link13356 link13357 link13358 link13359 link13360 link13361 link13362 link13363 link13364 link13365 link13366 link13367 link13368 link13369 link13370 link13371 link13372 link13373 link13374 link13375 link13376 link13377 link13378 link13379 link13380 link13381 link13382 link13383 link13384 link13385 link13386 link13387 link13388 link13389 link13390 link13391 link13392 link13393 link13394 link13395 link13396 link13397 link13398 link13399 link13400 link13401 link13402 link13403 link13404 link13405 link13406 link13407 link13408 link13409 link13410 link13411 link13412 link13413 link13414 link13415 link13416 link13417 link13418 link13419 link13420 link13421 link13422 link13423 link13424 link13425 link13426 link13427 link13428 link13429 link13430 link13431 link13432 link13433 link13434 link13435 link13436 link13437 link13438 link13439 link13440 link13441 link13442 link13443 link13444 link13445 link13446 link13447 link13448 link13449 link13450 link13451 link13452 link13453 link13454 link13455 link13456 link13457 link13458 link13459 link13460 link13461 link13462 link13463 link13464 link13465 link13466 link13467 link13468 link13469 link13470 link13471 link13472 link13473 link13474 link13475 link13476 link13477 link13478 link13479 link13480 link13481
Дюсалиева Диана Ержановна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Сыныптан тыс шара география пәнінен "Бала шақтан болашаққа"

Қ.Байсықов атындағы ОЖББМ

(саяхат сабақ)

Өткізген: Д.Дюсалиева Д.Е.

2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Бала шақтан болашаққа»

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға гидросфера және дүниежүзілік су ресустары туралы терең мағлұматтар бере отырып, жер беті суларын қорғаудың алғы шарттарымен таныстыру.

Дамытушылық:Экология туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы қолдану арқылы судың маңыздылығын ұғындыру, логикалық, шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.

Тәрбиелік: Болашақ ұрпақтың елін, жерін қорғауға, «Судыңда — сұрауы бар» - деген мақалды негізге ала отырып, экологиялық, тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, экология

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Дүниежүзінің және Қазақстанның физикалық картасы, суреттер, карточкалар, математикалық шкатулка.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Күн шуағын сезіну.

1. Психологиялық дайындық.

- Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»

Барша адамды құрметтеп,

Иілеміз біз.

2. Сабаққа қойылатын ереже:

- Бірін-бірі тыңдау, қатысу;

- Уақытты үнемдеу, қатысу;

- Ойды еркін айту;

- Тақырыптан ауытқымау;

- Бәсең сөйлеу.

3. Сабақтың міндеті:

Іздеймін, табамын,

Ойланамын, біліп аламын.

Мұғалім: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін таратады баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Бас иеміз ұстаздар мен оқушы толған ортаға.

Бүгінгі өткізгелі отырған саяхат сабағымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1. ҚР-сы Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауының жас ұрпақ алдына белгілеген мақсат, мұраттары туралы әңгімелеу арқылы баяндау, түсінік беру. (География пәнінің мұғалімі І.Ә.Мүрсәлімова)

2. Сайысқа түсетін топтарды таныстыру.

3. Екі топқа блиц-сұрақтар қою

4. «Сандар ғаламшары»

5. «Бұл кім, ол не?»

6. «Тапқырлар» ғаламшары

7. Сен маған, мен саған ғаламшары

8. «Зейінділер» ғаламшары

9. И.Жақаевтың «Еділ мен Жайық» әнін орындау. Саяхат — сайыс сабағын қорытындылау.

10. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Сабағымыздың басты мақсаты: Оқушылардың географияға деген қызығушылығын арттырып, сабақ кезінде алған білімі мен іскерлігін тереңдету, отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқушылардың этикалық тәрбиесін жетілдіру.

- Біз бүгін оқушылар саяхатқа «Қазақстан - 2050» зымыранымен шығамыз. Ол үшін оқушыларды 2 экипажға бөліп, экипаж капитандарын сайлап алайық. «Еділ», «Жайық» атты білімді топтар бүгін ортамызда.

Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік — дегендей топтардың ұшуға даярлықтарын тексеріп алу үшін 2 экипажға ауызша сұрақтар қоямыз. Біз ғарышқа «Байқоңыр айлағынан» аттанамыз. «Байқоңыр айлағында» 2 экипаж мүшелері сұрақтарға жауап береді.

1.Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам кім?

2. Қазақ халқының тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкері кім?

3. Байқоңыр айлағы Қазақстанның қай облысында орналасқан?

4. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» бағдарламасын халыққа қашан жолдады?

5. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» бағдарламасын халыққа қашан жолдады?

6. Қазақстан қай жылы латын әліпбиіне көшеді деп көрсетілген? (2025ж)

«Сандар ғаламшары».

Мұғалім: - Алдымыздағы «сандар ғаламшары» екен. Бұл ғаламшарда есепті жақсы шығаратын, жаңаша ойлай білетін, көп жұмыс жасайтын адамдар тұрады екен. Мына ғаламшарға келген адамдарға «құпиялы сырсандық» ішіндегі тапсырмаларды орындау қажет. Қане, сендерде осы ғаламшарға келдіңдер, сондықтан өз білімдеріңді дәлелдеңдер.

11022 = (3*250)+10272

8742= (4000*2)+742

7729= (3500*2)+729

180= (45*2)+90

149= (50*2)+49

361= (150*2)+61

«Бұл кім, ол не?» ғаламшары

Бұл кезең балалар ұяшық таңдау арқылы жүзеге асады.

10 — Париждегі Эйфель мұнарасының суреті

10 — Нью- Йорктегі "Бостандық" мүсінінің суреті

20- Шүрегей суреті

20- Талғат Мұсабаевтың суреті

30- Қасқалдақ құсының суреті

30-Ф.Магелланның суреті

40- Семенов Тянь-Шаньскийдің суреті

40 — Қытай қорғанының суреті

«Тапқырлар ғаламшары»

(Билет арқылы суырады, картадан обьектілерді көрсетеді)

1 билет.

РАЛА — Гренландия, Мадагаскар, Тасмания, Жаңа Жер, Шри-Ланка

2 билет.

ЫШҒАҚАН — Калифорния, Мексика, Гудзон, Парсы, Бенгал

3 билет.

ҰҒБЗА — Дрейк, Гибралтар, Беринг, Мозамбик, Дежнев.

4 билет.

ЕҢТЗІ — Арал, Каспий, Жерорта, Кариб, Жапон.

5 билет.

ЕНӨЗ — Амазонка, Ніл, Ертіс, Лена, Сырдария.

6 билет.

ӨЛК — Байкал, Балқаш, Виктория, Жоғарғы, Каспий

«Сен маған, мен саған» ғаламшары

Бұл ғаламшарда балалар енді топтар бір-бірімізге сұрақтар қоямыз.

«Зейінділер» ғаламшары

І топқа: а, с, л, а, ғ, р, ы, н.

Сұрақтары:

1. Басты өзенге жолда қосылатын өзендерді не дейміз? (сала)

2. Су массаларының бір бағытта орын ауыстыруын не деп атаймыз?(ағыс)

3. Өзеннің басқа бір теңізге, көлге немесе өзенге құяр жері (саға)

4. Қашық сөзінің синонимі (алыс)

ІІ топқа: а, б, қ, л, а ,р, н, т.

1. Алматы, Астана не ол? (қала)

2. Экологиялық апатқа ұшыраған Қазақстандық теңі-көл (Арал)

3. Жан жағын су қоршаған шағын құрлық бөлігі (арал)

4. Аңғардың түбіндегі ағын өтетін ойыс (ойыс)

Көрермендерге:

1. Сөз атасы — құлақ,Су атасы — ……….( бұлақ)

2. Адамзатты сөз бұзар, (Тау мен тасты су бұзар)

3. Судыңда — ....... (сұрауы бар)

4. Таулы жер бұлақсыз болмас, (Сулы жер құрақсыз болмас)

5. Бір тамшы су-..... (…- жерге пайда)

6. Батыр туса — ел ырысы, (Жаңбыр жауса, жер ырысы)

7. Бұлақ көрсең -..... (…көзін аш.)

8. Қар мол болса, дән көп.... (Су көп болса, ну көп)

Еділ мен Жайық әні

1.Құлпырады дала гүлдейді орман

Емізеді егіз Еділ мен Жайық

Ақшағала айдын ақталған арман

Тербеледі кеме, ойнайды қайық

А-а-а-а ағады шалқып

Аққулар қалқып

Еділ мен Жайық

2.Шырқалады әндер, жан жүрек іңкәр

Сылқылдайды сұлу Еділ мен Жайық

Әуелейді адам, самғайды сұңқар

Қияндарға шыңға қанатын жайып

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Саяхат сабағымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз:

Табиғат … тіршіліксің тұнып тұрған!

Сен — күнсің!

Көтерілген күліп қырдан.

Сен — көлсің!

Сен — орман!

Сен — бұлақсың!

Адамды сұлулыққа құнықтырған!

Адамзат — болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности