link13440 link13441 link13442 link13443 link13444 link13445 link13446 link13447 link13448 link13449 link13450 link13451 link13452 link13453 link13454 link13455 link13456 link13457 link13458 link13459 link13460 link13461 link13462 link13463 link13464 link13465 link13466 link13467 link13468 link13469 link13470 link13471 link13472 link13473 link13474 link13475 link13476 link13477 link13478 link13479 link13480 link13481 link13482 link13483 link13484 link13485 link13486 link13487 link13488 link13489 link13490 link13491 link13492 link13493 link13494 link13495 link13496 link13497 link13498 link13499 link13500 link13501 link13502 link13503 link13504 link13505 link13506 link13507 link13508 link13509 link13510 link13511 link13512 link13513 link13514 link13515 link13516 link13517 link13518 link13519 link13520 link13521 link13522 link13523 link13524 link13525 link13526 link13527 link13528 link13529 link13530 link13531 link13532 link13533 link13534 link13535 link13536 link13537 link13538 link13539 link13540 link13541 link13542 link13543 link13544 link13545 link13546 link13547 link13548 link13549 link13550 link13551 link13552 link13553 link13554 link13555 link13556 link13557 link13558 link13559
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Гүлдер біздің сәніміз

Казахстан, Южно-Казахстанская область, г. Шымкент,пос. Сайрам

Детский сад «Гул Астана»

Воспитатель

бетон в300.

Расулметова Дилафруз Абдурасуловна


«Гүл Астана» балабақшасы
«Бөбек» тобының тәрбиешісі
Расулметова Дилафруз Абдурасуловна


Тақырыбы: «Гүлдер біздің сәніміз»

Мақсаты: Гүлдердің түрлерімен таныстыру Гүлдердің түр — түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Түстер туралы ұғымын бекіту, түстердің атын білуге машықтандыру. Сөздік қорын молайту, тілдік белсенділік қызметін арттыру. Гүлдердің түр — түстерін есте сақтау, қабылдау, ойлау сезімдерін дамыту. Түған еліннің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайыннан тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: қызғалдақ, күнбағыс, раушангүл, түймедақ, лалагүл, бәйшешек, бақытгүл, «жеті қазына».

Көрнекі құралдар: экран-проэкторға салыған гүлдердің суреттері, қойылған бөлме гүлдері, қиылған гүлдердің суреттері.

Әдіс- тәсіл: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап.

Сабақ барысы: Балалар жарты шеңбер болып тұрып, бір- біріне күлімдеп, келген қонақтармен амандасады.
Балалар: Білер қазақ баласы
«Сәлем»- сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз
Тәрбиеші: Балалар, келіңдер шеңбер болып отырайық, бәріміз көзімізді жұмып, әуенді тыңдайық. Осы кезде гүлдердің киімдерін киген қыздар келеді. Балалар орындарынан тұрып, орындыққа отырады. Олай болса мен сендерді гүлдермен таныстырайын.


Бәйшешек: Бес дегенім бәйшешек
Бірінші гүлі көктемнің
Бәйшешекті оятар
Баяулап түртіп, көктен нұр.

Түймедақ: Түймедейін сары дақ ортасында,
Тарала өскен ақ гүлі бар қасында
«Түймедақ» деп аталып кеткен екен,
Түймеге ұқсас сол дақтың арқасында.

Қызғалдақ: Қырқалардың төрінен
Лаулап көзге ұрады
Қызғалдақтар өңірді
Қып- қызыл ғып тұрады

Лалагүл: Лаулап оттай шілде айында лалагүл,
Лала гүлмен құлпырады дала бір
Ләззат алмау мүмкін болмас көркінен
Лалагүл де өзгеше әсем, дара гүл

Күнбағыс: Көк төсінде алтын күн
Көрінгенмен мұнша алыс
Келеді одан көз алмай
Кербез сұлу күнбағыс

Раушангүл: Әдемімін, менен қай гүл аса алған
Әуелден -ақ «Гүл патшасы» атанғам
Әсемдік пен хош иістен нәр алдым
Әлемнің көп жерлеріне таралғам

Бақытгүл: Бұл әсем гүл күзде, ұзақ гүлдейді
Басқа гүлдей шілдеде өмір сүрмейді
Бір мереке бар жапондар елінде
Бақытгүлі тұрады оның төрінде

Сергіту сәті: Жайқалады ағаштар,
Бетімізге жел еседі,
Кіп- кішкентай балалар,
Үп- үлкен болып өседі.
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге жайқалған

Жарайсыңдар балалар! Балалар орындыққа отырады.
Ойын: «Жеті қазына»
Шарты: Қоржыннан түрлі- түске боялған асықтарды, балалар бір- бірден шығып, алады. Қандай түсті алса тура сол түсті гүлдің шоғырын алып, оның ішіндегі суретін атап әңгімелейді.
Әңгімелеп болған соң, тақтаға іледі.
Тәрбиеші: Балалар бәріміз енді мына үлкен теледидарға қарайық. «Түстерді үйренеміз» атты слайдқа қарайық.
Қыздардың орындауында «Гүлдер» биі.
Балалардың шығармашылық жұмысы «Меруерт гүлін» жапсыру.

Сергіту сәті: «Гүлдер биі»

Сабақты пысықтау:Сұрақ — жауап арқылы білімдерін пысықтау.

Қорытынды: Құрметті қонақтар, балалар осымен « Гүлдер біздың сәніміз» атты ақшық сабағымыз аяқталды.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности