link12969 link12970 link12971 link12972 link12973 link12974 link12975 link12976 link12977 link12978 link12979 link12980 link12981 link12982 link12983 link12984 link12985 link12986 link12987 link12988 link12989 link12990 link12991 link12992 link12993 link12994 link12995 link12996 link12997 link12998 link12999 link13000 link13001 link13002 link13003 link13004 link13005 link13006 link13007 link13008 link13009 link13010 link13011 link13012 link13013 link13014 link13015 link13016 link13017 link13018 link13019 link13020 link13021 link13022 link13023 link13024 link13025 link13026 link13027 link13028 link13029 link13030 link13031 link13032 link13033 link13034 link13035 link13036 link13037 link13038 link13039 link13040 link13041 link13042 link13043 link13044 link13045 link13046 link13047 link13048 link13049 link13050 link13051 link13052 link13053 link13054 link13055 link13056 link13057 link13058 link13059 link13060 link13061 link13062 link13063 link13064 link13065 link13066 link13067 link13068 link13069 link13070 link13071 link13072 link13073 link13074 link13075 link13076 link13077 link13078 link13079 link13080 link13081 link13082 link13083 link13084 link13085 link13086 link13087 link13088 link13089 link13090 link13091 link13092 link13093 link13094 link13095 link13096 link13097 link13098 link13099
Мансурова Амина Шакиртовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан Жамбылская область Т,Рыскуловский район
Регион:не указан
Ертеңгілік "Аяулы анашым"

Аяулы анашым

Ән ырғағымен балалар ән-күй залына кіріп,жарты шеңбер болып тұра қалады.

Жүргізуші: Тойлаймыз біз бүгін,

Мерекесін біздердің,

Айтыңдаршы балалар Ойланбай-ақ балалар.

Балалар: Ана!Ана!Ана!-деп бірге айтады.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар,ақ жаулықты әжелер,қыздар! Сіздерді 8 наурыз халықөаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!Өсіріп отырған балаларыңыздың қызығын көріңіңздер!Сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты балалардың шағын ән сазды тамашасын тамашалаңыздар.

Тақпақтар:

Сабина:

Айналайын ана мерекеңмен Сыйлайыншы саған дала гүлін мен

Мерекелі күнің қандай тамаша,

Кеудеңдегі гүлің қалды жараса

Айғаным:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам,

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Рахат:

Көктем келді қуантып,

Күн шуағы нұрланды

Аналарға келеміз

Құшақ-құшақ гүл алып.

Кристина:

Алақаны ақ самал,

Мәпелеген жан анам,

Көкте күнім батсада

Өзің күнсің балаға.

Жансая:

Айбат анам ай анам

Ботам деген даусыңнан

Мәз-мәз болып оянам,

Айналайын ақ мамам.

Аяла:

Балал,бала бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Илияс:

Алақай-ау,алақай

Үйге келді мамамыз,

Сол сәт барлық балақай

Мәз-мейрам боп қаламыз.

Әсел:

Қадірлі аналар көңілді,

Көктемдей жайнап гүл ашты

Бақытқа толып өмірі

Шаттыққа шаттық ұлассын.

Шырай:

Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Ән: «Айналайын мама»

Көктем келеді.

Көктем:

сәлеметсіздер ме аналар,әжелер,балалар,қыздар

Мен көгілдір көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Орманда бұл-бұл сайраған

Көптен күткен көктеммін

Әлемдегі ең әдемі аналарды құттықтауға келдім.Сіздерге зор денсаулық пен ашық аспан тілеймін.Мен осында көбелектерімді көріп тұрмын ғой.Олардың билерін сағындым.Билеп бересіңдер ме.

«Көбелек»биі.

Көктем: Билерің өте тамаша екен .Рахмет сендерге.Менің Карлсон деген досым бар.Карлсонға сендердің көмектерің керек.Балалар ол өзінің әжесін іздеп жүр.Көмектесемізбе?Олай болса бәріміз Карлсонды шақырайық.

Балалар: Карлсон! Карлсон!

Осы кезде Карлсон ұшып келеді

Карлсон: Сәлеметсіңдер ме балалар Менің атым Карлсон Мерекелеріңіз құтты болсын аналар,қыздар.Менде өзімнің әжемді құттықтайын десем жоғалтып алдым.Таппады сендер маған көмектесіңдерші.

Жүргізуші: Карлсон қазір бізде әжелеріміз биге шығады Мүмкін соның ішінде жүрген шығар сенің әжең.Тамашалашы.

«Әжелер биі»

Карлсон: Жоқ бұл әжелердің ішінде менің әжем жоқ екен.

Карлсон:Балалар сиқырлы кемеге мініп бәріміз менің әжемді іздейікТербелейікші.

Жүргізуші: Балалар Карлсон әжесін сағыныпты Олай болса әжелеріміз туралы тақпақтар айтайықшы.

Ақсезім:

Мен әжемді сүйемін

Киімді өзім киемін,

Ақылыңа көнемін

Өлең айтып беремін.

Шыңғыс:

Менің әжем ақ әжем,

Менің әжем жыр әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем

Шуағы мол нұр әжем

Саян:

Ойнап келсем күнім деп

Қарсы алады күлімдеп

Мен сабақты оқимын

Әжем кілем тоқиды.

Іңкәр:

Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Біздің үйдің бәріне

Әжені іздеу. Кемемен тербелу.

Жүргізуші: балалар бәріміз шаршадық.Олай болса бәріміз шаршағанымызды басып,бір өлең айтып жіберейік

«Аяқпене Топ-топ»

Тақпақтарға кезек берейік:

Ерасыл:

Алтын анам ол менің

Мені жақсы көреді

Үйретеді өлеңін

Ертегі айтып береді.

Мөлдір:

Теңдесі жоқ дананың

Арқа тұтар панасың

еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

Нұрғиса:

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр кү мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші мартыңмен.

Аслан:

Анам менің асқар тауым

бал бұлағы жайнаған

Анам менің қуанышым

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности