link7938 link7939 link7940 link7941 link7942 link7943 link7944 link7945 link7946 link7947 link7948 link7949 link7950 link7951 link7952 link7953 link7954 link7955 link7956 link7957 link7958 link7959 link7960 link7961 link7962 link7963 link7964 link7965 link7966 link7967 link7968 link7969 link7970 link7971 link7972 link7973 link7974 link7975 link7976 link7977 link7978 link7979 link7980 link7981 link7982 link7983 link7984 link7985 link7986 link7987 link7988 link7989 link7990 link7991 link7992 link7993 link7994 link7995 link7996 link7997 link7998 link7999 link8000 link8001 link8002 link8003 link8004 link8005 link8006 link8007 link8008 link8009 link8010 link8011 link8012 link8013 link8014 link8015 link8016 link8017 link8018 link8019 link8020 link8021 link8022 link8023 link8024 link8025 link8026 link8027 link8028 link8029 link8030 link8031 link8032 link8033 link8034 link8035 link8036 link8037 link8038 link8039 link8040 link8041 link8042 link8043 link8044 link8045 link8046 link8047 link8048 link8049 link8050 link8051 link8052 link8053 link8054 link8055 link8056 link8057 link8058 link8059 link8060 link8061 link8062 link8063
Коптлеуова Клара Тажгалиевна
Должность:Бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырау облысы, Атырау қаласы
Мәтіннің бөліктері

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің бөліктері
Сабақтың мақсаты:
Мәтіннің бөліктері туралы түсінік беру.
Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы ондағы сөйлемдердің байланысын көрсету.Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Оқушылардың өзбетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой -қозғау, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек-сызба, суреттер.

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Қазақ тілін мақтаймыз

Ереженің барлығын

Есімізге сақтаймыз.

II.Өткенді қайталау

Құмырсқаның қыста қарны ашпайды. Өйткені, ол жазда таңертеңнен кешке дейін тапқан азығын илеуіне тасып алады. Сондықтан оны еңбекқор жәндік деп атайды.

-Бұл тыңдағандарың не?
-Мәтінде неше сөйлем бар?
-Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма?
-Мәтінге қандай ат қоюға болады?
- Мәтіндегі негізгі ой қандай?

-Мәтіннің қандай түріне жатады?

Сипаттау

Мәтіннің түрлері

Пайымдау

III.Жаңа сабақ

Миға шабуыл

“Түлкі мен қасқыр” ертегісінің бөліктерін анықтау.

Балық аулап келе жатқан шалдың балығын жегісі келген бір түлкі “өлген” болып өтірік жата қалады. (Басы)
Шал көре сала кемпіріме жаға болатын болды ғой деп, шанаға салып алады. Түлкі тіріліп алып балықтарды лақтыра береді. Шана босаған соң өзі түсіп қалады. (негізгі бөлімі)
- Сонша балықты қайдан алдың? — деп қасқыр сұрайды.
- Ауылдың шетіндегі суаттағы ойыққа құйрығыңды батырып
отырсаң, көп балық аулайсың” –деп алдайды.
Сөйтіп қасқыр оған сеніп, адамдардан таяқ жеп,
құйрығынан айырылып қалған екен. (соңы)

-Не оқыдық? (мәтін)
- Мәтін екенін қайдан білдіңдер? (Сөйлемдер бір - бірімен мағыналық жағынан байланысып тұр.)
- Мәтін дегеніміз не? (Өзара мағыналық байланысты айтылатын екі не одан да көп сөйлем құралып, автордың ой - пікірі.)
- Оқыған мәтін неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен)

- Мәтін бөліктері қалай жазылады? (Бөлек)
- Бұл мәтінге қандай ат қоюға болады? (Айлакер түлкі)
- Мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыруға бола ма? (Жоқ)

Мәтіннің үш бөліктен тұрады: басы,негізгі бөліміоңы.Әр бөлік азат жолдан бастап жазылады.

1 тапсырма

Сөйлемдерді мағыналық байланысына қарай ретімен орналастыр.

Ол біздің итімізге құйылған жуындыны да ішіп кетеді. 2

Сөйтіп, көршнің иті біздің үйге келуін қойды. 4

Көршінің иті тойымсыз. 1

Бір күні итімізді үйшігімен көрші ауылға беріп жібердік. 3

2 тапсырма

Суреттерге қара. Оқиға неден басталды? Оқиға қалай өрбіді? Әрі қарай не болды? Немен аяқталды?

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]--

3 тапсырма

Берілген әңгіменің құрылымы бұзылған. Әр бөлімнің орнын анықтап, қалпына келтір.

Үй-іші мұның жайын сұрайды. Сөйтсе, Алмас соның алдындағы күні қасындағы жолдасымен екеуі бір-біріне әлденелерді айтып, сабақты зейін қойып тыңдамапты. Келесі күні мұғалім оны түрегелтіп, кешегі өткен тақырыпты пысықтау ретінде бірер сұрақ қойыпты. Бала күмілжіп, мардымды ештеңе айта алмапты, сөйтіп «екі» алыпты. Негізгі бөлімі

-Мұғалімің дұрыс істеген,-деді әкесі. –Әділ бағасын қойған. Соңы

Алмастың әкесі жұмыстан келді. Кешкі асты ішкеннен кейін күндегі әдеті бойынша ұлының күнделігін қарады. Баласы бір сабақтан «екілік» алған екен. Басы

Сергіту сәті

Бойды бүкпей тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Жай оң қолды оң жаққа,

Жай сол қолды сол жаққа.

Екі қолды айналдыр,

Қос шеңбердей із қалдыр.

Сәл тынығып байқа да,

Он шақты рет қайтала.

4 тапсырма

Алдымен, содан кейін,сосын, ақырында сөздерін пайдаланып «Менің күн тәртібім» тақырыбында мәтін құра

.

Шығармашылық тапсырма

Суреттегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құрап, шыққан сөзді қатыстырып мәтін құра.

( Мектеп)

IV.Бекіту

-Мәтін дегеніміз не?
-Мәтін неше бөліктен тұрады?
-Әр жол қалай жазылады?

-Мәтін неше түрге бөлінеді.

V.Қорытындылау.

Рефлексия.

-Сабақ сіздерге ұнады ма? Стикерлерді смайликтерге жапсыру арқылы көңіл — күйлерін білдіру.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности