link2394 link2395 link2396 link2397 link2398 link2399 link2400 link2401 link2402 link2403 link2404 link2405 link2406 link2407 link2408 link2409 link2410 link2411 link2412 link2413 link2414 link2415 link2416 link2417 link2418 link2419 link2420 link2421 link2422 link2423 link2424 link2425 link2426 link2427 link2428 link2429 link2430 link2431 link2432 link2433 link2434 link2435 link2436 link2437 link2438 link2439 link2440 link2441 link2442 link2443 link2444 link2445 link2446 link2447 link2448 link2449 link2450 link2451 link2452 link2453 link2454 link2455 link2456 link2457 link2458 link2459 link2460 link2461 link2462 link2463 link2464 link2465 link2466 link2467 link2468 link2469 link2470 link2471 link2472 link2473 link2474 link2475 link2476 link2477 link2478 link2479 link2480 link2481 link2482 link2483 link2484 link2485 link2486 link2487 link2488 link2489 link2490 link2491 link2492 link2493 link2494 link2495 link2496 link2497 link2498 link2499 link2500 link2501 link2502 link2503 link2504 link2505 link2506 link2507 link2508 link2509 link2510 link2511 link2512 link2513 link2514 link2515 link2516 link2517 link2518 link2519
Шалабаева Аршагуль Алжахановна
Должность:директор
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область г.Аксу
Открытый урок по казахской литературе “Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы. “Бағаналы терек”, “Мен, мен едім, мен едім”

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы. Бағаналы терек”, “Мен, мен едім, мен едім”

Сабақтың мақсаты:Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша бұрын алған білімдерін жүйелеу, тереңдету; өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктерін ұғындыру; тәрбиелік мәнін бойларына сіңіруге жағдай туғызу, ұлтжандылық сезімдерін тұрақтандыру.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: сөз, логикалық, тәжірибешілік

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

амандасу, түгендеу;

сабаққа дайындықтарын байқау.

топқа бөлу:

“Асыл арна”: Айжан, Айсұлу, Алмас, Ануарбек;

“Әділ әмір”: Әділхан, Әлемгүл, Әлия, Әмір, Әнел;

“Дәулескер орындаушы”: Данель, Даниял, Дилара, Оңдас;

“Мағыналы мехнат”: Мадина, Мақсат, Малика, Махаббат.

ІІ Үйге берілген тапсырманы тексеру кезеңі:

Махамбет Өтемісұлы.

( “Мен, мен едім, мен едім” әні орындалады)

Ассоциясы: Махамбет кім? (ауызша, дәлел, 5-7 минут)

ІІІ Жаңа материалды меңгеру кезеңі:

Махамбеттің есімі — өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі – қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап–таза корғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан. (3.Қабдолов)

Тақырыпты ашу, постерге түсіру.

1-топ: Махамбет — ерлік пен елдіктің өшпес рухы (өмірінің өзі өнеге).

2-топ: Исатай — басшы, мен  — қосшы… (көтеріліс жайлы қозғасақ)

3-топ: Өрбіттің өлең өнерін… (өлеңдерінің тақырыбы, көркемдік ерекшелігі)

4-топ: Әдебиетте бейнең қалды ел сомдаған… (Махамбет әдеби және ғылыми еңбектерде)

(Әр топқа қосымша материал беріледі, шығармашылық жұмысқа 10 минут)

1,2-топ: “Бағаналы терек” — Махамбет өлеңдері ішіндегі еркше орын алатын өлеңнің бірі. Бұл өлең ақын өмірінің кезіндегі көңіл күйінің көрінісі деуге болады. Исатай өлгеннен кейін Махамбет көтерілісті қайта ұйымдастырмақ болып, көп әуреленеді. Бірақ хан- сұлтан, би- феодалдардың көтеріліске қатысушыларға қолданған қатал шаралары елді бас көтерместей етіп тұқыртып тастады. Мұны Махамбет жақсы түсінді. Елді ереуілге көтеруге белгілі бір жағдай керектігін де аңғарды. Жарылған бағаналы тереке бақыраш жамауға болмайтыны тәрізді, жеңіліске ұшырап, бытырап кеткен елдің басын қайта біріктірудің қиындығын да білді. Халықты хан әулетіне қарсы қанды айқасқа, кек алуға үндейді.

Алгоритм:

1.Метафора. 2.Метонимия . 3.Эпитет. 4.Шарттылық. 5.Риторикалық сұрақ. 6.Ұлттық өрнек. 7.Көптік ұғым. 8.Даралық сипат. 9.Шартты рай тұлғасы. 10.Көсемше тұлғасы. 11. Жинақтау.

3 1 9

Бағаналы терек жарылса,

6,11 6

Бақыраш жамап болар ма? (5)

1 3 1

Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,-

1 3 1

Еменге иір бұтақ бітсейші!

1,6 1,6

Қыранға тұғыр қыларға.

Бағаналы — мықты діңгек;

бақыраш — теңіздегі тас қабыршағы;

қыран — ел басшысы.

Емен аласа болғанымен, саясы мол; қарағай сұлу, биік ағаш, алайда емен сияқты саясы мол емес;

Қыранға, яғни ел басшысына лайық тұғыр — емен ағашының бұтағы көп болса дегені, артынан ерер жолдасы, әскері көп болса деген арманнан туған жолдар.

2,7

Ханнан қырық туғанша,

2 2,8

Қарадан бір-ақ тусайшы.

4

Халықтың кегін қусайшы.

Артымыздан біздердің

10

Ақырып теңдік сұрарға.

Халық кегін қуатын, теңдікті сұрайтын, егемендікке қол жеткізетін ұлды армандаған ақын тілегі айтылған.

3,4-топ: “Мен, мен едім, мен едім” өлеңін талдату.

Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

Ерегіскен дұшпанға

Қызыл сырлы жебе едім.

Жақсыларға еп едім,

Жамандарға көп едім.

Ерегіскен дұшпанның

Екіталай болғанда

Азыққа етін жеп едім.

Хан баласы ақсүйек

Ежелден табан аңдысқан.

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етектен кесіп жең болмас!

Хан баласы ақсүйек,

Байеке сұлтан сен болып,

Сендей нарқоспақтың баласы,

Маған оңаша жерде жолықсаң,

Қайраңнан алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем,

Тамағыма қылқаның кетер демес ем.

Топтың аты қандай сыр жасырған? (5-7 минут)

“Асыл арна” (Махамбет нәр алған арналар)

“Әділ әмір” (әділдік шешім, бұйрық жүргізуде)

“Дәулескер орындаушы” (жан-жақты өнер иесі, күйші: “Жұмыр қылыш”, “Қайран Нарын”, “Өкініш”, “Жорық”, “Тарланым”, “Арыстаннан айрылдым”, “Жауға шапқан”, “Ақтабан”, “Терезе”, “Шілтерлім”, “Өттің дүние”)

“Мағыналы мехнат” (бейнетке толы өмірі өтсе де, ол өмір мағыналы болды)

ІV Бекіту кезеңі:

- Суреттер мен сандар не дейді:

1803, 1804, 1846, 2003

1836, 1838

1913,1966,1983

1995, Индер, 2003

Екі портрет несімен ерекшеленеді?

V Қорыту, бағалау кезеңі:

- Оқушылардың ойларын толықтыру;

- Рефлексия, баға қою.

VІ Үйге тапсырма беру кезеңі:

Махамбет шығармаларының тақырыптық, идеялық ерекшеліктері бойынша оқып, конспект жасау.

“Мен, мен едім, мен едім” өлеңін жаттау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности