link1008 link1009 link1010 link1011 link1012 link1013 link1014 link1015 link1016 link1017 link1018 link1019 link1020 link1021 link1022 link1023 link1024 link1025 link1026 link1027 link1028 link1029 link1030 link1031 link1032 link1033 link1034 link1035 link1036 link1037 link1038 link1039 link1040 link1041 link1042 link1043 link1044 link1045 link1046 link1047 link1048 link1049 link1050 link1051 link1052 link1053 link1054 link1055 link1056 link1057 link1058 link1059 link1060 link1061 link1062 link1063 link1064 link1065 link1066 link1067 link1068 link1069 link1070 link1071 link1072 link1073 link1074 link1075 link1076 link1077 link1078 link1079 link1080 link1081 link1082 link1083 link1084 link1085 link1086 link1087 link1088 link1089 link1090 link1091 link1092 link1093 link1094 link1095 link1096 link1097 link1098 link1099 link1100 link1101 link1102 link1103 link1104 link1105 link1106 link1107 link1108 link1109 link1110 link1111 link1112 link1113 link1114 link1115 link1116 link1117 link1118 link1119 link1120 link1121 link1122 link1123 link1124 link1125 link1126 link1127 link1128 link1129 link1130 link1131 link1132 link1133 link1134 link1135 link1136 link1137 link1138 link1139 link1140 link1141 link1142 link1143 link1144 link1145 link1146 link1147 link1148 link1149 link1150 link1151
Шалабаева Аршагуль Алжахановна
Должность:директор
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область г.Аксу
Дауыссыз дыбыстардың түрлері, 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.

Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыстартуралы түсініктерін толықтыру; дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндіру; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; бойларына адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Сабақтың типі: жаңа материалды таныту сабағы

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: сөз, логикалық

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

- амандасу, түгендеу;

- сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

- 248 — жаттығу. Өлеңді көшіріп, езулік дауыстылардың астын сызу.

- 259 жаттығу. Дауыстыға басталып, дауыстыға аяқталатын жер — су аттарын жазу (10 сөз).

ІІІ Жаңа материалды меңгеру кезеңі:

Көтеріңкі көңіл күймен,

Бастайық біздер сабақты.

Пайдаменен өткізейік

Бөлінген бізге сағатты.

Тапсырманы орындаңдар:

қ

н

с

ш

… ала

д

б

ж

Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойыңдар. Олар қандай дыбыстар?

Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер) — өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар.

Дауыссыз дыбыстар нешеу?

Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ (26)

Дауыссыз дыбыстар

үн мен салдырдың қатысына қарай:

Қатаң дауыссыздар

салдыр

Ұяң дауыссыздар

салдыр > үн

Үнді дауыссыздар салдыр < үн

к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ (12)

б, в, г, ғ, д, ж, з (7)

р, л, м, н, ң, й, у (7)

Жұп құрайтын дауыссыз дыбыстар: б — п, в — ф, г — к, ғ — қ, д — т, ж — ш, з — с.

Интербелсенді тақтамен жұмыс (әріптерді тиісті жерге апару)..

ІV Бекіту кезеңі:

Суреттерден қатаң дауыссыз дыбысқа басталатын зат есімдерді табыңдар.

Кәмпит, қолшатыр, пышақ, тарақ, сәбіз, таразы, керік, шеге, шаңышқы, піл, телефон, шар, шелек, тоқылдақ, қораз,қой

Бірінші сөздің соңы, екінші сөздің басы болатын буынды тауып жазыңдар:

ҚАЛ . . ҒАМ САЛ . . . ТА

БА . . УЫҚ КӨ . . . ТЕП

КЕ . . ШІН ЖҰМ . . . ША

СА . . НАТ ОЙ . . . САТ

АЛ . . СА МА . . . ЖЫҢ

ЫН . . РАҚ ҚА . . . ДАЙ

Осы екі сөзді бірге қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Бірінші сөздің соңы, екінші сөздің басы болатын буынды тауып жазыңдар:

ҚАЛ та ҒАМ САЛ мақ ТА

БА та УЫҚ КӨ мекТЕП

КЕ меШІН ЖҰМ бақША

СА қа НАТ ОЙ мақ САТ

АЛ ма СА МАқалЖЫҢ

ЫН та РАҚ ҚА таң ДАЙ

Осы екі сөзді бірге қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Тапсырма.

Сөйлемнің әр дыбысы бірдей дауыссыз дыбысқа басталатын сөйлем құраңдар.

Т, қ, с, б, н

Сергіту сәті:

Анаграмма құрастырып шешіп, жауабы болатын дауыссыз дыбысқа ауызша сипаттама беріңдер.

Шөлде бар, көлде жоқ,

Шанада бар, қалада жоқ.

Ш – қатаң, ызың, тіл алды дауыссыз дыбыс.

Майда бар, шайда жоқ,

Малда бар, шалда жоқ.

М – үнді, мұрын жолды, ерін дауыссыз дыбыс.

Қайықта бар, жазықта жоқ,

Байлықта бар, салықта жоқ

Й – үнді, ауыз жолды, тіл алды дауыссыз дыбыс.

Садақта бар, салмақта жоқ,

Дәріде бар, әмірде жоқ.

Д – ұяң, шұғыл, тіс дауыссыз дыбыс.

Бажада бар, базарда жоқ,

Қажыда бар, қамырда жоқ.

Ж – ұяң, ызың, тіл алды дауыссыз дыбыс.

Мына тірек сөздер қатысқан мақал –мәтелдерді еске түсіріңдер.

1. Туған жер, ел, болмас. /Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас./

2. Елімнің басы, тасы, болайын./ Елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын./

3. Бұлбұл, Отансыз./ Отансыз адам — ормансыз бұлбұл./

4. Сары ала қаз, сағынған, аңсайды. /Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды./

5. Алтын, іші. / Ел іші — алтын бесік./

6. Ыстық, Отан. / Отан оттан да ыстық./

Тақтада тапсырма орындау:

аңсайды

Орнында отырған оқушыларға:

ормансыз

V Қорыту, бағалау кезеңі:

- Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Компьютерде тапсырма орындау.

- Сабақты қорыту, баға қою.

VІ Үйге тапсырма беру кезеңі:

- Дауыссыз дыбыстардың түрлері.

- 267 — жаттығу. Үлгідегі сөйлемдерге ұқсас сөйлемдер құрастыру.

- 291 — жаттығу. Дауыссыздан басталатын ертегі кейіпкерлерінің атын жазу (10 — 15 сөз).

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности