link1586 link1587 link1588 link1589 link1590 link1591 link1592 link1593 link1594 link1595 link1596 link1597 link1598 link1599 link1600 link1601 link1602 link1603 link1604 link1605 link1606 link1607 link1608 link1609 link1610 link1611 link1612 link1613 link1614 link1615 link1616 link1617 link1618 link1619 link1620 link1621 link1622 link1623 link1624 link1625 link1626 link1627 link1628 link1629 link1630 link1631 link1632 link1633 link1634 link1635 link1636 link1637 link1638 link1639 link1640 link1641 link1642 link1643 link1644 link1645 link1646 link1647 link1648 link1649 link1650 link1651 link1652 link1653 link1654 link1655 link1656 link1657 link1658 link1659 link1660 link1661 link1662 link1663 link1664 link1665 link1666 link1667 link1668 link1669 link1670 link1671 link1672 link1673 link1674 link1675 link1676 link1677 link1678 link1679 link1680 link1681 link1682 link1683 link1684 link1685 link1686 link1687 link1688 link1689 link1690 link1691 link1692 link1693 link1694 link1695 link1696 link1697 link1698 link1699 link1700 link1701 link1702 link1703 link1704 link1705 link1706 link1707
Мұхамбетқалиева Гүлдана Бауыржанқызы
Должность:Студент-практикант
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область, г. Кокшетау
"Судың химиялық қасиеттері. Су және сулы ерітінділердің маңызы"

Бекітемін:

Оқу ісінің орынбасары: Қ.Курманова

Сабақ № 75

Күні: 8 «А» - 03.03.2016ж.

8 «Б» - 05.03.2016ж.

Сабақтың тақырыбы: Судың химиялық қасиеттері. Су және сулы ерітінділердің маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Су туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы және ойын элементтерін қолдану арқылы судың тіршілік үшін маңызын және химиялық қасиеттерін ұғындырып, реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету, судың табиғаттағы айналымын түсіндіре отырып, оқушылардың логикалық ойлау және шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.
Дамытушылығы: Білімді жүйелеу арқылы алған білімдерін тереңдету, танымдық тапсырмалар арқылы есте сақтау қабілеттерін, сындарлы ойлау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелігі: Ұжымдастыққа, ептілікке, жағдаяттан шыға білуге, көшбасшылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Диалогтық оқыту, сын тұрғысынан ойлау, АКТ.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, танымдық тапсырмалар, плакаттар, маркерлер, стикер, смайликтер.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Пәнаралық байланыс: биология, география, математика, экология, педагогика

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасу

- сынып оқушыларын түгендеу

- жағымды психологиялық хал-ахуал орнату

- топқа бөлу

- мақсат қою

ІІ Сабаққа дайындығын тексеру

«Кім жылдам?» (үй тапсырмасы бойынша сұрақтар)
1. Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
Екі элемент бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді сөндіруге көп адам,
Қосылысын алып соған ағылды.
(2Н2 + О2 = 2Н2О)
2. Судың физикалық қасиеті қандай? (түссіз, дәмсіз, иіссіз сұйықтық. Табиғатта 3 агрегаттық күйде кездеседі. Қайнау t0 — 1000, қату t0 — 00С.)
3. Мұз неліктен суға батпайды? (мұздың тығыздығы судың тығыздығынан төмен)
4. Судың құрамы, формуласы. (формуласы Н2О сутек және оттек атомдарынан тұрады )
5. Жердің су қабаты.(гидросфера)
6. Ерітінді дегеніміз не?(еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті жүйе)
7. Сутегі жанғанда алынатын зат (су)
8. Бір адам ( 1 тәулікте, 1 аптада, 1 айда ) қанша литр су пайдаланады?
9. Ерітіндінің концентрациясы дегеніміз не? (еріген зат шамасының ерітінді шамасына қатынасымен анықталады)
10. 1 литр суды залалсыздандыру үшін 0, 5 мг қажет болса 10литр суды залалсыздандыруға қанша хлор қажет?

Су туралы жұмбақтар шешу.
1. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)

Мұғалім: Балалар осы суды хлорлау судың қандай қасиетіне жатады, кім айтады?
Оқушы жауабы: Химиялық қасиетіне
Мұғалім: Дұрыс. Олай болса, балалар сабағымыздың 1 кезеңін қорытындылап бүгінгі тақырыбымызға көшейік.

III Жаңа сабақ.

a) сабақты баяндау (реакция теңдеулері, химиялық тәжірибе, интерактивті тақта)
Жай заттармен әрекеттесуі.
1) Металдардың электрохимиялық кернеу қатарында магнийдің сол жағында тұрған белсенді металдар сумен тікелей әрекеттеседі:
2 Na + 2H2O = 2NaOH + H2↑
2) Белсенділігі орташа металдарға жататын магний Mg мен қорғасын Pb арасындағылар тек жоғары температурада су буымен әрекеттесіп, металл оксиді мен сутек газын түзеді:
Zn + H2O = ZnO + H2↑
3) Су кейбір бейметалдармен әрекеттеседі. Мысалы, жоғары температурада ол көміртекпен реакцияға түсіп, көмірқышқыл газын және сутек түзеді:
C + 2H2O = CO2 + 2H2↑

Судың күрделі заттармен әрекеттесуі.
4. Белсенді металл оксидтері сумен тікелей әрекеттесіп, металл гидроксидтері негіздерді түзеді:
Na2O + H2O = 2NaOH
5. Судың негіздік оксидпен әрекеттесуі.
CaO + H2O = Ca(OH)2 (тәжірибе) оқушы

6. Судың бейметалл оксидтерімен әрекеттесуі.
SO3 + H2O = H2SO4
7. Белсенді металл гидредтері сумен әрекеттесіп сілті және сутек газын түзеді:
NaH + 2NaOH + H2↑
ІV «Көбелек аулау» Тақтада ілінген әр түрлі көбелектерді теріп генетикалық қатар құрастырып, реакция теңдеулерін жазады.

V «Кім білімпаз?» (Үш топқа 3 плакат беріледі. 1- топ судың қолданылуы туралы, 2- топ су туралы мақал - мәтелдер мен тыйым сөздер, 3-топ судың физикалық және химиялық қасиетін жазып қорғайды)

VI Сабақты бекіту
«Есептер әлемі» (есептер шығару)

1. Массасы 31 г натрий оксиді сумен әрекеттескенде қанша грамм натрий гидроксиді түзіледі

2. 72 г суды айырғанда бөлінетін сутек пен оттектің массасын табыңдар.

3. Су натриймен әрекеттескенде 4 г сутек бөлінді. Реакцияға түскен судың массасын табыңдар.

VII Қорытындылау

Оқушылардың бүгінгі сабақ туралы ой-пікірлері

а) Оқушыларды бағалау
ә) Үйге тапсырма

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности