link5880 link5881 link5882 link5883 link5884 link5885 link5886 link5887 link5888 link5889 link5890 link5891 link5892 link5893 link5894 link5895 link5896 link5897 link5898 link5899 link5900 link5901 link5902 link5903 link5904 link5905 link5906 link5907 link5908 link5909 link5910 link5911 link5912 link5913 link5914 link5915 link5916 link5917 link5918 link5919 link5920 link5921 link5922 link5923 link5924 link5925 link5926 link5927 link5928 link5929 link5930 link5931 link5932 link5933 link5934 link5935 link5936 link5937 link5938 link5939 link5940 link5941 link5942 link5943 link5944 link5945 link5946 link5947 link5948 link5949 link5950 link5951 link5952 link5953 link5954 link5955 link5956 link5957 link5958 link5959 link5960 link5961 link5962 link5963 link5964 link5965 link5966 link5967 link5968 link5969 link5970 link5971 link5972 link5973 link5974 link5975 link5976 link5977 link5978 link5979 link5980 link5981 link5982 link5983 link5984 link5985 link5986 link5987 link5988 link5989 link5990 link5991 link5992 link5993 link5994 link5995 link5996 link5997 link5998 link5999
Батимова Гульжайна Каирлаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Темір

Қызылорда облысы

Арал ауданы

№64 орта мектебі

Жұмағұлова Гүлбану

Химия пәнінің мұғалімі

Сабақ тақырыбы: §37. Темір

Сабақ мақсаты: 1. Табиғатта кең тараған темір металы туралы мағлұмат беру;

2. Кәсіптік білімдерін дамыту;

3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Д.М.Менделеев жасаған периодтық кестесі, слайд, химиялық

реактивтер, ыдыстар, интерактивті тақта

Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру

ІІ. Кім көп біледі? (үй тапсырмасы)

ІІІ. Мағынаны таны (жаңа сабақ)

ІV. Есептер шығару

V.Бағалау

VI . Үйге тапсырма

VII. Қорытындылау

Сабақ барысы: І. Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын тексеру.

Үй тапсырмасы

Алюминий перидтық жүйедегі орнына сипаттама?

Физикалық қасиеттеріне сипаттама?

Химиялық қасиеттеріне сипаттама?

Алюминий қайда қолданамыз?

Өнеркәсіпте алюминий қалай аламыз?

Алюминийдің қандай оксидтері бар?

Алюминийдің қандай гидроксидтері бар?

ә) Есеп шығару

ІІІ. Мағынаны таны:Жаңасабақ

Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:

1. Темірдің периодтық жүйедегі орны (химик)

2. Табиғатта таралуы және маңызы (геолог)

3. Темірдің ашылу тарихы (тарихшы)

4. Физикалық қасиеттері (физик)

5. Темірдің алынуы (металлург)

6. Темірдің табиғатта таралуы (географ)

7. Темірдің химиялық қасиеттері ( химик)

8. Темір биологияда (биолог)

9. “Кім жылдам?” есептерді орындау

1. Химик:

4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша орналасқан

реттік нөмірі 26, салыстырмалы атомдық массасы 56

26 электрон, 26 протон, 30 нейтрон,

4 электрондық қабат, 2)8)14)2),

электрондық конфигурациясы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

Темір — VIIIБ топ элементі, d - элемент. Темірдің валенттік электрондары сыртқы

s-e және сырттан санағанда екінші деңгейдегі

d-e болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді. +2, +3

2. Геолог:Маңызды қосылыстары: магнетит-Fe3O4, гематит-Fe2O3, лимонит-Fe2O3 ∙ nH2O, пирит- FeS2

3. Тарихшы:Темірдің ашылу тарихы:

Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес Хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі Дамаск болатты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.

4. Физик:

Темір күмістей ақ түсті, жұмсақ, соғуға, созуға, таптауға, жақсы өңделетін және қиын балқитын металл. Т(б)-1539 С, Т(қ)-3200 С p-7,87 г/см. Темір оңай магниттеледі және магниттік қасиетін жоюға бейім келеді…

Меккедегі қара тастың өзі де таза темірден жасалғаны белгілі, оның ауада тіреусіз қалқып тұруы- темірдің магниттік қасиетіне негіделген.

“Темірді қызған кезде соқ” қандай физикалық қасиетіне негізделген.(созылғыштығына)

5. Металлург:

Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:

Пирометаллургиялық әдіспен:

оксидінен тотықсыздандыру арқылы:

Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:

Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe

көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру арқылы:

Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

6. Географ: Темір — табиғатта таралуы бойынша екінші орындағы металл.

Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.

Темір кендерінің ең үлкен қоры Оралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).

Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады,оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.

7. Химик: Жай заттармен әрекеттесуі:

Темір оттекте жанғанда екі тотығу дәрежесін де (+2, +3) көрсетеді, ұшқын

шашыратып жанады:

3Fe + 2O2 = Fe3O4 (FeO * Fe2O3)

Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:

2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3

Fe + S = FeS

Күрделі заттармен әрекеттесуі:

Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:

Fe + H2O = FeO + H2

Ылғалды ауада тат түзеді:

4Fe0 + 6H2O + 3О2 = 4Fe(OH)3

Fe0 — 3е- = Fe+3 4

O20 +4е- = 2О -2 3

Концентрлі азот және күкірт қышқылдарында темір енжарланады, өйткені ерімейтін қосылыстардың қорғағыш қабатшасымен қапталады.

Сұйытылған азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттесіп, темір тотықсызданады:

Fe + 4HNO3(сұй)= Fe(NO3)3 + NO + 2H2O

Fe + H2SO4 (сұй) = FeSO4 + H2

Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:

Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu

8. Биолог:

Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді.

Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында, малдың бауырында, сары майда кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті.

9.Қолданылуы:

Темірді электрмотор, электрмагнит трансформаторларының өзекшесін және

микрофон мембранасын жасауға қолданылады. Іс жүзінде темірдің

құймалары — шойын мен болат көбірек қолданылады.

10. “Кім жылдам?” есептерді орындау

№8. Темір шегелерді: а) күкірт қышқылы H2SO4, ә) мыс (ІІ) сульфаты CuSO4, б) кальций хлориді CaCI2, в) күміс нитраты AgNO3, г) натрий хлориді NaCI ерітінділері бар сынауықтарға салды. Қай сынауықта химиялық реакция жүреді? Реакция теңдеулерін жазу.

Бағалау

Үйге тапсырма: §37. Темір

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности