link2016 link2017 link2018 link2019 link2020 link2021 link2022 link2023 link2024 link2025 link2026 link2027 link2028 link2029 link2030 link2031 link2032 link2033 link2034 link2035 link2036 link2037 link2038 link2039 link2040 link2041 link2042 link2043 link2044 link2045 link2046 link2047 link2048 link2049 link2050 link2051 link2052 link2053 link2054 link2055 link2056 link2057 link2058 link2059 link2060 link2061 link2062 link2063 link2064 link2065 link2066 link2067 link2068 link2069 link2070 link2071 link2072 link2073 link2074 link2075 link2076 link2077 link2078 link2079 link2080 link2081 link2082 link2083 link2084 link2085 link2086 link2087 link2088 link2089 link2090 link2091 link2092 link2093 link2094 link2095 link2096 link2097 link2098 link2099 link2100 link2101 link2102 link2103 link2104 link2105 link2106 link2107 link2108 link2109 link2110 link2111 link2112 link2113 link2114 link2115 link2116 link2117 link2118 link2119 link2120 link2121 link2122 link2123 link2124 link2125 link2126 link2127 link2128 link2129 link2130 link2131 link2132 link2133 link2134 link2135 link2136 link2137 link2138 link2139 link2140 link2141
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:
Регион:не указан
Конспект урока "Жұлдызды сәт"

Жұлдызды сәт

Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, та-рихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрлерді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: нақыл сөздер жазылған плакаттар, жұлдызшалар.

Мұгалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін сіздер 3-сы-нып оқушылары даярлаған «Жұлдызды сәт» деген тәрбие сағатын керіп тамашалайсыздар. Бүл негізінен ана тілі, ән-саз сабақтары бойынша алынып, жарыс түрінде өтіледі.

1. Терме. 2. Айтыс. 3. Ырымдар, тыйымдар.

Осы бөлімдердің бәріне дерлік бабаларымыздың бізге, кейінгі ұрпаққа айтып кеткен өсиеттері, өнегелі, өшпейтін, өлмейтін мұралары айтылады. Қазақта артында асыл мұра, өлмейтін сөз қалдырған ақындар, жыршылар, термешілер, суырып салма ай­тыс ақындары аз емес. Келер ұрпаққа үлгі, онеге болатын сөздерін асыл мұраларын сөз, өлең арқылы артына тастап кеткен аталарымыз Ыбырай, Абай, Сәкен, Мағжан, Базар жырау, Бұхар жырау, Нұртуған т.б. Олар қазақ даласының мәңгі сөнбейтін жарық жұлдыздары. Енді бүгінгі сабақта сол аталарымыздың өсиетін кейінгі ұрпақ қаншалықты орындап, бойына сіңіріп жатқанын көрейік. Сондықтан бүгінгі тақырыбымызды «Жұлдызды сәт»деп қойдық.

Тақтаға ілінген өнер-білім туралы нақыл сөздермен таныстырып, мағы-насын түсіндіру.

Оқушылар екі топқа бөлінді. Әр топта 8 оқушыдан. Әр окушыға 3 тапсырма беріледі. Ең көп 3 жұлдызша алған оқушы бірінші орынды жеңіп алады. Қай топта жұлдызшакөп болса, сол топ бірінші орынды жеңіп алады.

I бөлім. Терме (үзінділер).

Терме дегеніміз ақылы мен нақылы бар тақпақ сазды әуен. Терме - қазақ поэзиясының және вокалды ән музыкасының жанры. Терме балаларды ата-бабасының өсиетін, өмірлік қағидасын қадір тұтуға үйретеді.

Халық термесі:

Біріншіден не жаман ?

Ұрлап жиған мал жаман.

Екіншіден, не жаман ?

Еркелеп өскен қыз жаман.

Үшіншіден, не жаман ?

Үлгісіз пішкен тон жаман.

Бәрін айт та бірін айт,

Бәрінен де, - ей,

жоқ жаман, жоқ жаман.

IIбөлім. Айтыс.

Айтыс- атауы «айтысу» деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жа-рысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу мағынасында қолданылады. Хал-қымыз үлкен жиын-тойларда бір-біріне өлең түрінде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған. Кейінірек келе ол жарыс өнер жарысына, айтысқа айналған. Айтыстың бірнеше түрі бар, солардың бірі: Құлманбет пен Жамбылдың айтысы.

Құлманбеттің айтқаны:

Құлманбет менің атым, құлан аяқ,

Менің құлан екенім Тәңірге аян.

Албан, Дулат жиылып бата берсе,

Кеңес айтып жырлайын етіп баян

Біреуді Жамбыл деген ел мақтайды.

Еркек қойдай құйрығын салмақтайды.

Ақын болса қайда отыр ол немесі

Көрелік оны неге ардақтайды.

Жамбылдың айтқаны:

Шүу десе, жүйрік озар мынау жолдан,

Демей көр, есікті аруақ, алып қолдан!

Қарасай, дем бере гөр, менің бабам,

Сөйлейін будақтатып оң мен солдан.

Құлманбет сен жақсы да, мен жаман ба,

Ақын да сен жүйрік те, мен шабан ба ?!

"Қарасайлап!" қосылам бір бүйірден,

Ақырында кетерсің бас аманға!..

III бөлім. Ырым-тыйымдар.

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары, наным - сенімдерінің алатын орны ерекше. Өйткені оларда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақ-талған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Енді адамның іс-әрекетіне, сүт тағадамдарына, нанға, жерге, қару-жараққа байланысты тыйымдар мен ырымдарға кезек берейік.

1-окушы: Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл әдепсіздік белгісі.

Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды, бұл басына қайгы-қасірет тускен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.

2-окушы: Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адамның алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өту­зе болмайды, бул қылықтардың бәрі де әдепсіздік.

3-окушы: Кемтар адамга күлуге бол­майды. Кемтар адамға қарап күлсең, өз басыңа келеді.

4-оқушы: Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмайды.

5-окушы: Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны біржолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалу керек.

6-оқушы: Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды. Беті ашық қалса, шаң-тозаң немесе улы жәндіктер түсіп кетіп, сүтті бүлдіреді.

7-окушы: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қойылады.

Жерде жатқан нан болса, алып, адам баспайтын жерге қою керек.

8-окушы: Нанды төңкеріп қоюға бол­майды. Нан - қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.

9-оқушы: Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Тамақ жеудің алдында және соңында қонақтардың қолына жылы су құйылады.

10-оқушы: «Нан қатты екен», «шала піскен», «күйіп кеткен» т.б. сөздерді айтып, нанды, тамақты сынамайды. Нанды, тамақты сынау - ашаршылықты шақыратын жаман ырым.

11-оқушы: Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды. Тамақтану кезінде әрбір адам өзін-өзі ұстай білуі, мүмкіндігіше аз сөйлеуі тиіс.

12-оқушы: Тамақты, нанды қалдырмай, тауысып жеп қою керек. «Жаманнан жарты аяқ ас қалар» деген сөз бекер айтылмаган.

13-оқушы: Тамақ ішіп болғаннан соң тұрып кетуге болмайды. Өйткені тамақтану соңында ас қайырылып, бата беріледі. Үй иесіне жақсы тілек айтылады.

14-оқушы: Отты шашуға болмайды, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді.

15-оқушы: Күл төгілген жерді басуға болмайды. Барлық жаманшылық күлмен кетеді. Оны басу сол жаманшылықты үйіңе әкелгенмен бірдей.

16-оқушы: Егінді, шалғынды бейсауыт баспайды, обал болады. Көкті жұлса, «Көктей соласы» деп жамандыққа жориды.

Әр бөлімнің соңында қазылар алқасы оқушыларға жеке-жеке баға кой-ып отырды. «5» деген баға алған оқушылардың кеудесіне кішкене жұлдызшылар кадалды. Сол бойынша жеңімпаз оқушылар тобы анықталды.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности