link1995 link1996 link1997 link1998 link1999 link2000 link2001 link2002 link2003 link2004 link2005 link2006 link2007 link2008 link2009 link2010 link2011 link2012 link2013 link2014 link2015 link2016 link2017 link2018 link2019 link2020 link2021 link2022 link2023 link2024 link2025 link2026 link2027 link2028 link2029 link2030 link2031 link2032 link2033 link2034 link2035 link2036 link2037 link2038 link2039 link2040 link2041 link2042 link2043 link2044 link2045 link2046 link2047 link2048 link2049 link2050 link2051 link2052 link2053 link2054 link2055 link2056 link2057 link2058 link2059 link2060 link2061 link2062 link2063 link2064 link2065 link2066 link2067 link2068 link2069 link2070 link2071 link2072 link2073 link2074 link2075 link2076 link2077 link2078 link2079 link2080 link2081 link2082 link2083 link2084 link2085 link2086 link2087 link2088 link2089 link2090 link2091 link2092 link2093 link2094 link2095 link2096 link2097 link2098 link2099 link2100 link2101 link2102 link2103 link2104 link2105 link2106 link2107 link2108 link2109 link2110 link2111 link2112 link2113 link2114 link2115 link2116 link2117 link2118 link2119 link2120 link2121 link2122 link2123 link2124 link2125 link2126 link2127
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
ОҚУШЫЛАРҒА КЕҢЕС: ҰБТ-ға қалай қалай дайындалу керек?
Қазақстан Республикасы,Астана қаласы
№64 мектеп-лицей
Психологі
Искакова Айман Аскаралиевна

Дайындық:

Ең алдымен оқуға жақсы да ыңғайлы орын дайындаңыз: үстел үстіндегі артық заттарды алып тастаңыз, керек кітаптарды, дәптерлер мен қарындаш-қаламды ыңғайлап қой. Дайындалып жатқан жеріңде сары және сия көк түстері бар заттарды қой, олар интеллектуалды белсенділікті жоғарлатады. Бұған осындай түстері бар суретті де жатқызуға болады.

Оқудың жоспарын құр. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта: сен «жапалақсың» ба әлде «бозторғайсың» ба? Осыған байланысты таңертеңгілік немесе кешкі уақытыңды максималды түрде пайдалы қолданыңыз. Дайындықтың әрбір күніне жоспар құрып, дәл бүгінгі күнге нені оқитыныңызды анықтап алыңыз. Жалпы емес, әрбір тақырыптар мен бөлімдерді қарастырыңыз.

Өзіңіз білмейтін ең қиын тараудан бастаңыз. Егер ол қиындық тудырса, өзіңізге ең тартымды да ұнамды материалдан бастаңыз. Осылай, біртіндеп, жұмыс ритміне кіріп, ісіңіз өрге жүзер. Оқу мен демалысты алмастырып отыр, 40 минут оқысаңыз, кейін 10 минут демалыңыз. Бұл уақытта ыдыс жуып, үй шаруасына араласып, бойды сергіту үшін жаттығулар жасауға болады. Барлық оқулықты оқып, есте сақтауға ұмтылмау керек. Материалды жоспарлап, қағазға сызба жасаған жөн. Жоспарларды материалды қайталап шыққанда қолдануда жеңіл.

Пән бойынша кітапшалардағы, әртүрлі баспа бетіндегі тестерді көбірек орында. Бұл тест тапсырмаларының құрылымымен танысуға жол ашады. Қолыңызға секундомер алып, жаттық. Тестерді орындау уақытын белгілеп отыр. Емтиханға дайындалғанда тапсырманы орындай алмаймын деген ойдан арыл, керісінше, ойша жеңіске жету суретін көз алдыңа елестет. Емтихан алдында бір күнді жауаптар жоспарларын тағы қайталап шығуға, ең қиын сұрақтарға тоқталуға қалдыр.

Тестілеу қарсаңында

Көпшіліктің ойы бойынша емтиханға толығымен дайындалу үшін емтихан алдындағы бір түн жеткіліксіз. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың. Және өзіңді қажытуға болмайды. Кеісінше, кешке қарай дайындықты қойып, суға түсіп, серуендеп кел. Дұрыстап тынығып, жақсылап ұйықта. Сонда сен демалып, дені сау, күшті, «батыл» мінезде боласың. Себебі сынақ — бұл өзінше бір күрес, онда өзіңді, бойыңдағы күшің мен мүмкіндіктеріңді және қабілеттеріңді көрсете білу қажет.

Тестілеуге кеш қалмай, тестілеуге дейін жарты сағат бұрын келгенің жақсы болады.

Тестілеу кезінде

Тестілеудің басында сендерге керек мәлімет айтылады (бланкті қалай толтыру керек, қандай әріптермен жазу керек, мектеп нөмірін қалай кодтау керек және т.б). Зейінді, мұқият бол!!! Сенің жауаптарыңның дұрыс болуы барлық ережелерді зейін қойып, есте сақтауыңа байланысты. Жауаптар бланкісін (тіркеу облысы, жауаптардың өзі және т.б.) тек баспа әріптерімен толтырасың! Кейбір әріптердің, мысалы «а» әріпінің қалай жазылатындығына назар аудар. Мәліметтің жартысы кодталған формада жазылады, ол туралы тестілеудің басында айтылады.

Бланкілерді толтыру үрдісінде кейбір өзгерістер болуы мүмкін, ол туралы саған міндетті түрде хабарлайды. Тестілеудің нәтижесін алғанда сен тексерілген жұмыспен танысуға құқылысың және егер сен бағамен келіспесең, оны конфликтілі комиссияға (нәтижені айтқаннан кейінгі 3 күн ішінде) апелляцияға бере аласың.

Тестілеуді орындауда сәттірек әрекет ету үшін бірнеше әмбебап кеңестер

Бар зейініңді шоғырландыр! Тестілеудің алғашқы бөлімін (бланкіні толтыру) орындап болғаннан кейін, өзіңе түсініксіз сәттердің бәрін айқындағаннан соң, бар зейініңді жұмысқа шоғырландырып, айналадағыларды ұмытуға тырыс. Сен үшін тек қана тапсырма мәтіні мен тесті орындау уақыты маңызды болуы керек.

Асықпай асық! Қатаң шектелген уақыт сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі керек. Жауапты жазбас бұрын сұрақты екі рет оқып, сенен нені қажет ететінін дұрыс түсінгеніңе сенімді бол.

Оңайынан, жеңілінен баста! Сен күмәнданбайтын тапсырмалары бар сұрақтарға жауап беруден баста, көп ойлануды қажет ететіндерге кідірме. Осындайда сен тынышталып, басың анық және нақтырақ жұмыс істей бастап, жұмыс ритміне кіресің. Осылай сен мазаланудан арылып, кейін бар энергияң қиынырақ сұрақтарға жұмсалады.

Қалдырып кет! Қиын және түсініксіз тапсырмаларды қалдырып кетуге үйрену керек. Есіңде болсын: мәтінде міндетті түрде сенің қолыңнан келетін сұрақтар әрқашан табылады. Қиындық тудыратын сұрақтарды көп жұмыс істеп, «өзіңнің» тапсырмаларыңа жете алмай, ұпай жинай алмағаның ақымақтық болушы еді.

Тапсырманы соңына дейін оқы! Асыққандығың тапсырма талабын «бірінші сөзінен» ұғуға тырысып, оның соңын өз қиялыңмен құруға әкелмеуі керек. Бұл ең жеңіл сұрақтарда қате жіберудің ақиқатты жолы.

Тек істеп жатқан тапсырмаңды ойла! Сен жаңа тапсырманы көргенде оның алдындағылардың бәрін ұмыт. Тестердегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан біреуінде қолданған білімің жаңа тапсырманы дұрыс шешуде көмектеспей, керісінше зейініңді шоғырлантуда бөгет болады. Бұл кеңес саған басқа құнды психологиялық эффектіні түсінуге де мүкіндік береді — бұрынғы өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әрбір жаңа тапсырма ұпай жинаудағы мүмкіндік екенін ойла.

Алып таста! Көп тапсырмаларды анық сәйкес емес жауап нұсқаларын біртіндеп алып тастап отырғанда тез шешуге болады. Алып тастап отыру әдісі бес-жеті жауаптың барлығына емес, бар жоғы бір-екі нұсқаға зейініңді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Екі рет қарап шығуды жоспарла! Уақытыңның үштен екі бөлігін жеңіл тапсырмаларды тағы бір рет қарап өтуге жұмса (бірінші рет). Бұл жағдайда сен жеңіл тапсырмалардан максимум ұпай жинай аласың. Ал кейін сен қалдырып кеткен қиын тапсырмаларға оралып, оларды шешуде салмақтылықпен ой жүгіртесің (екінші рет).

Тексер! Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр, тым болмаса, айқын көрініп тұрған қателерді байқап қалу үшін жауаптарға қарап, бір рет көз жүгіртіп шық.

Тауып ал! Егер сен жауапты таңдауда сенімсіз болсаң, бірақ интуицияң басқаларға қарағанда бір жауапты қалап тұрса, оған сенуіңе болады! Мұнда, сенің көзқарасың бойынша, ең көп мүмкін нұсқаны таңда.

Ренжіме! Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ есіңде болсын: барлығын практика жүзінде орындау мүмкін емес. Тестік тапсырмалар қиындықтың ең максималды деңгейіне есептелгендігін ойдан шығарма және сен шешкен тапсырмалар саны жақсы бағаға тұрарлық шығар.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности