link14760 link14761 link14762 link14763 link14764 link14765 link14766 link14767 link14768 link14769 link14770 link14771 link14772 link14773 link14774 link14775 link14776 link14777 link14778 link14779 link14780 link14781 link14782 link14783 link14784 link14785 link14786 link14787 link14788 link14789 link14790 link14791 link14792 link14793 link14794 link14795 link14796 link14797 link14798 link14799 link14800 link14801 link14802 link14803 link14804 link14805 link14806 link14807 link14808 link14809 link14810 link14811 link14812 link14813 link14814 link14815 link14816 link14817 link14818 link14819 link14820 link14821 link14822 link14823 link14824 link14825 link14826 link14827 link14828 link14829 link14830 link14831 link14832 link14833 link14834 link14835 link14836 link14837 link14838 link14839 link14840 link14841 link14842 link14843 link14844 link14845 link14846 link14847 link14848 link14849 link14850 link14851 link14852 link14853 link14854 link14855 link14856 link14857 link14858 link14859 link14860 link14861 link14862 link14863 link14864 link14865 link14866 link14867 link14868 link14869 link14870 link14871 link14872 link14873 link14874 link14875 link14876 link14877 link14878 link14879
Коптлеуова Клара Тажгалиевна
Должность:Бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырау облысы, Атырау қаласы
"Сан есім" таңдау пәні

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен сан есімді тауып дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру. Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру. Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: деңгейлеп –саралап оқыту

Көрнекілігі: дидак.материал

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар, мейірімділік жылы жүректен пайда болады. Сол мейірім мен жылылықты бір - бірімізден аямайық. Ол үшін қолымызды жүрек тұсына қойып, екінші қолымызбен демеп, түсіріп алмастай етіп, бір - бірімізге жүрек жылуын берейік.
«Сіз»-«Біз» деген жылы сөз -
Жылытады жүректі,
Бір - біріне болып кез,
Кең болсын адам пейілі.

II.Өткенді қайталау

Ойлан, тап

-Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сен жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді не дейміз? (зат есім)

-Зат есімнің сұрақтары қандай? Мысал келтір

-Айналаңдағыларға зер салып қара. Олардың қимылын , не істеп жатқанын білдіретін сөздерді не дейміз? (етістік)

-Етістіктің сұрақтары қандай? Мысал келтір

-Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөз табын қалай атаймыз? (сын есім)

-Сын есімнің сұрақтары қандай? Мысал келтір

Етістік

Сөз таптары

Зат есім Сан есім

Сын есім

III.Жаңа сабақ

Қызығушылықтарын ояту

Бос торкөздерге тиісті санды қойып өрнектің мәнін тап. Дұрыс орындалған жағдайда сабақтың тақырыбы анықталады

74-70=е 100-11=с 66-65=і 18+3=а 9+9=н 70-5=м 45-40=с

5

21

18

С

А

н

4

89

1

65

е

с

і

м

-Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Сан есім». Енді назарымызды суреттерге аударайық. Берілген суреттегі заттардың санына мұқият зер салып қара.

-Заттың санын анықтау үшін қандай сұрақтар қоясың?

-Ал, заттың ретін анықтау үшін ше?

-Қанша? неше? нешінші?сұрақтарын қоя отырып нені анықтап біле аласың?

-Демек, қандай қорытынды жасаймыз? Сан есім дегеніміз не?

-Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады: бес , екінші,алтау

-Ал, жоғарыда көрсетілген сызбадағы сандарды қалай топтауға болады?

1 таңбалы 2таңбалы

5,4,1 21,18,89,65

-Берілген цифрларды жазбаша жазып көрейік.

бес жиырма бір

төрт он сегіз

бір сексен тоғыз

алпыс бес

Қорытынды ереже:Екі сөзден тұратын сан есім бөлек жазылады.

Сан есім анықтамасы заттың санын, ретін білдіретін сөздер

сұрақтары қанша? неше? нешінші? нешеу?

1 деңгей

1 тапсырма

Сандарды сөзбен жаз

1,4,6,2,5,3,,9,10,20,100

2 тапсырма

Сан есімдерді теріп жаз.

Көк кит

Көк киттердің кейбіреулерінің ұзындығы 30 метр болса, салмағы 150 тонна тартады. Кит аулаушылар мұндай киттің біреуінен 60 тонна ет, 30 тонна май алады. Киттің тілі 4 тоннаға жуық, бауыры 1 тонна болады.

2 деңгей

1 тапсырма

Сандарға тиісті жалғауды жалғап, сөзбен жазу

Ат жарысында Жалғастың аты 1 келді. Асқар 5 үй, 16 пәтерде тұрады.

Арманның інісі 2 сынып оқиды. Қарашаның 22.Спорт жарысына 7 сынып оқушылары қатынасты.Біз 3 қабатта оқимыз.

2 тапсырма

Кестені тиісті сөздермен толықтыр

Неше?

Нешеу?

Нешінші?

екі, бесінші,үш, он, он алтыншы, жетеу, алтау, сегізінші, екінші, он тоғыз, алтау, біреу, отыз, қырық екі, отыз екінші, төртеу, бесеу, тоғыз.

Сергіту сәті

Тік тұр, түзеп бойыңды,

Соз алдыңв қолыңды.

Ұзақ күтіп баптанба,

Қанатың жай қапталға.

Қос қолыңды соз алға,

Көтер көкке мойныңды.

Тік ұста да бойыңды,

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да,

Жеткіз жираф мойнына.

Шығармашылық тапсырма

Жұмбақты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра

Бұйырмапты бас та,

Ауыз да,

Құлақ та.

Үлкен үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

3 деңгей

1 тапсырма

Жұмбақтың шешуін тап, сан есімдердің астын сыз. Шешуінің жауабын қатыстырып сөйлем құра.

Бір топ бала тоғаннан,

Он бес балық ұстадық.

Бөліскенде оларды,

Тиді әрікмге үш балық.

Сынайын бір ал сені,

Бала саны қанша еді? (5)

2 тапсырма

«Он-оныншы» сан есімдерінің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын дәлелде.

он оныншы

IV.Бекіту

«Қол соғу» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін тереңдету, айтқанды мұқият тыңдауға үйрету.

Ойынның шарты:

-Мен сендердің нені дұрыс есте сақтап қалғандарыңды тексеремін. Зат есім, етістік, сын есім, сан есімді білдіретін сөздерді айтамын. Сендер тек сан есімді айтқанда ғана қол соғасыңдар.

Мысалы: қала, орамал, үшінші, екі, қырық жеті, ақылды, көйлек, бір, оқырман, жүр

ді, жүз, кетті, жаз, елеу, алтау т.б

V.Мадақтау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности