link11931 link11932 link11933 link11934 link11935 link11936 link11937 link11938 link11939 link11940 link11941 link11942 link11943 link11944 link11945 link11946 link11947 link11948 link11949 link11950 link11951 link11952 link11953 link11954 link11955 link11956 link11957 link11958 link11959 link11960 link11961 link11962 link11963 link11964 link11965 link11966 link11967 link11968 link11969 link11970 link11971 link11972 link11973 link11974 link11975 link11976 link11977 link11978 link11979 link11980 link11981 link11982 link11983 link11984 link11985 link11986 link11987 link11988 link11989 link11990 link11991 link11992 link11993 link11994 link11995 link11996 link11997 link11998 link11999 link12000 link12001 link12002 link12003 link12004 link12005 link12006 link12007 link12008 link12009 link12010 link12011 link12012 link12013 link12014 link12015 link12016 link12017 link12018 link12019 link12020 link12021 link12022 link12023 link12024 link12025 link12026 link12027 link12028 link12029 link12030 link12031 link12032 link12033 link12034 link12035 link12036 link12037 link12038 link12039 link12040 link12041 link12042 link12043 link12044 link12045 link12046 link12047 link12048 link12049 link12050 link12051 link12052 link12053
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
"Сан есімге арналған қорытынды сабақ"

Казахстан, г. Павлодар

ГУ "Средняя общеобразовательная школа №27"

Учитель казахского языка

Саликова Ш.С.

"Сан есімге арналған қорытынды сабақ"

Сан есімді, сан есімнің мағыналық топтарын тақырыптарын өтіп болғаннан кейін оқушылардың бұл тақырыптарды қаншалықты меңгергенін байқау үшін сайыс сабағын өту мақсатым: 1.білімділік — «Сан есім» туралы білімдерін қорытындау; 2.дамытушылық — оқушылардың қабылдауын байқау осы тақырыпты жан-жақты дамыту, оқушы біліктілігін арттыру; 3.-тәрбиелік - жұмбақтар, мақал — мәтел арқылы оқушылардың сезіміне әсер етіп, әдет — ғұрып, салт — дәстүрлерді таныту, дарыту.

Сабақтың әдістері: сұрақ — жауап, ой жинақтау, оқулықпен, суретпен жұмыс, сергіту сәті, қайталау.

Сабақтың корнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, оқулық, суреттер. «даналық ағашы».

Сабақтың түрі: қорытынды ойын сайыс сабағы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Түгендеу (2 мин)

2. Үй тапсырмасы: «Сан есімді қайталау» (Сұрақ-жауап) (3 мин)

3. Мотивация кезеңі: (3 мин)

Жаңа сабақ: Қорытынды сабақ: «Сан есім»

Сынып екі топқа бөлінеді. Екі топтың аты «Сан есімге» байланысты қойылған.

«Ондық» «Жүздік». Сайыс 7 тапсырмадан тұрады, дұрыс жауапқа әр оқушыға жұлдызша беріледі, көп жұлдызша жинап алған топ жеңімпаз.

1-тапсырма (Мақал — мәтел сайысы). Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, жауабы міндетті түрде мақал-мәтелмен берілуі керек. (5 мин)

1. Ер неше рет өледі, қорқақ неше рет өледі?

2. Неше атасын білмеген жетесіз?

3. Неше рет піш, неше рет кес?

4. Жігітке неше өнер аз?

5. Неше сомың болғанша, неше досың болсын?

6. Неше досың аз, неше дұшпаның көп?

7.Неше қайғы, неше борышты өтемейді?

2-тапсырма (Жұмбақ сайысы). Екі топ бір — біріне сан есімге байланысты жұмбақ қояды. (5 мин)

3-тапсырма (Тіл дамыту сайысы). Тақтада берілген сандарды сөзбен айту. (4 мин)

12 часов 30 минут; 9 часов 10 минут; 15 часов 45 минут; 11 часов 45 минут;

17 часов 05 минут; 14 часов 15 минут; 16 часов 40 минут; 20 часов 30 минут.

4-тапсырма ( «Қай күн?» ойыны). Оқушылары шығып, шеңберге тұрады, ортада мұғалім қолына доп алып әр оқушыға сұрақ қойып допты лақтырады, қай баланың қолына доп түссе, сол бала сұраққа жауап береді.

Сұрақтар: (5 мин)

  1. Бір ғасырда неше жыл бар?
  2. Бір жылда неше ай бар?
  3. Бір айда неше күн бар?
  4. Бір тәулікте неше сағат бар?
  5. Бір сағатта неше апта
  6. Бір аптада неше күн бар?
  7. Аптаның бірінші күні қай күн?
  8. Аптаның бесінші күні қай күн?
  9. Сен қай күні демаласың?
  10. Сен нешінші сыныпта оқисың?
  11. Отбасыңда неше адам бар?
  12. Бүгін сәуірдің нешесі?

5-тапсырма (Санамақ). Санамақ оқып сан есімдерді тауып ауызша айту, мағынасы мен құрамына қарай талдау. (3 мин)

Санамақ.

Бір дегенің-білім,

Білім-жарық күнің.

Екі дегенің-еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

Үш дегенің-үміт,

Уайымсыз жігіт.

6-тапсырма. Тақтада бір бағанда сан есімдер, екінші бағанда сан есімдердің анықамасы берілген. Бағыт арқылы жұптастыру.

(3 мин)

Сексен дара, реттік сан есім

Алтау күрделі, реттік сан есім

Екінші бөлшектік сан есім

Елу шақты дара, есептік сан есім

Он сегізінші болжалдық сан есім

Отыз бір жинақтық сан есім

Екі бүтін оннан бір күрделі, есептік сан есім

7-тапсырма (Суретпен жұмыс) Сан есімдерді қатыстырып әңгіме құру. (5-мин)

4. Бекіту. (5 мин)

«ДАНАЛЫҚ АҒАШЫ» ойыны.

Ағашта сабақ бойынша сұрақтар ілініп тұрады. Оқушылар бір-бірден алып, сұрақтарға жауап берулері керек.

5. Бағалау. (1 мин)

Ең көп жұлдызша алған топты құттықтап, оқушыларды бағалаймыз.

6. Үй жұмысын беру. (1 мин)

Өткен санамақты жаттау, сан есімді қайталау.

7. Оқушылармен қоштасу.

Комментарии пользователей /1/
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности