Казахстан, Актюбинская область, с. Мартук
Мартукская средняя школа №1
Учитель казахского языка и литературы в русской школе
Тайманова Гульжан Тугелевна
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап, сөйлесу, аудару.
Көрнекілік: электрондық тақта, суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих.
Сабақтың барысы:
Оқушы: Сөзін жазған: Жүмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев.
Әнін шығарған: Ш.Қалдаяқов.
Оқушы: Ш.Қалдаяқов — бүкіл қазақ халқына ән салдырған ұлы сазгер болды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында туған. Ол жас кезінен — ақ тамаша әндер шығара бастайды. Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ, жылы сазымен ел назарын бірден аударды. Әлемдік музыкада
2.
Штраус, Шопеннің вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальс ырғақтары да сондай әсем.
Шәмші әндері ойлылығымен, тазалығымен адам жүрегіне қуаныш, өмірге құштарлық, махаббат пен мейірім, туған елін, жерін шексіз сүю сезімдерін ұялатады.
Ш.Қалдаяқов туралы сұрақ емтиханда кездеседі, сонымен қатар ҰБТ тест сауалдарында қазақ тілі грамматикасын тапсырамыз.
Қазақ тілінде неше сөз таптары бар?
Оқушы: Қазақ тілінде 9 сөз табы бар:
1.Сын есім
2.Есімдік
3.Етістік
Ал енді сан есімді қайталайық. Сан есім дегеніміз не?
Оқушы: Сан есім дегеніміз заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіретін сөз табы. Сан есім неше?қанша? деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді?
3.
Оқушы: Сан есім құрамына қарай екі түрге бөлінеді: дара және күрделі. Дара сан есім бір сөзден болады. Күрделі сан есім бірнеше сөзден болады.
Дара сан есім тұлғасына қарай неше топқа бөлінеді?
Оқушы: Дара сан есім тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді: негізгі және туынды. Мысалы: негізгі-үш, он, миллион, туынды-үштік,бесеу.
Күрделі сан есім тұлғасына қарай неше топқа бөлінеді?
Оқушы: Күрделі сан есім тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді:қос сөзді сан есім. Мысалы: бес-бестен, екі-үш, тіркес сөзді сан есім, мысалы: бір жүз отыз алты, он бесінші.
Сан есім мағысына қарай неше топқа бөлінеді?
Оқушы: Сан есім мағысына қарай алты топқа бөлінеді.
4.
Балалар, біз сан есім тақырыбын қайталадық, сан есім демекші қаңтар айы жылдың нешінші айы?
Оқушы: қаңтар айы жылдың бірінші айы.
Дұрыс, жыл сайын қаңтар айында еліміздің саясатында не болып жатады?
Оқушы: жыл сайын қаңтар айында еліміздің саясатында мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауы болады.
2003 жылы Жолдауынан кейін «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы пайда болды. Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы «Мәдени мұра» бағдарламасы.
Слайд көрсету және оқу.
1-слайд. Сабақтың тақырыбы:
“Мәдени мұра”
бағдарламасы
2-слайд. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
5.
4-слайд. Арыстанбаб кесенесі, XII ғасыр
5-слайд. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, XIV ғасыр
6.
6-слайд. Тай — қазан
7-слайд 7.
8.
9.
10.
Бүгінгі сабақта «Мәдени мұра» мәтінін оқып, аударамыз. Ол үшін жаңа сөздерді менгереміз.
11.
Осы жаңа сөздерді, суреттерді пайдаланып сөйлем құрастырайық.
Суреттегі көне сәндік бұйымдар — қазақ халқының бай мұрасы.
Қазақ халқының дүние салған адамның басына ескеркіштер мүсіндік өнерінің таңдаулы шығармалары деп айтуға болады.
Осы екі сөйлемді дәптерге жазып алайық.
Енді жаңа сөздерді пайдаланып, оқулықтағы мәтінді оқып, аударайық.
12.
Келесі жұмысымыз жазабаша түрде болады. 88бет, 2 тапсырма.
Мәтіннен етістіктерді тауып, оларды осы шақта айтыңдар.
Жасалады — жасалып жатыр, жүргізу — жүргізіліп жатыр.Көрсете отырып –көрсетіп отыр, жүзеге асуда — жүзеге асырып тұр. Меңгеріп — меңгеріп жатыр, тілдесіп — тілдесіп тұр, қорғай алатын — қорғай алып тұр. Басталады — басталып отыр.
Халықтың мәдениеті оның тілімен жасалып жатыр. Қазақстандағы ең үлкен мәселенің бірі — тілдер саясатын дұрыс жүргізіліп жатыр. Бұл — нәзік мәселе республикада өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің тілдеріне қолдау көрсетіп отыр, мемлекеттік тілді дамыту міндеті жүзеге асырып тұр. Жастарымыз қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар меңгеріп жатыр, сырт елмен терезесі тең тұрғыда тілдесіп тұр, өз мүддесін қорғай алып тұр. Мәдениеттілік осы тілдерді білуден басталып отыр.
Келесі тапсырма « Сандар сөйлейді» деген ойыны. Ойынның шарты: сөйлемдегі сан есімдерді тауып, сөзбенен көшіріп жазу және сан есімнің қай түріне жататынын анықтау.
15 слайд
13.
16 слайд.
Келесі жұмысымыз карточкалармен.
А) Мәтінді оқып шығып,сан есімнің астын сызыңдар.
1.Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.(Мақал)
2. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
3.Атадан алтау, анадан төртеу-жалғыздық көрер жерім жоқ.(Абай)
4.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.(Мақал)
5.Мың жылқыны үш адам бағып жүр.(Ғ.М.)
6.Ер жігітке жеті өнер де аз.
Жауап үлгісі
1.Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.(Мақал)
2. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
14.
3.Атадан алтау, анадан төртеу-жалғыздық көрер жерім жоқ.(Абай)
4.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.(Мақал)
5.Мың жылқыны үш адам бағып жүр.(Ғ.М.)
6.Ер жігітке жеті өнер де аз.
Ә) Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді қойып, астын сызыңдар.
Керекті сөздер: отыз, үшінші, жетінші, он екінші, төрт, он екі, жиырма төрт, бірінші.
Жауап үлгісі
Ә)1.Бір жылда он екі ай, төрт мезгіл бар.
2.Қаңтар-жылдың бірінші айы.
3.Жылдың он екінші айы - желтоқсан.
4. Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.
5. Аптаның үшінші күні — сәрсенбі, жетінші күні –жексенбі.
6. Бір айда отыз күн бар.
Б) Сөйлемдерді дұрыс құрастырып,сан есімнің астын сызыңдар.
1. Жүгері, екі сантиметрден, күн сайын, отырады,ұзарып.
2. Кіріседі, жеті-сегіз, аптадан, шапшаң, кейін, өсуге.
3.Наурыз, бір мың тоғыз жүз қырық үшінші, жылдың, айы.
4.Ақсақалдың, қасында, екі, болған, Сәбит Мұқанов, болды, аудармашы.
5.Бірінші, ғарышкері, елінің , қазақ, Тоқтар Әубәкіров, білеміз, екенін.
15.
6.Жылқысы, жиырма-отыздай, қойы, екі-үш, жүз, сауын сиыры, жиырмаға тарта, бар.
Жауап үлгісі
Б) 1.Жүгері күн сайын екі сантиметрден ұзарып отырады.
2.Жеті-сегіз аптадан кейін шапшаң өсуге кіріседі.(Ә.Нурш.)
3.Бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылдың наурыз айы.
4.Екі ақсақалдың қасында болған Сәбит Мұқанов аудармашы болды.
5.Қазақ елінің бірінші ғарышкері Тоқтар Әубәкіров екенін білеміз.
6.Жиырма-отыздай жылқысы, екі-үш жүз қойы, жиырмаға тарта сауын сиыры бар.(С.М.)
Өз бетімен жұмысты тексеру.
Үй тапсырмасын беру: 89 бет, 3 тапсырма
Оқушыларға баға қою.
Сабақты қорыту.