link13482 link13483 link13484 link13485 link13486 link13487 link13488 link13489 link13490 link13491 link13492 link13493 link13494 link13495 link13496 link13497 link13498 link13499 link13500 link13501 link13502 link13503 link13504 link13505 link13506 link13507 link13508 link13509 link13510 link13511 link13512 link13513 link13514 link13515 link13516 link13517 link13518 link13519 link13520 link13521 link13522 link13523 link13524 link13525 link13526 link13527 link13528 link13529 link13530 link13531 link13532 link13533 link13534 link13535 link13536 link13537 link13538 link13539 link13540 link13541 link13542 link13543 link13544 link13545 link13546 link13547 link13548 link13549 link13550 link13551 link13552 link13553 link13554 link13555 link13556 link13557 link13558 link13559 link13560 link13561 link13562 link13563 link13564 link13565 link13566 link13567 link13568 link13569 link13570 link13571 link13572 link13573 link13574 link13575 link13576 link13577 link13578 link13579 link13580 link13581 link13582 link13583 link13584 link13585 link13586 link13587 link13588 link13589 link13590 link13591 link13592 link13593 link13594 link13595 link13596 link13597 link13598 link13599 link13600 link13601 link13602 link13603 link13604 link13605 link13606 link13607
Есмаганбетова Мадина Казыккызы
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырау қаласы
Тәрбие шара: «Ерлерге тағзым»

Тәрбие шарасының тақырыбы: «Ерлерге тағзым»

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ерлерге тағзым» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

Дильназ

Жетпіс жыл бейбіт көктем таң атқалы,
Жетпіс жыл шуақты күн таратты әнін
Есімде содан бері жетпіс рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Нұрсұлтан

Талай құс содан бері қайта оралды.
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
Дильназ

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут
Есіме алам сол бір апат қайғыны.
Нұрсұлтан: Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік (1 минут үнсіздік)

1- көрініс (анасы ұршық иіріп отырады, жігіт қуана кіреді)

Баласы сыртантан жүгіріп келеді.

- Апа , апа, дорбамды әзірлеші.

- Құлыным, қайда барсың?

- Апа трактор орталыққа жүргелі тұр, трактордың оқуын оқып келемін, апа тезірек.

- Қайда әлгі дорба. Ала ғой, құлыным, аман-барып сау қайт. Ашығып қалма. Жүр шығарып салайын.

Радиодан :

- соғыс

-ойбай не болдық?

- Керман дейді, жауызға не жетпейді екен? - (боздақтар кіріп қоштасады)

Анасы: - Құлыным-ау сол не дейді, соғысқа алып бара жатыр ма?

Ұлы: - Апа ел басына күн туған шақта не деуге бола ма? Ел үшін жер үшін, сіздер үшін аянбаймын. Ел қорғауға әзірмін.

Анасы: — Қайтейін құлыным, құдай салды, біз көндік.

Әже: - А алласы сақтай гөр, бір өзіңе тапсырдым.

Ата: Ал жортқанда жолдарың болсын!

Аман барып, сау қайтыңдар.

Қыдыр ата жолдастарың болсын!

Аман барып, сау қайтыңдар.

Ұлы : Қош бол елім, қан майданға жөнелдім.

Жаным барда жаудың жолын бөгермін.

Ия, болмаса омырауымнан оқ тиіп,

Жүрегімнің жанын жерге төгермін. (Жігіттер қоштасып, сахнадан шығып кетеді)

Анита

Қиылды қанаттары тәтті арманның,

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.

Әлемде ең сұмдық күн айел үшін,

Майданға азаматтар аттанған күн.

Бұл басты ашық сәні қашты аспанның,

Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның,

Анаға ең ауыр күн тіршілікте,

Боздап кеп, боздағымен қоштасқан күн.

Ырысгүл

1418 күн мен түн оты маздап соғыс қазаны сақылдап қайнап ажал оғы ойнап жатты. Қазақстанда құрылған көптеген әскери құрамалар ұлы шайқастардың жылнамасында даңқты беттер жазып қалдырды. 316 — атқыштар дивизиясы, 238 және 312 атқыштар дивизияларының Москва түбіндегі шайқастарда, 29 және 38 дивизиялардың Сталинград түбінде, Курск доғасында, 310 және 314 дивизиялардың Ленинград қаласы үшін ұрыстарда даңқы шықты.
Эльназ

Кеңес Одағы бойынша 11 600 адам Кеңес Одағының батыры атағын алса, оның 497 — сі қазақстандықтар. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар 96 638. Кеңес Одағының батыры атағын үш мәрте алған Иван Кожедуб, екі мәрте алған Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов қазақстандықтар. Дубосеково разъезі жанындағы шайқаста 28 панфиловшылардың ерлігі дүние жүзіне мәлім болды.

Би: Смуглянка

Милана
300 мың жауынгер қыз — келіншектердің ішінде 86 - сы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, оның екеуі бүкіл Шығыстың даңқты қыздары — Әлия мен Мәншүк.

Анита
Ару қыздар, алаулап от кешкендер,
Сыздап тұр - ау әлі күнге оқ тескен жер.
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде
Ару қыздар, алаулап от кешкендер.

Көрініс: «Комбаттың әңгімесі»

Хор: «Шығыстың қос жұлдызы»

Алтынай

Өткізді олар сызды окопта күндерін
Елестетем қанды кешіп жүргені
Естігендей болам жаудың шебіне
Атой салған сарбаздардың үндерін.

Аянат

Талай жанды қиды ажал балтасы,
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы
Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз
Ел қорғаған аталардың арқасы.

Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Соғыстан қайтқан солдаттар әні естіліп тұрады.

Балалар асық ойнап жүреді.

1 Бала : Біреулер келеді....

2 Бала: Арба?!

3 Бала: - Поштасы болар

4 Бала: - Жоқ, пошташы есекпен жүреді.

1 бал: - Көкем?! Көкемдер болар, солар Ура-аааа! Кө-ке, көкем келеді, деп арбаға жүгіреді.

2 бала: Сүйінші, апамнан сүйінші сұраймын. Апа сүйінші, сүйінші!

(Сахнадан шығып кетеді. Арба көрінеді. Екі келіншек жүгіріп келеді. Жігіт арбадан секіріп, ортада құшақтасып тоқтайды.)

Әйел: Келдің бе? Барсың ба? Көп күттік қой.

Солдат: - Боташ, бармын, бармын. Ауыл, ел аман ба?

Әйел: Шүкір, келдің бе? бар екенсің ғой.

Келген бір солдаттың ізін ала қолдары жоқ, мойнында гормоны бар жігіт жетеді. Оны келіншегі құшақтап жылап тұрады.

Гармоншы солдат: Дәурен

Қайран өмір! Мұнша неткен келісті ең!

Өткен күнге қарай алмай мен үстем,

Тек қолым жоқ, айқасқанда ажалмен,

Қолсыз өмір сүруге де келіскем.

Кешіре гөр қос қолыммен құшақтап,

Сүйе алмадым мені күткен періштем,

Қолдарымды тастап жанған орманға,

Аман қайттым қарай берем бар маңға.

Соғыс бітті, арман қайсы, арман ба?

Қолым болса, бар ма онда,

Армансыз ойнар едім гармонда

(Тағы бір екі ана жетеді, шашу шашады.)

- Той ғой бұл, той ғой! ( құшақтасып, көрісіп жатады.)

Көңілді сазға ауысады.

Дильназ

Сүйінші халқым, сүйінші!

Беліңді бекем буыншы.

Айрылсын мейлі қос қолдан,

Айрылсын мейлі аяқтан,

Ұрпақтың жүгін ол артқан.

Топарға да шүкір ет,

Отауларда сөнбесін от.

Жеңдік біз жауды күйрете,

Жасасын той- мереке.

Хор: «Жойылсын соғыс»

Қорытынды сөз: Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі жарқырай береді. Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен әкелер мен апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Ерлердің рухына біздер тізе бүгіп, тағзым етеміз!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности