link960 link961 link962 link963 link964 link965 link966 link967 link968 link969 link970 link971 link972 link973 link974 link975 link976 link977 link978 link979 link980 link981 link982 link983 link984 link985 link986 link987 link988 link989 link990 link991 link992 link993 link994 link995 link996 link997 link998 link999 link1000 link1001 link1002 link1003 link1004 link1005 link1006 link1007 link1008 link1009 link1010 link1011 link1012 link1013 link1014 link1015 link1016 link1017 link1018 link1019 link1020 link1021 link1022 link1023 link1024 link1025 link1026 link1027 link1028 link1029 link1030 link1031 link1032 link1033 link1034 link1035 link1036 link1037 link1038 link1039 link1040 link1041 link1042 link1043 link1044 link1045 link1046 link1047 link1048 link1049 link1050 link1051 link1052 link1053 link1054 link1055 link1056 link1057 link1058 link1059 link1060 link1061 link1062 link1063 link1064 link1065 link1066 link1067 link1068 link1069 link1070 link1071 link1072 link1073 link1074 link1075 link1076 link1077 link1078 link1079
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Шеберлік — класс «Тау-кен қазбаларының жерасты орналасуы»

Қазақстан Республикасы, Степногорск қаласы

Ақмола облысының білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МКҚК

Қазақ тілі және әбебиеті пәндерінің оқытушысы

Даниярова Лаззат Оразалиевнаға

Сабақтың білімдік мақсаты: Тау-кен қазбаларының жерасты орналасуы туралы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: күнделікті алған білімдерін өмірмен байланыстырып, жетілдіру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: тілдік қорларында сөздерді дұрыс қолдана білу.

Құрал-жабдықтар: АСТІYBOARD интерактивті тақтасы.

Сабақтың түрі: бекіту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - 5 мин.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, қонақтар!

Менің аты-жөнім Даниярова Лаззат Оразалиевна. Қазақ тілі және мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің оқытушысымын. Жоғарғы санатты ұстазбын. Еңбек стажым 28 жыл. Осы колледжде еңбек еткеніме 15 жыл.

ІІ. Көкейкестілігі — 5 мин.

Егеменді еліміздің болашақ азаматтарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тиянақты да терең білім беру, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру — бүгінгі ұстаздар алдындағы үлкен жауапкершілікті талап етуде.

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болғандықтан, оны оқытудың маңызы да күшейіп отыр. Тіліміздің келешегі қазіргі ұрпақ қолында, сондықтан олардың тіл меңгеруіне көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Менің қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсатым — қазақ тілі пәнінен алған теориялық білімдерін күнделікті жүргізілетін жазба жұмыстарында қолдана алу дағдысын қалыптастырып, стильдік жағынан дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға, ойын әсерлі етіп баяндауға үйрету. Қазақ тілін тереңдетіп оқитын топтарда сатылай комплексті талдау жүргізу өз нәтижесін көрсетуде. Бұл әдістемені Нұрша Оразахынованың «Сатылай комплексті талдау» деп аталатын оқу әдістемелік құралына сүйене отырып, өз тәжірибемде қолданып келемін. Тілдің әрбір саласын сатылай комплексті талдау арқылы меңгерген оқушы кейін жоғарғы оқу орындарында оқытылатын тілдің ғылыми курстарын оңай меңгере алады.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жеделдете меңгерту екінші тілдік тұлғаны қалыптастыруды мақсат етеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі инноватор ғалым Қ.Қадашева бұған қатысты «Адамдар екінші тілді үйренгенде жаңаша ойлап, сезініп, өзі әрекет жасап үйренеді және сол тілді меңгеру арқылы екінші тұлға болып кетеді. Жаңа тілдік «Мен» екінші тілімен араласып, жақындасып, тілге қызығушылығы артады, мәселелерді шешуге белсенді болады және өзін еркін жеңіл сезінеді» деп пайымдайды.

Дамыта оқыту, ізгілендіру, сын тұрғысынан ойлау технологиялары арқылы жүргізуге негізделген бұл пән оқушыға көп тілдің ішіндегі ана тілінің орнын түсіну, қызметін білу, туған жердің жеке адам өміріндегі маңызы жайлы көзқарасының қалыптасуына игі ықпалы мол екені байқалуда.

Осы негізде дамыта оқыту идеясын дарынды балалармен жұмыс жағдайында жүзеге асыру барысында қазақ тілі мен әдебиет негізінде профессионалдық білім беру қажеттігі туындайды.

Өз тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға» арналған әдіс- тәсілдерді пайдалана жүріп, оқушылардың шығармашылық иесі екендігін сезінуіне, ой өрісін дамытуға, дүниетанымын молайтуға негіз болғанын байқадым.

Блок жүйесімен оқытудың тиімді екенін тәжірибемнен байқадым. Блок жүйесімен оқытуда сағат саны үнемделіп қана қоймай, тыңғылықты білім беріліп, әрбір оқушы жауапкершілікті сезініп, дәрістік әдіске де бейімделе түседі.

Түсіндірме сөздікте «Технология — бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінген.

М.М. Жанпеисова, К.Сариева, Н. Оразахынова, Қараев, В.В. Воронов, М.В. Кларин, Л.В. Занковтың технологияларын сабақтарымда қолданамын. Осылардың ішінде сіздерге ұсынатыным модульдық оқыту технологиясының элементі.

ІІІ. Шеберлік - кластың жұмысы — 5 мин.

  1. Сөздікпен жұмыс
  2. Сөйлем құрастыру
  3. Сөйлемдерден жалғауларды анықтау
  4. Сөздерді септеу
  5. Сұрақ — жауап жұмысы

ІҮ. Шеберлік - класты қорытындылау — 5 мин.

Оқытушы: Интерактивтік оқыту тәсілі оқушылардың білім деңгейлерін жаңа кезеңге шығарады. Қорытынды жасау, талдау және ғылыми көзқарастарын қалыптастырады.

Рефлексия:

- бүгінгі сабақ бойынша қандай тәсілдерді атқарып шықтық;

- Тау-кен қазбаларының жерасты орналасуын атап шығыңыздар;

- қандай қиыншылықтармен бүгін кездестіңіздер;

- өз атқарған жұмыстарыңызды бағалап, өздеріңізге баға қойыңыздар.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности