Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Сарыағаш ауданы
№1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия
Биология пәні мұғалімі
Аймаханов Нурланбек
Мерзімі: Сынып: 6 |
|
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің генеративті мүшесі |
|
Сабақтың мақсаты: |
Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің құрылысын түсіндіру. Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің ерекшеліктерін талдай алуға үйрету. Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің ерекшеліктерін талдай отырып, адам өмірде маңызын түсіндіру. |
Күтілетін нәтижелер: |
Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің құрылысын түсінеді. Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің ерекшеліктерін талдай алуға үйренеді. Өсімдіктердің генеративті мүшелерінің ерекшеліктерін талдай отырып, адам өмірде маңызын түсінеді. |
Қолданылатын әдіс — тәсіл- дері: |
джигсо әдісі, инсерт әдісі, мозайка әдісі, ыстық орындық әдісі |
Енгізілген модульдер: |
Оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер, акт –ны пайдалану, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, сыни тұрғыда ойлауды дамыту, |
Дереккөздер: |
Флипчарт, маркерлер, слайдтар, электронды оқулықтар, интерактивті тақта, қосымша материалдар |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
1.Ұйымдастыру кезеңі (3 мин.) |
|
а)Оқушыларды түгелдеу ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін б) Оқушыларды гүл, жеміс, тұқым деп үш топқа бөлемін |
Оқушылар гүл, жеміс, тұқым деп үш топқа бөлінеді. |
2.Жаңа сабақ (15 мин) |
|
Тақырыпты тақтаға жазып, мақсатын айтып өтемін, оқушылармен бірге жаңа сабақты түсіндіріп, «жиксо» әдісі арқылы сұрақтар қоямын. І топ: Гүлдің құрылысына сипаттама ІІ топ: Жемістер қандай топтарға бөлінеді ІІІ топ: Тұқымның құрылысына сипаттама «Гүлдер әлеміне саяхат» сұрақ-жауап әдісі «Айналмалы бекеттер» әдісі |
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Сұрақтарға топпен бірге жауап береді. Гүлдер әлеміне саяхат ойынында әр бір оқушы сұраққа жеке өз жауабын береді. «Айналмалы бекеттер» әдісінде топпен бекеттердегі сұрақтарға жауап береді. |
4.Жаңа сабақты қорытынды (15 мин.) |
|
Сабақты қорытындылау Сәйкестендіру тесті Әр топқа сәйкестендіру тест беріледі |
Сәйкестердіру тесті топпен бірге сұрақтарды жауаптарға сәйкестердіреді. |
5.Бағалау (3 мин.) |
|
Топ басшыларға ұсынылған критерий бойынша жиынтық бағаны қоямын. |
Топ басшы топтағы оқушыларды критерий бойынша бағалайды |
6.Рефлекция (1 мин.) |
|
Бүгінгі тақырып бойынша алған пікірлерін стикерге жазып, плакатқа ілуін сұраймын. |
Не білдім? Нені білгім келеді? |
7. Үйге тапсырма (1 мин) |
|
Келес тақырып бойынша дайындап келуге |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады |
І бекет
Жай гүлшоғыр: Жанама бұтақтары бұтақтанбайды, оның ең ұшы гүлмен бітеледі. |
|||
1. Шашақ: қандай өсімдіктер жатады? |
2. Жай масақ: қандай өсімдіктер жатады? |
3. Собық: қандай өсімдіктер жатады? |
4. Жай шатыр: қандай өсімдіктер жатады? |
Қарақат, орамжапырақ, мойыл, мия, қараған, інжугүл |
Жолжелкен, сүйсін |
Жүгері, калла. |
Пияз, адамтамыр (женьшень) наурызшешек, ақұнтақ. |
Сипаттама |
Сипаттама |
Сипаттама |
Сипаттама |
Гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады. |
Шашақ гүлшоғырына өте ұқсас, айырмашылығы гүлдер сағақсыз бекінеді. |
Масақ гүлшоғырына ұқсас, айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы тәрізді орама жапырақтары бар |
Гүлшоғырының негізгі сабағы қысқарған, сағағы ұзын біркелкі, шоғырланған, бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады |
2.Жеміс тобы
Күрделі гүлшоғыр: жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануы |
||
|
||
|
||
Бидай, қарабидай, бидайық. |
Сәбіз, балдырған, аскөк. |
Жүзім, гүлшетен, тары, күріш. |
Сипаттама |
Сипаттама |
Сипаттама |
Орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады, әр масақта 2-3 гүл болады |
Жай шатыр гүлшоғырынан құралған, гүл сағақтарында бірнеше гүлден топталып шоғырланған. |
Негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері екі қатарда шашақталады , жанама бұтақ ұшына жақындаған сайын кішірейеді. |
3.Тұқым тобы
Бұрысгүл және дұрысгүл, қосжынысты және дара жынысты гүлдер, бір үйлі және екі үйлі өсімдіктер. |
||
Сипаттамасы |
Өсімдік түрлері |
|
Дұрысгүл |
Гүл жазығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке теңдей бөлінеді. |
Алма, итмұрын, мақта т.б |
Бұрысгүл |
Гүл бөліміне бір сызық жүргізуге болады, теңдей екіге бөлінеді. |
Соя, үрмебұршақ, сәлбен т.б. |
Қос жынысты
|
Бір гүлде аталық пен аналық болса, қосжыныс гүл деп аталады. |
Мақта, қызанақ, картоп, лалагүл. |
Бір үйлі өсімдік |
Аталық гүлдермен аналық гүлдер бір өсімдікте болса бір үйлі өсімдік деп аталады. |
Жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы. |
Екі үйлі өсімдік |
Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса екі үйлі (қос үйлі) болғаны |
Қарасора, қалақай, тал, терек. |
ІІ бекет
Шырынды жемістер |
Сипаттамасы |
Жататын өсімдіктер |
1.Жидек |
Жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп, шырынды жемістер. |
Қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан. |
2.Жидек тәрізді |
Көп ұялы, көп тұқымды, жеміс сыртында эфир майы бар. |
Лимон, апельсин, мандарин, (асқабақ тұқымдастар, алма, алмұрт, беже) |
3.Сүйекті |
Жемістің сыртқы қабаты жұқа, ортаңғы қабаты қалың етті шырынды, ішкі қабаты қатты сүйекті өсімдіктер. |
Шие, алхоры, өрік, шабдалы. |
Құрғақ жемістер |
Сипаттамасы |
Жататын өсімдіктер |
1.Бұршаққап |
Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс, піскенде екі жаққа қақырап ашылады. |
Асбұршақ, беде т.б |
2.Бұршаққын |
Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақша пердесі бар, тұқымдары пердеге бекінген, піскенде төмен жағынан бастап қақырайды. |
Қырыққабат, шомыр, шалқан, т.б |
3.Қауашақ |
Бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды. |
Меңдуана, мақта сасықмеңдуана, сүттіген, шегіргүл, қызғалдақ, |
4.Қанатты жеміс |
Жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған, жел арқылы таралады. |
Үйеңкі, шегіргүл, қайың, шаған т.б |
Құрғақ жемістер |
Сипаттамасы |
Жататын өсімдіктер |
1.Дәнек жеміс |
Бір тұқымды жеміс, тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. |
Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш т.б |
2.Тұқымша жеміс |
Дәнектен айырмашылығы жеміс серігі тұқымымен бірікпеген. |
Бақбақ, күнбағыс, қаулен, өгейшөп, таусағыз, кекіре |
3.Жаңғақ |
Жемістің жеміс серігі ағаштанып қатайып кеткен, тұқымдары жеміс серігімен бірікпей бос жатады. |
Емен жаңғағы, жаңғақ т.б |
4.Жинақтал ған жеміс |
Бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген. |
Құлпынай, итмұрын, таңқурай, бүлдірген, т,б |
ІІІ бекет
Тозаңдану |
||
1.Өздігінен тозаңдану (бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүл аналығының аузына түсуі) |
2.Айқас тозаңдану екіге бөлінеді (бір гүлдегі аталық тозаңның екінші гүлдің аналығының аузына түсуі) |
|
Жер жаңғағы, шегіргүл, саумалдық, бетеге, тары. |
1. Бунақдене арқылы тозаңдану: Гүлдері ашық реңді хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі. (шие, алхоры, алма ағашы, лимон, шай, асқабақ) |
2. Жел арқылы тозаңдану: Өсімдіктің тозаңдары өте майда, жеңіл әрі көп болады. Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады (қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай, қайың, емен) |
Дара жарнақты |
Сипаттамасы |
Қызметі |
Қабығы |
Тығыз қабық (қауыз) қапталған . |
Тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды. |
Эндосперм |
Дәнектің едәуір бөлігін алып жатыр, құрамында крахмал, нәруыз, май заттар жинақталады. |
Қоректік қор заттары жинақталады. |
Бір жарнақ |
Ұрық пен эндоспермнің арасында орналасқан. |
|
Ұрығы |
Ұрығы 3-ке бөлінген: алғашқы тамырша, алғашқы сабақша, бүршікше. |
Тұқымнан, ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр өседі, соң бүршікшесі жер бетіне шығып, алғашқы жапырақтың қызметін атқарады. |
3.Тұқым тобы
Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары. |
||
Таралу жолы |
Құрылысының ерекшелігі |
Өсімдіктер |
1.Жел арқылы |
Майда, жеңіл, құрғақ, сыртында түктер, қанатшалар, өсінділері болады. |
Жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған, қарағаш, қайың, терек, тал, мақта, орхидея, қарағай. |
2.Су арқылы |
Сыртында су жұқпайтын түктері бар, ішінде су өткізбейтін қалың тоз қабық болады. |
Қамыс, жалбыз, бөденешөп, түкті күреңот, қоға, тұңғиық қияқ т.б |
3.Жануарлар арқылы |
Тұқымның сыртында ілмектер, тікенектер, желімтек түктер бар және ашық реңді, шырынды, тұқымы майлы болады |
Шоңайна, итошаған, кәріқыз, иттікен, шетен, долана, таңқурай, бүлдірген, айдаршөп, шие |
4.Өздігінен таралу |
Жемістері қақырағыш, ширатылғыш. |
Қараған, шегіргүл, бөрібұршақ, ат талшық , шытырлақ, жауқазын, т.б |
1. Гүлдің гүлсерік арасындағы сәйкестік |
|||
1 |
Тек күлтесі жапырақша болады (жай гүлсерік) |
А |
Тал, шаған, терек, емен |
2 |
Тек тостақанша жапырақша болады (жай гүлсерік) |
В |
Қызғалдақ, лалагүл, інжугүл |
3 |
Қос гүлсерікті гүл |
С |
Алма, өрік, шие, |
4 |
Гүлсеріксіз гүл |
Д |
Қалақай, қызылша, қымыздық, |
Жауап: 1. В 2.Д 3.С 4.А
2. Бұрысгүл мен дұрысгүл, қос жынысты және дара жынысты гүлдер арасындағы сәйкестік |
|||
1 |
Дұрысгүл |
А |
Бір гүлде аталық немесе аналық болса |
2 |
Бұрысгүл |
В |
Бір гүлде аталық пен аналық болса |
3 |
Қос жынысты |
С |
Гүл бөліміне бір сызық жүргізуге болады, теңдей екіге бөлінеді |
4 |
Дара жынысты |
Д |
Гүл жазығына бір неше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе |
5 |
Бір үйлі өсімдік |
Е |
Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса |
Жауап: 1.Д 2.С 3. В 4 А 5.Е
3. Гүл шоғырлар арасындағы сәйкестік |
|||
1 |
Жай шашақ |
А |
Жүгері, калла |
2 |
Жай масақ |
В |
Асбұршақ, жабайы бұршақ |
3 |
Собық |
С |
Пияз, адамтамыр |
4 |
Себет |
Д |
Жолжелкен, сүйсін |
5 |
Жай шатыр |
Е |
Бақбақ, өгейшөп, |
Жауап: 1.В 2.Д 3.А 4.Е 5.С
4. Гүл шоғырлар арасындағы сәйкестік |
|||
1 |
Күрделі шатыр |
А |
Беде |
2 |
Сырға гүлшоғыры |
В |
Сәбіз, балдырған, аскөк |
3 |
Күрделі масақ |
С |
Жүзім, гүлшетен, тары, күріш |
4 |
Күрделі шашақ |
Д |
Тал, терек |
5 |
Шоқпарбас |
Е |
Бидай, қарабидай, бидайық |
Жауап: 1.В 2.Д 3.Е 4.С 5.А
5. Өсімдіктердің тозаңдану арсындағы сәйкестік |
|||
1 |
Өздігінен |
А |
Шегіргүл, бетеге |
2 |
Жел арқылы |
В |
Шие, алхоры, лимон |
3 |
Бунақденелілер арқылы |
С |
Қарасора, жүгері, қарабидай |
Жауап: 1. А 2.С 3.В
6. Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану арсындағы сәйкестік |
|||
1 |
Жынысты көбею |
А |
Аталық тозаңның аналық аузына түсуі |
2 |
Тозаңдану |
В |
Жеміс |
3 |
Ұрықтанған соң тұқым бүршіктен дамиды |
С |
Гүлдері ашық реңді хош иісті |
4 |
Ұрықтанған соң жатыннан дамиды |
Д |
Аталық және аналық жыныс Жасушаларының қосылуы |
5 |
Бунақдене арқылы тозаңдану |
Е |
Тұқым |
Жауап: 1.Д 2.А 3.Е 4.В 5.С
7. Жесміспен жеміс құрылысы арасындағы сәйкестік |
|||
1 |
Бұршаққап |
А |
Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақша пердесі бар, тұқымдар пердеге бекінген, піскенде төменгі жағынан бастап қақырайды |
2 |
Бұршаққын |
В |
Бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды |
3 |
Қауашақ |
С |
Жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған, жел арқылы таралады |
4 |
Қанатты жеміс |
Д |
Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс, піскенде екі қақырап ашылады |
5 |
Дәнек жеміс |
Е |
Бір тұқымды жеміс, тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен |
Жауап: 1.Д 2.А 3.В 4.С 5.Е
8. Жеміс түрлері арасындағы сәйкестік |
|||
1 |
Бұршаққын |
А |
Қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім |
2 |
Қауашақ |
В |
Бақбақ, күнбағыс, қаулен |
3 |
Дәнек жеміс |
С |
Меңдуана, сасықмеңдуана, сүттігін |
4 |
Тұқымша жеміс |
Д |
Қырққабат, шомыр, шалқан, |
5 |
Жидек |
Е |
Бидай, жүгері, арпа, тары |
Жауап: 1. Д 2.С 3.Е 4.В 5.А
9. Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары арасындағы сәйкестік |
|||
1 |
Жел арқылы |
А |
Қамыс, жалбыз, бөденешөп |
2 |
Су арқылы |
В |
Шоңайна, итошақан, кәріқыз |
3 |
Жануарлар арқылы |
С |
Жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған |
4 |
Өздігінен таралу |
Д |
Қараған, шегіргүл, бөрібұршақ |
Жауап: 1. С 2.А 3.В 4.Д
10. Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары арасындағы сәйкестік |
|||
1 |
Жел арқылы |
А |
Тұқымның сыртында ілмектер, тікенектер |
2 |
Су арқылы |
В |
Жемістері қақырағыш, ширатылғыш |
3 |
ЖануарлаР арқылы |
С |
Сыртында су жұқпайтын түктері бар |
4 |
Өздігінен таралу |
Д |
Майда, жеңіл, құрғақ., сыртында түктер қанатшалары болады |
Жауап: 1.Д 2.С 3.А 4.В