Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Арал қаласындағы
№ 13 Т.Г. Шевченько атындағы қазақ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Базаркүл Қалымованың
2 сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен
ашық сабақ жоспары
Тақырыбы
Мақсаты: а) Білімділік: оқушыларға сан есім туралы түсінік беру. Сөз таптары
туралы білімдерін бекіту;
ә) Дамытушылық: тапсырмалар арқылы оқушылардың
дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту;
б) Тәрбиелілігі: адамгершілікке, отаншылдыққа баулу, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, ой қозғау, топтастыру.
Түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: домбыра, суреттер, сөзжұмбақ, кесшелер.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, ана тілі.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топтастыру.
1) Зат есім тобы 2) Сын есім тобы 3)Етістік тобы
ІІ. Үй жұмысын сұрау. 3 топқа үш түрлі тапсырма беріледі.
1топ. Зат есім туралы не білесің? Соны топтастырады.
2топ. Сын есім туралы не білесің? Соны топтастырады.
3топ. Етістік туралы не білесің? Соны топтастырады.
Жалпы Дара
Жекеше Көпше
Жалқы Күрделі
Түрі
Дәмі Түсі
Сапасы
ІІІ. Бекіту.
Зат есім Сын есім Етістік Сан есім
ІҮ. Жаңа сабақ.
1) Жаңа тақырыпты ашу. Сандарды өсу ретімен орналастыр.
2) Оқулықпен жұмыс. 498- жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін.
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін .
Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді? Ол сөздер нені білдіреді?
3) Ережемен жұмыс.
4) 499-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап.
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек.
Сан есімнің астын сыз. Олардың қандай сөзбен байланысып тұрғанын айт. Домбыра туралы түсінік.
5) 500 — жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып, сөйлемдер құра. Топ бойынша шығармашылық дәптеріне бір сөйлемнен жазып оқиды.
6) 501-жаттығу. Берілген сөздердің сан есім екенін дәлелде.
7) Математикалық сұрақ. Шешуін тап. 12түйе, 10жылқы, 9сиыр, 5тоқты, 5қаз, 16тауық, 6үйрек, 7балапан, 10алма, 7өрік, 9алмұрт.
8) Шығармашылық диктант.
Торғай, отар, тоғыз, бұтақта.
Торда, қоян, отыр, үш.
Теңгеге, сатып, жүз, Ержан, алды, кітап.
9) Санамақ. Жұмбақ.
Отбасында дәл қасымда,
Шешем, әкем,
Інім, әпкем,
Атам жалғыз,
Қанша жанбыз?
10) Сергіту сәті.
Бір, екі , үш
Бойға жинап күш,
Әдемі етіп жазамыз,
Күнде бестік аламыз.
11) Мәлімет жинау.
3 топқа тапсырма беріледі.
1-топ. 4 «А» сынып, 2 –топ. 4 «Б» сынып, 3-топ. 4 «В» сынып
Оқушылар саны-
Оқу озаты-
Оқу екпіндісі-
Бүгінгі сабаққа келмегені-
12. Қаншалықты білесің? Эссе жазу. «Менің отбасым»
Ү.Оқушыларды бағалау.
ҮІ.Үйге тапсырма беру. 502-жаттығу. Ереже жаттау.