Қазақстан,Алматы облысы,Сарқан ауданы,Абай ауылы
«Сарқан аудандық білім бөлімі Тасарық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жокеева Сания Сембековна
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, іс-жүзінде дағлысын шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндетті:
1. Алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге баулу.
2. Интелекті ой-өрісін дамыту
3. Тез, дәл, жылдам ойлауға баулу
І. Сайыскерлерімізді таныстыру
ІІ. Әділқазылар алқасын таныстыру
Шын жүйрік сыналатын кезең келді.
Көрейік тамашалап бәйгені енді.
Болса егер ойы терең, ақылы кең
Саралап ой-өірісін ел көреді-дей келе 1-Айналым «Бәйге» сұрақтарға жауап беру. Әр сұраққа 5 ұпайдан. Сайыскерлерімізге шапшаңдылық пен сәттілік тілейміз.
Жан-жақты болу керек нағыз өрен,
Секілді өткір жүзді бейне ақберген.
Өнерлі білімді де әрі батыл,
Ғылымның әр саласын білер терең-дей келе сайыскерлеріміз өздерінің таңдауы бойынша өнер, спорт, әдебиет және жалпы сұрақтарға жауап береді. Егерде сұраққа жауап бере алмаса қарсыластары жауап беруіне болады. Әрсұрақ жеңілнен қиынына қарай 20,30,40,50 ұпайлармен бағаланады. Бұл жерде тақырыпты бірінші болып 1 –айналымда ұпай санын көп жинаған сайыскеріміз таңдайды. Бірақ, осы айналымнан кейін ұпай саны аз сайыскерімізбен қоштасамыз.
Сәттілік және жеңіл сұрақтар, дұрыс жауаптар тілейміз!
Өнер
20-ұпай Қазақ халқыныңтұңғыз кәсиби суретшісі (Ә.Қастеев)
30-ұпай Жамбылдың өнердегі ұстазы (Сүйінбай)
40-ұпай Шараның орнын басқан қазіргі биші қыз (ШұғылСапарғалиқызы)
50-ұпай Пікірсайысты алмастыратын өнер түрі (айтыс)
Әдебиет
20-ұпай Ең тұңғыш қазақ романы (С.Көбеев «Қалың мал»)
30-ұпай «Мен жастарға сенемін» өлеңінің авторы (М.Жұмабаев)
40-ұпай «Енлік-Кебек»пьессасының авторы (М.Әуезов)
50-ұпай «Менің атым -Қожа» әңгімесін кім жазды (Б.Соқпақбаев)
Спорт
20-ұпай Боллейбол ойынында ойыншы саны қанша? (6 ойыншы)
30-ұпай Қазақстан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы кім? (Ж.Үшкемпіров)
40-ұпай 2004ж Афиныда өткен олимпиадалық ойындардың чемпионы болған қазақ спортшысы кім? (Б.Артаев)
50-ұпай Қазақ жастарыны арасындағы тұңғыш шахмат чемпионы кім? (Д.Садуақасов)
Жалпы сұрақтар
20-ұпай Елтаңбамызда күннің неше шуағы бар? (32)
30-ұпай Әбілмансүр деген кім? (Абылай хан)
40-ұпай Ең ұзын қорғаны (Қытай қорғаны)
50-ұпай Қаракерей Қабанбайдың шын есімі кім? (Ерасыл)
Осымен сайысымыздың 2-айналымы аяқталады ұпайларын санап, ұпай саны аз ойыншымызбен қоштасамыз.
Мектепте алған білім сапасын да,
Көрейік осы сайыс арқасында.
Ұялтпай парталасын, ұстаздарын,
Өзінің білім күшін байқатсын да — дей келе келесі айналымға көшеміз.
3 –Айналымға ҰБТ-тапсыратын пән сұрақтары енгізілген. Пән таңдау кезегі ұпай саны аз сайыскерімізге беріледі. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады.
Математика
1. Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы неге тең?
А) қабырғаларының көбейтіндісіне тең
Б) Ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең
В) катеттері көбейтіндісінің жартысына тең
2. Координаталық жүйе кімнің құрметіне аталған?
А) Эйлер Б) Р.Декарт В) Пифагор
3. Қарама-қарсы сан дегеніміз қандай сандар?
А) Айырмашылығы тек таңбасында болатын санды айтамыз
Б) Таңбалары бірдей сандарды айтамыз
В) Нолден үлкен санды айтамыз
4. Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың бірі 1200 Қалған бұрыштарын табыңдар
А) 600, 1200, 1800 Б) 1200, 600, 600 В) 350, 350, 1450
5. Трапецияның ауданы неге тең?
А) табандарының жарты қосындысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең
Б) диагональдарының көбейтіндісіне тең
В) қабырғаларының жарты көбейтіндісіне тең
Қазақ тілі
1. Қазақ тілі неше салаға бөлініп оқытылады?
А) 2 Б) 5 В) 3
2. Фонетика ғылыми нені зерттейді?
А) Грамматиканы Б) сөйлем мүшелерін В)тіл дыбыстарын
3. Бұл жерде я сен, я мен тұрамын. Бұл салалас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?
А) талғаулы салалас Б) кезектес салалас В)себеп салдар
4. Қимыл іс-әрекетті білдіретін сөз табы
А) етістік Б) зат есім В) сын есім
5. Еліктеуіш сөз нешеге бөлінеді?
А) 5 Б) 2 В) 4
Тарих
1. Қазақтың соңғы ханы кім?
А) Кенесары Б) Тәуке В) Абылай
2. Тәуке ханның заңдар жинағы
А) Алтын жарғы Б) Жеті жарғы В) «Ата-Заң»
3. Шыңғыс хан қай баласына өз билігін мұрагерлікке берді
А) Үгедей Б) Бату В) Жошы
4. Есім ханның ұлы
А) Жәңгір Б) Бөкей В) Жошы
5. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы
А) 1990 Б) 1991 В) 1986
Осы сайыстан кейін ұпайы аз сайыскеріміз ойыннан шығарылады.
Сынның сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын,
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секунтпен жүре алатын.
Міне сайысымыздың соңғы айналымы «Жорға» Әр сайыскерлерге 10 сұрақтан беріледі. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан
1-сайыскерге
2-сайыскерге
Сайыстың соңында ұпай саны көп ойыншымыз жеңімпаз атанады.
Марапаттау.