link13860 link13861 link13862 link13863 link13864 link13865 link13866 link13867 link13868 link13869 link13870 link13871 link13872 link13873 link13874 link13875 link13876 link13877 link13878 link13879 link13880 link13881 link13882 link13883 link13884 link13885 link13886 link13887 link13888 link13889 link13890 link13891 link13892 link13893 link13894 link13895 link13896 link13897 link13898 link13899 link13900 link13901 link13902 link13903 link13904 link13905 link13906 link13907 link13908 link13909 link13910 link13911 link13912 link13913 link13914 link13915 link13916 link13917 link13918 link13919 link13920 link13921 link13922 link13923 link13924 link13925 link13926 link13927 link13928 link13929 link13930 link13931 link13932 link13933 link13934 link13935 link13936 link13937 link13938 link13939 link13940 link13941 link13942 link13943 link13944 link13945 link13946 link13947 link13948 link13949 link13950 link13951 link13952 link13953 link13954 link13955 link13956 link13957 link13958 link13959 link13960 link13961 link13962 link13963 link13964 link13965 link13966 link13967 link13968 link13969 link13970 link13971 link13972 link13973 link13974 link13975 link13976 link13977 link13978 link13979 link13980 link13981 link13982 link13983 link13984 link13985
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Менің отбасым және математика

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы
«№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Математика пәні мұғалімі
Жанаева Ақмарал

Мақсаты: Мұғалімдерді балаларымен бірге мектепішілік іс-шараларға қатыстыру, отбасы мүшелерін алдарына қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру. Ойынға қатысушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру. Математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Команда құрамында: Екі мұғалім және үш оқушы.

Әділқазылар алқасы: мектеп әкімшілігі және математика пәні мұғалімдері

Сайыс барысы:

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар мен оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар

Естігенін есте тұтып

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар

Сіз оқытқан оқушылардың

Және олардың отбасының

Сәті келді сыналар.

Сайысымызды бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.

Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім , терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпене қол соғылады.

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар

Әр команданы ортаға шақырамыз.

11 «А» сынып Бейсековтер отбасы

11 «Ә» сынып отбасы

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар!

Бүгінгі кешіміз қызықты өтіп және тек қана оқушыларға емес, ата-аналарға да әсері мен пайдасы тиеді деген сенімдемін. Расында да математика- барлық ғылымдардың патшасы демекші, күнделікті өмірде математикасыз күніміз жоқ. Бұл туралы бүгінгі «Менің отбасым және математика» атты кешімізде әңгіме жүргізілуі себебі балалар математика туралы алғашқы мәліметтерді отбасынан алады. Неге? Өйткені, баласын дүкенге азық-түлік алуға анасы жұмсайды, әкесі баласын ұсталық жұмыстарды үстеуге үйретеді, анасы қызымен бірге киім тігеді , рецепт бойынша ас әзірлейді.

Сонымен сайысымызды бастаймыз.

Сайыс бөлімдері:

  1. Ойлан, тап”
  2. Әкелер сайысы
  3. “Ұтымды ой”
  4. Аналар сайысы
  5. Түскі ас
  6. Топ басшылар сайысы

  1. «Ойлан тап» бөлімінде слайдтан сурет беріледі. Суретке қарап салған суретші суретте қай жерде қате жібергені туралы табу керек.

Жауабы: Суретші батырдың қылышын салған қате жіберген. Себебі қылыш теріс салынған.

Дұрыс жауап берген топ бағаланады.

  1. Әкелер сайысында «Есте сақта» ойыны беріледі. Бұл бөлімде тақтада 7 сан және әр санға тиісті өзінің белгілері бар. Бір минут тақтаға қарап 7 санға сәйкес символдарды есте сақтау керек. Уақыт аяқталғаннан кейін берілген қағаздағы торкөздерді толтыру керек.

1

2

3

4

5

6

7

Ӿ

Ѱ

₠ꜙ

Тапсырма: торкөздерді толтыру.

2

3

7

1

4

5

3

5

6

2

6

1

7

3

4

Жауабы:

2

3

7

1

4

5

3

5

6

2

6

1

7

3

4

Ӿ

Ѱ

Ѱ

₠ꜙ

₠ꜙ

Ӿ

Әр топ әкелерінің жауап парақтары тексеріліп, сәйкес келетін символдарды дұрыс толтыруына қарай ұпай саны беріледі.

3.«Ұтымды ой» сайысында Төменде көрсетілген суретте екі топқа бөлінген қояндар бар. Бірінші топтағы қояндар тақ сандармен нөмірленген, ал екінші топтағы қояндар жұп сандармен нөмірленген. Тапсырма: бірінші топ қояндары екінші топ қояндарының орнына, ал екінші топтағы қояндар бірінші топтағы қояндардың орнына орналасу керек, бірақ қояндар бос торкөзге секіру керек немесе бір қоянның үстінен секіруге болады, екі қоянның үстінен секіруге болмайды.

4.«Аналар сайысы» бұл бөлімде әр топтың аналар сахнаға шығады. Аналарға бір тапсырма жазылған қағаздар таратылады. Ойын шарты:

Күшіктерді өз үйлеріне орналастыру керек. Берілген торкөздер арқылы үйшіктерге жол салу, алайда бос торкөз қалмау керек.

5. «Түскі ас» атты бөлімінің шарты: Үстел бетінде шыны ыдыста қайнатылған жұмыртқа болады. Жанында темір сызғыш, шар, су, қол орамалы сияқты құралдар болады. Тапсырма: Шыныдағы жұмыртқаны жанындағы кез келген затпен сыртқа шығару керек. Әр топқа ойлануға 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін әр топтан логикалық есепті шешуге топтың кезгелген мүшесі шығады. Жауап беруіне қарай балл беріледі. Шешімі: Шыныдағы жұмыртқаны қол орамалмен шығарады.

6.Топ басшылар сайысында әр топтың топ басшысы шығып оларға мынадай тапсырма беріледі. «Тақ және жұп сандардың қасиеттерін ата» топ басшыларға 2 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топ басшылар тақ және жұп сандардың қасиеттерін атайды. Дұрыс жауабы төмендегідей:

  1. Бүтін сандарды тақ сан және жұп сан деп бөлуге болады. Бір бүтін сан тақ сан болмаса жұп сан, жұп сан болмаса тақ сан болады.
  2. Тақ сан ≠ жұп сан.
  3. Тақ ± тақ = жұп; жұп ± жұп = жұп; жұп ± тақ = тақ
  4. Тақ × тақ = тақ; бүтін сан × жұп = жұп.
  5. Екі тізбектес бүтін санның біреуі жұп, біреуі тақ болады.
  6. Екі бүтін санның қосындысы мен айырмасының тақ-жұптылығы бірдей.
  7. Бүтін сан aмен аⁿ-сының тақ-жұптылығы бірдей.
  8. Тақ санның квадратын 8-ге бөлгенде 1 қалдық қалады. Жұп санның квадраты 4-ке бөлінеді.

Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріледі. Әділ қазылар алқасы топтардың сайысқа түскендегі жинаған ұпай сандарын қорытындылап айтады. Жеңген топ мүшелері мақтау қағазымен марапатталып, сыйлық алады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности