінгі балалардың білім беру мазмұнына, ізденіс, танымдық әрекетін қосу өзекті болып отыр. Біздің өзекті мәселеміз балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар, математикалық білімді меңгеруде қиындықтармен кездеседі. Оның себептері көп. Оның бірі және негізгісі баланың математикаға деген қызығушылығының тез жоғалып, тез жалығуында болуы мүмкін. Біз мынандай шешімге келіп отырмыз: қызығушылық неге жоғалады, өйткені, барлық балалар оқу материалын бірдей меңгермейді: біреулері тез және оңай түсініп, тапсырманы орындаса, ал басқа біреуіне педагогтың көмегі керек, баланың ойлануына уақыт пен педагогтың ойсалымы қажет, ал үшіншілері тапсырманы орындауда мүлде қиыналады. Осының бәрі дифференциацияға жүгінуге әкеліп соқты. Бұл технология тек қана жағдайатты шешіп қана қоймайды, сонымен қатар үлгермеушілікті және шамадан тыс шаршаудын да алдын алар еді. Профессор Караева Ж.А ОҮӘЖ В.П., Беспальконың негізгі педагогикалық технологияларының критерилері мен талаптарынан сүйеніп зерттеді.
Әдістемелік құралдың мақсаты - өздігімен дамитын, өзін-өзі билей алатын, өз бетінше қандай да болмасын жағдайға шешімін таба алатын ТҰЛҒАНЫ қалыптастыру.
- әр баланы мүмкіндігі мен қабілеті бойынша оқыту.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттірді орындау қажет:
Бұл әдістемелік құрал ересек мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасайтын, өнерпаз тәрбиешілерге арналған. Бұл әдістемелікте негізінен мектепке дейінгі педагогикаға ғана емес, сонымен қатар балабақшада ең жеңіл орындалатын жұмыстарға назар аударылған.
Әдістемелік құралдың жаңалығы балалардың таным процессін жүйелеу жұмысы арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.
Негізгі міндет — ол бала дамуын тежемей оқыту, сол арқылы баланың қабілетін мүмкіндігінше ең жоғарғы деңгейге жеткізу.
Бала тұлғасын бағдарлау барлық балалардың қажеттілігін есепке алуды талап етеді. Мектепке дейінгі ересек топта бір бағдарламамен оқи отырып, балалар берілген материалды әр түрлі деңгейде меңгере алады.
Балаларға ойлауға, елестете алуға, есте сақтауға, мотивациясын жетілдіруге, белсенді болуға көпдеңгейлі тапсырмалар жүйесі көмегін тигізеді.
Мынадай тапсырманың орындалуының артықшылықтары:
Оқу процессінде тұлғаралық танымдық қарым-қатынас және субъектілердің әрекеттестігі болады. Әр баланың тұлғалық дамуы және тәрбиеленуі басқа баламен қарым - қатынасының және әрекеттестігінің нәтижесінен болады. Балалар жағдайатты қорытындылай отырып және алынған ақпарат негізінде қиын жағдайларды шешуге және сыни ойлауға үйренеді.
Математика бойынша педагогикалық технологияны қолдану балабақшаның ересек және даярлық топтарында бейімделуден өтті.
Жұмыс процессінде келесі кезеңдерді бөліп қарастыруға болады.
Жұмыс кезеңдері
1 кезең — диагностика. Мектепке дйінгі балалардың математиканы оқудағы қиындықтарын жою үшін заманға сай диагностика ұсынылып отыр. Қиындықтарды тауып оның себептерін анықтау, білімді дифференциалды және жеке жағынан қарастыру.
Диагностиканың қорытындысы бойынша, балалардың жалпы даму деңгейін есепке алып топтастыру:
Диагностиканың қорытындысы бойынша «математика» пәнінің бағдарламасының мазмұнына түзету енгізіліп, баланың дайындық деңгейі бойынша сұрақтар қосылуы мүмкін.
2 кезең — оқыту деңгейі
«Шығармашылық деңгей» - бұл балалар «математикаға асқан қызығушылық» білдіретін және осы бағытта өте жақсы көрсеткіш көрсететіндер. Бұл деңгей баланың ақыл-ой шығармашылығын дамытуға бағытталған, осылайша бала қосымша жеке жұмыстар арқылы өзін көрсете алады. Балаға алынған білім арқылы тапсырмаларды шеуге болатынын егжей-тегжей түсіндіру, баланың жалпы дамуын, логикасын, шығармашылығын толық дамытаты. Жұмыс дәптерінде бұл деңгей жасыл түспен белгіленген.
«Міндетті деңгей» - бұл деңгейдегі тапсырманы барлық балалар орындай алулары қажет, өйткені бұл деңгейдегі тапсырмалар оқу стандарт бағдарламасында берілген. Сол тапсырмаларды орындай отырып бала нақты пән бойынша, қайта жаңғыртатындай деңгейде материалды меңгереді. Бала математикаға ешқандай қызығушылық та, жауап беруге де еш ниет білдірмейді ме? Практика көрсеткендей белсенсіз балалардың проблемасы олардың пән бойынша білімсіздігінде, осындай жағдайлар негізінен баланың сабақты көп босатуынан болып жатады.
Жұмыс дәптерінде бұл деңгей қызыл түспен белгіленген.
3 кезең — әртүрлі деңгейдегі күрделі математикалық тапсырмалар, бұл тапсырмалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өткен материалды бекіту үшін қолданылады. Бұл тапсырмаларды балалалар өз бетінше орындайды. Ол үшін дәптерде арнайы орын берілген.
Жыл бойы топ бөлігіндегі балаларға ауысып отыруларына болады. Ол баланың жетістіктеріне байланысты. Бірінші топ бөліміндегі балалар белгілі бір жетістіктерге жете отырып екінші топ бөліміне ауыса алады, ал екінші бөлімдегі балалар үшінші бөлімге ауысады. Балалардың бірінші бөлімде азайып, үшінші бөлімде көбейгені бізді қуантады.
Баланың ұйымындасқан дербес қызметіндегі тәрбиешінің рөлі
Баланың жаңа білім алуына үлгілі дамыту ортасын құру қажет;
Тапсырманың берілуі оқу процессінің деңгейімен сәйкес келуі қажет. Яғни, олар оқу материалының қабылдануын қамтамасыз етулері қажет, оның өз бетінше қорытындылауын, бұрын оқылғанмен байланыстыруын, анализ жасауын, қайталауын және қолдануын қадағалау керек.
Тапсырмалар баланың логикалық, шығармашылық, ойлау деңгейлерін ескере отырып бағытталуы тиіс.
Педагог баланы өзін бақылауға, мүмкіндік бойынша бағыттап отыру керек.
Балалардың бір қарқынмен жұмыс жасайтынын ескере отырып жалпыға бірдей міндетті материал негізгі бөлімде, ал қосымша материал соңында берілген.
Дербес қызметті ұйымдастырудағы негізгі талаптар.
Тапсырманың орындалуына арналған тәрбиешіге нұсқаулар
Ойын түріндегі тапсырманы жекешелендіру керек, егер олар топтық болса да, деген көптеген авторлардың пікірімен келісеміз. Егер бала математикалық түсініктерді меңгеруде қиындықтар сезінсе, дегенмен де оны ойынға қатыстыру қажет болса, ол баланың білімңне сай тапсырма беру қажет. Осылайша бала тапсырманы орындап, өзіне деген сенімділігін сезініп, күрделірек тапсырманы орындай алады. Ал математикалық білімі мен білігі жоғары балаларға бірден күрделірек тапсырма берген жөн, оларды орындай отырып балада ойынға деген қызығушылығы артады.
Егер бала белгілі бір тапсырманы бірден орындай алмаса, оған қадалып қалмай, баладан ешнәрсе талап етпей ары қарай ойынды жалғастыру қажет. Ал біраз уақыттан кейін сол тапсырмаға қайта оралып, оны орындауға тырысу керек. Баланың өз бетінше істелген жұмысы қана пайдалы болатынын естен шығармаған жөн.
Математикадан күрделіліктің әртүрлі деңгейіндегі ойын тапсырмасының сипаттамасы
Өз бетінше жұмыс жасайтын оқу тапсырмалары әр түрлі болып келеді. Оларды келесі логикалық негізде бөлуге болады:
- Балалардың өз бетінше жұмыс жасау әдісі /бақылау, жаттығу/.
- Оқу процесінің бөлімі /қабылдау, жүйелілік, өткен материалды қайталау және бекіту бойынша тапсырмалар/.
- Баланың танымдық әрекеті бойынша /шығармашылық және қалпына келтіру/.
- Басшылықтың мінездемесі бойынша /толық және толық емес нұсқау/
Математикалық мазмұндағы ойын тапсырмасын таңдау барысында белгілі бір реттілік сақталады, күрделі математикалық ойындардын өткізбес бұрын, дайындық ретінде балаға оңай деңгейлі тапсырма берілуі керек. Мектепке дейінгі балалардың зейінін бір жерде ұстап тұру өте қиын болғандықтан, бір ойынды бірнеше түрге өзгертіп ойнаған тиімді болады. Бұл әдіс ойын ережесіндегі қиындықтарды шешуге және де бұрыннан белгілі ойынға қызығушылықты шамалы уақытқа болсада жоғалтпауға сепітгін тигізеді.
Қызықты ойын түрінде берілген білім, жай жаттығу арқылы берілген білімнен гөрі, бала санасында жеңіл, әрі тез сақталып қалады. Дегенмен ойынды қолдануда танымдық, оқыту және ойын қарым-қатынас ережесі сақталу керек. Балалар ойын түрінде, күтпеген элементтері бар тапсырмаларға асқан қызығушылық білдіреді.
Негізгі көңіл балалардың ойды қорытындылауына бөлінеді «Мөлшері мен саны» атты бөлімде; балаларға заттарды солдан онға санауға, сан есімді зат есіммен сандық үйлестіруге, санау қортындысын шығаруға үйретеді. Егер бала тапсырмаларды орындай алмаса оған педагог көмек беруі қажет. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар балаларға былайша беріледі: бірінші деңгейдегі тапсырмада балалаға күзгі жапырақтарды 10 дейін санау ұсынылады, екінші деңгейлі тапсырмада жемістерді 13 дейін санау ұсынылады, ал үшінші деңгейдегі тапсырмада 18 дейін санау қажет.
Сандардың құрылуы екі заттың жиынтығын салыстыру негізінде құралады.Балалар келесі сандардың шығу принципін түсінулері керек. Балалар көбіне 7 мен 8 санын айыра алмайды. Сондықтан да, осы сандарға байланысты көптеген ойын мысалдарын келтіріп отырған дұрыс.
Әртүрлі көлемдегі заттарды салыстыра білу баланың сан жөнініде білімі бар екендігін көрсетеді, сонымен қатар «тең», «үлкен», «кіші» салыстыру белгілерін менгергенін анықтауға болады. Балаларға әртүрлі деңгейлі тапсырмалар былайша беріледі: 1-ші деңгейлі тапсырмада балаға суретте қанша зат көріп отырғанын санап белгілер қою ұсынылады, ал 2-ші деңгейдегі тапсырмада бірінші онгдықтағы сандардың арасына белгілерді қойып оны оқып беруі тапсырылады, ал 3-ші деңгейлі тапсырма белгілерді қойып, оқып шығуыды талап етеді. Салыстырудың әр түрлі тәсілдері қолданылады. Балалар топтың біріндегі зат артық екенін көріп көптік белігісін қояды, ал аз екенін көрсе аз белгісін қояды, сөйтіп олар көрнекілік тұрде салыстыруды үйренеді.
Балалар әр сан қалай шыққанын түсіндіріп отырулары керек, яғни ұандай заттың санына сан қосты, қандай заттын санынан затты алып тастады. Мысалы 8 алмаға бір алма қосылды, барлығы 9 алма болды. 9 алмадан 1 алманы алып тастады, барлығы 8 алма қалды. Егер бала жауап беруге қиналып отырса оған жетелеуіш сұрақтар қою керек. «Қанша болды?», «Неше алма қосылды (алынды)?», «Барлығы ұанша болды?».
Дидактикалық материалдардың ауысуы, ойын тапсырмаларының түрлендірілуі балаларға әрбір сандардың шығу түрлерін жақсы менгеруге көмектеседі. Жаңа сандарды ала отырып балалар алғашқыда педагогтығ көмегіне жүгінсе, кейін олар өз беттерінше салыстырулар құра алады. Сұрақтарға саналы жауап алу мақсатымен педагог сұрақтарды түрлендіріп балаға сұрақ қояды. Мысалы: «8 цилиндр шығу үшін не істеу керек?», «7 цилиндрге 1 цилиндр қосса ұанша болады?»
Егер бала қателессе, оның себебі анықталады. Тәрбиеші заттарды санай отырып қателесуі де мүмкін. Ал балалар болса педагогтың әрекетін бақылай отырып қатесін таба алады. Қорытындылай келе заттарды жақсылап есте сақтау қажет, қай саннан бастап саналды, екі рет бір саттын саналып қоймауын мұқият бақылау керек.
Жиынтық құрамын ерекшелеу үшін, соның негізінде балаларға сандар жөнінде түсініктерін кеңейту үшін, бір зат басқа бір заттан айрықша ерекшеленетін салыстыру түрі алынған. Алдымен бір түрлі заттар алынады да, олар тек түсі, көлемі, пішіні жағынан бір-бірінен ерекшеленеді, кейін тек бір мағына білдіретін заттар алынады, мысалы (ойыншықтар жиынтығы, ыдыс, жиһаз, киім). Сондай-ақ сюжетті материалдармен қоса сюжетсізх материалдар да қолданады, олар геометриялық фигуралар, қағаздар т.б.
Балалар сандық ұғымдарды тез түсінеді, егер де 2 сандық құрамын кезектеп қараған болса. Алғашқысында барлық балалар бір ғана материалмен жұмыс жасайды, кейін әртүрлі материалдарға көшеді. Әрбір материал 2-3 көрнекілік заттардан тұрады. Тапсырманы орындай отырып бала толық орындалуын түсіндіру керек, яғни заттар қалай топталған, ұанша заттан тұрады т.б.
Нақты сұрақтар (Қанша қызыл түсті қарандаш алынды? Қанша көк? Барлығы қанша қарандаш бар?), бірте-бірте жалпылама сұрақтармен алмастырады, мысалы: «Әртүрлі ойыншықтарды қаншадан алдың? Барлығы қанша қарындаш?»
Балалар жауаптың әртүрлі тұжырымдамасын қолдануы үшін, сұрақтар ғана емес сонымен қатар, оның реті мен қойылуы да түрлендіріледі. Балалар заттың қанша түрлері бар екенін, кейін оның санын айтады, немесе керсінше бірінші санын, кейін түрін айтады. Білімін жалпылау үшін келесі сұрақтар қойылады: «Егер мен 4 ойыншықтын атын атасам сен қанша түрлі ойыншықтарды аласын? Егер мен 3 санын айтсам, сен қанша рет секіресін?» Тәрбиеші айтылған сан бойынша ойыншықты таңдауын тапсырады. Осылайша біртіндеп балалар сандық ұғымды зердесіне түйеді. Бұл білімнің балаға мектепте сәтті оқуына кепілдік береді.
Ересек топта балалар алғашқы рет реттік сан есіммен танысады. 5-7 жастағы балалар күнделікті сан есімді қолданғанмен, олар оны есептік сан есіммін шатастырады. Сондықтан да реттік сан есімді балаға жете түсіндіру қажет. Реттік сан еміснің мағынасын ашу үшін, оны есептік сан есіммен байланыстыру керек. Қанша зат бар екенін анықтау үшін затты санайды: бір, екі, үш т.б. осылайша заттың санын анықтайды. Ал егер заттың кезектілігін анықтау керек болса оны басқаша санайды. Нешінші деген сұраққа жауап беру қажет. Онда: бірінші, енкінші, үшінші т.б. деп санайды.
Балалар әрдайым қай? Қандай? деген сұрақтарды шатастырады. Соңғысы заттың сапасын анықтайтын сұраққа жауап береді: түсі, көлемі т.б. Қанша? Қай? Нешінші? Қандай? заттың маңызын ашады.
Балаларға қанша? деген сұраққа жауап беру үшін затты қалай санау маңызды емес екендігі түсіндірілген болаты. Ал енді олар реттік сан есімді анықтау үшін санаудың маңызы бар екендігін түсінеді. Педагог оны көрнекі етіп бір затты бірнеше бағытта санайды. Мысалы: 7 жалаушаның арасында 5-ші жаулауша жасыл, санауды солдан онңа қарай орындасақ, ал егер санау оңнан солға қарай орындалса онда 3-ші болып келеді. Осылайша балалар заттын орнын оңнан солға және керсінше солдан онға санай отырып орнын анықтамуға тырысады. Заттын орнын анықтай отырып міндетті түрде бағытын айтып отыру қажет (үшінші солдан санағанда, бесінші оңнан санағанда).
Аралас сандарды салыстыру дегеніміз олардың қайсысы көп, қайсысы аз екенін анықтау. Көрнекілік материалдарға қарай отырып балалар аралас сандарды салыстырған болатын. Енді кезекте осы түсініктерін кеңейту. Нақты мысалдар келтіре отырып аралас сандар арасындағы байланысты ашу қажет. (3 саны 2 санынан әрдайым үлкен, ал 2 саны әрдайым кіші). Әрбір сан 1-ден басқа бір саннан кіші болса, бір саннан үлкен. Осыған сай сандардың да реттіліктері қалыптасады.
Балалар теңсіздіктен теңдеу шыңарудығана үйренбейді, сонымен қатар керсінше теңдеуден теңсіздік те ала алады. Мысалы: мынандай тапсырма беріледі: «Айжанның түймесінен бір санға көп етіп қолыңызды көрсетіңіз». Сіз қолыңызды неше рет өтердіңіз? Неліктен?» «Сіз қанша әуен естідіңіз? 1 санға көп болатындай сіз қанша үшбұрыш санап алуыңыз қажет.» Бала тапсырманы қалай орынлағына жайлы толық түсіндіріп беру керек. Солайша бала өз ойын толық жеткізуге, қорытындылауға үйренеді. Ең құнды мысал болып метематикалық пирамтидалар болып табылады. Бірінші деңгейлі тапсырмада балалар бірінші ондықтағы пирамиданы құрады; екінші деңгейдегі тапсырмада екінші ондықтағы сандардан пирамида құрады; ал үшінші деңгейдегі тапсырма арқылыбалалар өз беттерінше метематикалық приамиданы құрады.
Ұйымдастыру формасы
Балабақшадағы оқытудың негізгі формасы ұйымдасқан оқу әрекеті болып табылады, ол әдістер мен тәсілдердің көптүрлілігімен сипатталады. Деңгейлі дифференциада келес түрлер ерекшеленеді. Сонымен дифференция үшін қандай жұмыс түрлері мүмкіндік туғызады?
- Топ бойынша жұмыс (үстелдермен, қатарлармен, топтармен).
Берілген оқу әрекетін мінездей келе К.Д. Ушинскийдің ұсынысына сүйенеміз, ол сыныпты топшаларға бөліп, балаларға олардың дайындығы бойынша тапсырма беруді ұсынды. Ол «Осылайша топты топшаға бөлу, оның бірі білімі жағынан мықтырақ болса, өте пайдалы, егер де оқытушы бір топпен жұмыс жасай отырып екі топқа да пайдалы өзінді жұмыс бере алса».
Топшалармен жұмыс істеу дегеніміз не? Х.И. Лийметсаның анықтамасы бойынша, топтық жұмысты біз былай түсінеміз «белгілі бір тапсырманы орындау үшін, 3-8 адамнан тұратын, көбіне 4 адамнан бөлінетін жұмыс реті. Тапсырма бір адамға ғана емес, топқа беріледі».
Кіші топтарда көбіне бала өзін қолайлы сезінеді де, өзінің жеке біліміне сай әрекет ете алады. Кіші топтың ішіндегі әңгімеде бала өзінің ойын білдіре алады, шешім барысында өзінің қызығушылығына және қабілетіне сай белсенді қатысады.
- Диалог тәртібіндегі жұмыс (үнемі жұп, динамикалы)
Бұл оқу әрекетінің формасын сипаттай келе — диалог түріндегі жұмыс келесідей құрылатынын айтып кеткен жөн:
- Үнемі жұптың болуы — бұнда балалар бір-бірімен ақылдаса отырып, бірін-бірі басқара отырып, белгілі бір тапсырманы орындайды, бұндай жұмыс түрі балалардың бір-бірінің кемшідіктері мен жетістіктерін толықтырады;
- Динамикалы жұп — өзінің тәжірибесінде біріккен жоспарлаудың, міндеттерді үлестіру тиімді екендігін білген топ. Жұп өзара бірігіп келісілген түрде жұмыс жасап, ұжымға деген, біріккен әрекет қорытындысына жауапкершілігін сезінеді.
- Балалар тапсырманы бірігіп орындайды. Тәрбиеші бір-бірімен қарым-қатынас жасау ережесін естеріне түсіреді. Тапсырманы, дидактикалық ойындарды орындау барысында балаларға белгілі бір рөлді өз мойнына алуды ұсынады.
Бала-тәрбиеші баланың білімін, ойын ережесін және оны түсіндіруін, сұрақ қоюын, ойын барысын қадағалап болжайды.
Бала-бала баланы мүқият тыңдауын, сұраққа жауап беруін, ереженің сақтауын болжайды.
«Серіктес» барлық балалардың ережені сақтай білуін, оларды орындауын, сұрақ қоюын, оған жауап берілуін болжайды.
- Жеке сабақтар
Оқу әрекетінің үшінші формасы — қосымша жеке сабақтар. Бұнда бала жеке ықылас білдіріп жұмыс жасайды. Жұмыс қарқыны баланың қабілеті мен дайындықтарына байланысты болады. Оқу дифференциясы өзіндік жекешелендірілген жұмыс арқылы орындалады. Ол балаларға бірдей емес, баланың ерекшелігіне байланысты тапсырма беруден құралады. Әр топқа сайкес тапсырмалар беріліп отырады. Әр топқа тапсырмалар берілген соң, балалардың жеке жұмыс жасаулары бақыланады. Ерекше көңіл төмен оқу қабілеттері бар балаға бөлінеді. Егер қажет болса ол балаларға көмек көрсету қажет. Бұндай балалар тапсырманы орындауда жасқаншақтық білдіреді, тапсырманы орындай аламын деген сенімі болмайтынын ескерген жөн. Әртүрлі дидактикалық тапсырмаларды орындауда жеке жұмыстарды мақсатты түрде оқу әрекетінде қолданады; жаңа білімді меңгеріп, оны қорытындылағанды, білім мен дағдыралын бекітіп, қалыптастыруда, өткенді жалпылап, қайталағанда, зерттеу тәжірибесін жинақтауда. Әрине бұл оқыту формасын білімді бекіткенде, қайталағанда, әртүрлі жаттығуларды ұйымдастырғанда қолданған жеңіл. Дегенмен ол жаңа материалды өз бетінше оқуда тиімді болып келеді. Жұмыс формасын білімді бақылауда қолдануға болады.
- Жаппай білім беру
Жаппай білім беруде бір міндет бағытында жұмыс жасайтын топтың оқу әрекетні басқару; ұжымға эмоциональды әсер ету, жұыстың бір қарқынын анықтау. Дегенмен жаппай білім беру түрі баланың жеке қасиетерін қарауға бағытталмаған. Алынған жұмыс қарқыны оқуда қиындық сезінетін балаларға жоғары болуы мүмкін, ал оқуда еш қиындық сезбейтін балаларға бұл қақын төмен болуы мүмкін. Осы себептен оқуы қиын балалар өтілген материалды меңгермей қалуы да мүмкін. Мықты балалар өз білімдерін тереңдете алмау мүмкін. Сондықтан да, жаппай білім беру түрін ұйымдасқан оқу әрекетінде пайдалану тиімсіз деп есептейміз. Дегенмен кейбір білім беру кезеңдерінде бұл түр ауадай қажет.
Біз практика жүзінде ұйымдасқан оқу әрекетінде бірнеше білім беру түрін қиылыстыру тиімдіб болғанын көріп отырмыз. Солайша, математикадан жаңа материалды оқытуда топтық және жаппай білім беру түрі, немесе топтық және диалог түріндегі немесе жеке және жаппай немесе жеке және топтық формаларды пайдаланған тиімді болып отыр. Ұйымдастыру әдісінің негізі топтық жұмыс пен жаппай жұмыс жасаудың байланысында; жаңа материал типологиялық топта ұжыммен оқытылады, әр бала өзінің тапсырмасы бойынша жұмыс істейді, кейін тәрбиеші біріккен әрекет ұйымдастырады. Осылайша жеке жұмыса жасай отырып топтық жұмысқа көшу әдісі пайда болады.
Күтілетін нәтиже
- Балалардың әрдайым деңгей бойынша көтерілу мүмкіндігі бар, ең жоғары шығармашылық деңгейге дейін де;
- Баланың жеке қабілеттері 21 ғасы оқушысының моделіне сай болады;
- Бала математика ғылымының таңдаған бағыты бойынша білім ала аладыда, рефлексия негізінде өсіп жетіледі;
- Өзіндік тұлғасының дамуы үшін қолайлы жағдай жасайды;
- Білімде ізгілендіру мен бұқараландыруды қамтамасыз етеді;
- Білім беру сапасын жоғарлатады;
- Білім беруде жоғары белсенділік, түрткі, білік қалыптастырады;
- Бала әрекетін бағалауға жаңа көзқарасты талап етеді;
- Өз бетінше танымдық әрекетін ынталандырады;
- Педагог пен бала арасындағы әрекетті өзгертеді;
- Баланың шығармашылық ынтасын көтереді.
Жұмыс дәптеріне арналған әдістемелік нұсқаулар.
Жұмыс дәптері және оның міндеттері.
Баланың шығармашылық дағдысын көтеріп, таным әрекеттірінің белсенділігін жоғарлату мақсатымен 5-7 жасар балалардың жеке жұмыс жасауына арналған математика пәнінен жұмыс дәпретінің шығарылуын қолға алдық.
Жұмыс дәптерінің ішінде тек қана әртүрлі деңгейлі тапсырмалар ғана емес, сонымен қатар жаңа материалды өз бетінше меңгеруге арналған тапсырмалар да бар. Жұмыс дәптерін қолдана отырып біз, баланың математикаға деген қызығушылығының артқанын, сонымен қатар уақыттың үнемділгенін және үлгерімнің сапасының жоғарлағанын байқадық.
Берілген тапсырмалардың құндылығы сол, ол ҚР білім заңының көптеген талаптарын қанағаттандырады. Біріншіден — 100 пайыздық баланың оқытылуына қол жеткізіледі, ол ең төменгі деңгейде болса да. Екіншіден — күрделі деңгейдегі тапсырманы орындай отырып дамыту принципі қамтамасыз етіліп отырады. Үшіншіден — білім берудегі ізгілендіру мен бұқараландыру сақталады. Тапсырма тәртіп бойынша орындалады, оңайдан күрделіге. Әрбір бөлімнің орындалу уақыты бар, ол баланың бір қарқынға үйренуіне әсерін тигізеді.
Жұмыс дәптері балаға тәуелді, ол баланы жұмысқа бағдарлайды.
Жұмыс дәптері алты блоктан тұрады:
Онда әртүрлә деңгейдегі тапсырмалар берілген, бала 20 дейін санауды меңгереді, сандарды тура және кері санайды, қатардағы жоқ санды анықтай алады. Ең күрделі блоктардың бірі «Сандар құрамы», бұндабала тек екі есе кіші сандарды бөлшектеп, екі кіші саннан үлкен сан құрауды үйреніп қана қоймай, жетіспейтін құраушы сандарды табуға үйренеді. «Сандарды салыстыру» блогында 10-ға дейінгі сандарды көрнекі және есту қабілеті бойынша салыстыруға үйренеді. Бала математикалық үлкен, кіші, тең белгілермен танысып салыстыруда қолдана алады. Келесі блоктарда бала есептер мен мысалдары шешіп үйренеді, ол қосу алу, тең белгілерін қолданады. Есепті бала адымен көрнекі түрде шешіп, кейін естіртіп жаңғырта алады. Дәптерде ойын жаттығулары да бар, ол балаға парақтын торына бағдар жасауға көмектеседі. Тапсырманы 20-25 минутқа ғана ұйымдастырыңыз. Есіңізде болсын бала тапсырманы орындай отырып өзіне деген сенімділігін жоғалтып алмауы тиіс. Баланы талпынысы үшін мадақтап, оған қолдау көрсетіп отырыңыз.
Көрнекі материалдарды қолдану балаға абстрактілі математикалық ұғымдарды түсінуге көмектеседі. Білімді бекіту үшін белгілі бір сан қандай затқа ұқсайтынын сұрап, оның суретін салып, бояуды ұсыныңыз. Осындай жұмыс жасау балаға қуаныш сыйлайды.
Қиындықтар сезінетін балалармен әрдайым қосымша жұмыстар өткізіп отыру қажет.
Дәптердегі тапсырмалар кіші-ойын түрінде беріліп, әрбір тапсырма смайлдармен белгіленген:
- Қызыл түспен — бірінші күрделі деңгейдегі тапсырма;
- Сары түспен — екінші күрделі деңгейдегі тапсырма;
- Жасыл түспен — үшінші күрделі деңгейдегі тапсырма.
Сіздің балаңыз ертегі кейіпкерлерімен бірге математикалық белгілер мен сандар туралы беле алады. Осының барлығы арқылы сіздің балаңыз мектепке дап-дайын болатынына сеніміміз мол. Математиканы ол оңай меңгеріп қана қоймай, қызыға, тамсана, таңғала оқитын болады.
Математика бойынша тақырыптық жоспарлаудың мысалы
(әртүрлә деңгейдегі күрделі тапсырмалар)
Бөлім: Мөлшер мен сан
Блоктар |
Мақсаты |
«Көңілді старт 1 тапсырма 2 тапсырма 3 тапсырма 4 тапсырма 13 тапсырма 15 тапсырма 17 тапсырма 21 тапсырма |
10 дейінгі мөлшерлік және реттік сан туралы түсініктерін қалыптастыру; 20 санын тура және кері санау; Алдыңғы санға бірліктеріді қоса отырып келесі санды шығаруды білу; Алдыңғы және келесі сандарды салыстыруды білу; Сұрақтарға дұрыс жауап беруді үйрену |
«Сандардың құрамы» 7 тапсырма |
Бірінші ондықтағы сандарды бөлшектеуді білу; «Математикалық үйшікті» толықтыру |
«Сандарды салыстыру» 5 тапсырма |
«үлкен, кіші, тең» ұғымдарын қолдана отырып салыстыра білу. |
«Есепті шешу» 8 тапсырма 9 тапсырма 16 тапсырма |
Есеп құрастырып оны шешуге үйрету, сонымен қатар «қосу, алу» арифметикалық әрекетті қолдану; Тапсырманың құрылымын білу. Жай есептерді шешуге үйрету. |
«Мысалдарды шешу» 6 тапсырма 11 тапсырма 20 тапсырма |
Қосу, алу есептерін шешуді білу 10-20 санынан құралатын есептерді шешуді білу. Қосу мен алу мағынасын түсіну. |
«Геометрия» 10 тапсырма 12 тапсырма 14 тапсырма 18 тапсырма 19 тапсырма |
Балаларды анализдеуге, жалпылауға, салыстыруға, талқылауға, ойқорытынды жасауға үйрету. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Парақ бетінде бағдарлауға үйрету. Логикасы мен математикалық ойын дамыту. |
Қорытынды: 21 |
Жұмысты орындау реті
Дифференциялық маңызға ие ұйымдасқан оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы бар.
Міндеті — баланы келесі әрекеттерге қызықтыру.
Мазмұн үлгісі. Белгілі бір мотивация енгізу. Тапсырма бір сюжетке біріктіріліген болса, ол ойын түрінде болуы мүмкін. Мысалы: саяхатка немес ғаламшарға ұшуға дайындалып жатырмыз, Санжардан өтініш хатын алдық т.б.
Міндеті — математикалық тапсырмаларды тұжырымдау, қиындықтар туралы ескерту, қателіктер, оларды жеңу нұсқаларын ұсыну, балалардың арасында тапсырманы бөліп беру.
Мазмұн үлгісі. Балалар тапсырманы жеке, жұппен, топшалармен орындайды. Тәрбиеші бір-бірімен біріккен әрекет жасау ережесін естеріне түсіреді. Тапсырманы ұйымдастырып орындауда дидакттикалық ойындарды ойнаған кезде балалар белгілі бір рөлді өз жетекшіліген алулары қажет.
Мазмұн үлгісі. Балалар тапсырманы білім деңгейі бойынша орындайды. Тәрбиеші барлығын бақылауда ұстайды, тапсырманың орындалуын қадағалап, қажет болғанда көмек көрсетеді.
Мазмұн үлгісі. Ұйымдасқан оқу әрекетінің соңында тәрбиеші иіндетті түрде қорытынды шығарады, сонымен қатар әр орындалған тапсырмаға әдепті баға береді. Үшінші деңгейлі тапсырманы орындаған балаларға баға беру дұрыс болады. Тапсырманың орындалу, орындалмау себебі анықталады.
Қотырынды
Математика пәніне дифференциалды қарау және оны орындау балаға сенімділік ұялатып, қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Бақылау көрсетіп отырғандай бұндай білім беру әдісі баланың қызығушылығын оятып, үлгерім сапасын жоғарлатады.
Бүгінгі таңда біз жаңа білім беру мен білім сапасын арттыру жолына түсіп отырмыз. Мемлекетке білімді, ақыл-ой