link3720 link3721 link3722 link3723 link3724 link3725 link3726 link3727 link3728 link3729 link3730 link3731 link3732 link3733 link3734 link3735 link3736 link3737 link3738 link3739 link3740 link3741 link3742 link3743 link3744 link3745 link3746 link3747 link3748 link3749 link3750 link3751 link3752 link3753 link3754 link3755 link3756 link3757 link3758 link3759 link3760 link3761 link3762 link3763 link3764 link3765 link3766 link3767 link3768 link3769 link3770 link3771 link3772 link3773 link3774 link3775 link3776 link3777 link3778 link3779 link3780 link3781 link3782 link3783 link3784 link3785 link3786 link3787 link3788 link3789 link3790 link3791 link3792 link3793 link3794 link3795 link3796 link3797 link3798 link3799 link3800 link3801 link3802 link3803 link3804 link3805 link3806 link3807 link3808 link3809 link3810 link3811 link3812 link3813 link3814 link3815 link3816 link3817 link3818 link3819 link3820 link3821 link3822 link3823 link3824 link3825 link3826 link3827 link3828 link3829 link3830 link3831 link3832 link3833 link3834 link3835 link3836 link3837 link3838 link3839
Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
Утренник "Прощание с Әліппе" "Әліппемен қоштасу"

Бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі:

Джуматаева Ақмарал Бөлегенқызы

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

«Рахмет саған, Әліппе!» ертеңгілігі. №1 слайд
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Ата — аналарға балалардың қандай білім игергенін іс жүзі
нде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғамын ұластыра түсу.
Көрнекіліктері: «Рахмет саған, Әліппе!», нақыл сөздер, шарлар, оқушылардың үлгілі таза дәптерлері, Ы.Алтынсарин портреті. Презентация, фильм, кейіпкерлер.
№2 слайд. Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Ана тілінің ғажайып, әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, өз тілін оқып-үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын — Әліппе оқулығы. Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік. Екі тоқсан бойы оқыған әліппемен қоштасатын сәт те келіп қалды. Алдарыңызда 1”ә” сынып оқушылары әліппеден алған білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салмақшы. Қарсы алайық!

( әуенмен оқушылар кіреді.)

*Құттықтау сөзі мектеп әкімшілігіне беріледі.

Мөлдір:

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достасып, Өсті білім, сан санат.

Аружан: Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан “Әліппені” бітірдік.

Әдемі: Біз енді өзіміз — ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерімізді бөгетсіз оқи аламыз.
Бейне- Ән: «Тұлпарым»

(№ 3 слайд)

Дамиржан:

Бар кітапқа бас болған,

“Әліппе” ғылым ағасы, Әліппеден басталған, Даналықтың данасы.

Мұғалім:Қайда екен біздің Әліппе?

( әуенмен Әліппе келеді. Қолында сандық )

№4 слайд)

Әліппе:Армысыңдар жас достар,

Армысың ата аналар. Болашаққа жол бастар, Әліппе келді ортаға. Менің атым әліппе, Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ержеткен, Бауыржан да, Мәлік те.

Барлығы:Оны біз де білеміз.

Сондықтан да Әліппе. Мәңгілік сені сүйеміз.

Әліппе:Олай болса алғашқы.

Әліппені кім жазды?

(№5 слайд) Барлығы: Ыбырай Алтынсарин.

Мұғалім:Білім туралы Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?
Дамиржан:
Кел, балалар оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.

Әліппе: Қазақ тілінде қанша әріп бар?

Барлығы: 42 әріп бар.

(№6 с) Әліппе : Ал әріптер қайдасыңдар, сапқа тұрыңдар!

( оқушылар кейбір әріптерге байланысты тақпақтарын айтады. )

Жания: А-дегенім ардақты, Ақ сүт берген апамыз.

Адиля: Ә-дегенім әнімнің, Әнге айналған әуені.

Диас: С-дегенді ел сәбидің, Сылдырмағы ұқпай ма?

Ерсултан: У -жалауша мұны біл
Еліміздің туы бұл.

Дильназ: М -дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар.

Азиза: Ш- Шытырмақ текше ғой
Алты қырын екшей ғой.

Мөлдір: Ғ -Ғажап бояу жағады
Ғали сурет салады.

Әдемі: Р- Ракета зымырап
Ғарышқа оны ұшырам.

Дамиржан: Б-дегенің бабамыз
Бауыржандай батыр ғой.


Аружан: Ұ Ұшақ ұшатын
Бұлтарды құшатын.

Азиза: Ф Футбол ойыны
Аяқ доп дейді оны.

Мұғалім: Әріптердің сыры бар,

Алфавитті біліп ал!

Ән: «Әнші балапан».

(№7 слайд.) Мұғалім: Ойын. «Жоғалған әріп»

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к… гершін, лагерь, хоккей, т.с.с
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

(№8 слайд) “Сұрақ — жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар: 1 топқа сұрақтар
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?

2 топқа сұрақтар: 9. Күзде не сарғаяды?

10.Сен қайда тұрасың?
11.Сенің Отаның қай ел?
12.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

13.Орман дәрігері қай құс?

14.Қыста қоянның түсі?

15.Егінді қашан орады?

16. Иіс сезу мүшесі?

Әдемі: «Жарқын жүзді ұстазым.» Ш.Смаханұлы

Келгенімде алдыңа

Қызыл-жасыл гүл алып.

Жақын тарттың жаңына

«Шәкіртім» деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың,

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

(№9 слайд) Ән. “Рахмет саған, әліппе (орындарына отырады)

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар!

Мұғалім: Қазақ халқы шешен халық.Шешендік өнер біздің халқымыздың асыл мұрасы. Ата-бабадан балаларға жеткен баға жетпес байлық, асыл қазына.

(музыкамен залға екі пират кіреді )

(№10 слайд щелчокпен басу 1 рет) 1-пират:Естідіңбе, мына кітапта қазына, байлық бар екен!

2-пират: Тезірек алып қашайық! Іші толған алтын, ақша шығар! Бұл нағыз байлық!

(екеуі залды айналып ,Әліппені қоршап алады. Қолындағы сандығын ашады)

1-пират: Мынау не? Әріптер, суреттер?! Байлық қайда?

2-пират: Қазынаны қайда тықтың?

(№ 11 слайд) Әліппе( басын шайқап): Сендер ақшаны, алтынды байлық деп санайсыңдар. Ол дұрыс емес. Нағыз байлық, қазына — ол кітап, оның ішіндегі мақал-мәтелдер, нақыл, дана сөздер, ертегі, аңыздар. Егер сендер мына оқушыларды тыңдасаңдар бәрін де өздерің түсінесіңдер.

-Кәне, балалар, менен қандай мақалдарды үйрендіңдер?

1 — оқушы: Оқу-инемен құдық қазғандай.

2 — оқушы: Өнерлі бала сүйкімді.

3 — оқушы: Гүл өссе- жер көркі,

Қыз өссе- ел көркі.

4 — оқушы: Ана тіліңді ұмытқаның,

Өз тіліңді құртқаның.

5 — оқушы: Ана тілің — қазынаң.

6 — оқушы: Отан — алтын бесік.

Әліппе: Жарайсыңдар!

Мұғалім: Қазақ халқы ежелден балаларын тазалыққа, кішіпейілдікке, инабаттылыққа тәрбиелеген. <span style="font-siz

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности