link13560 link13561 link13562 link13563 link13564 link13565 link13566 link13567 link13568 link13569 link13570 link13571 link13572 link13573 link13574 link13575 link13576 link13577 link13578 link13579 link13580 link13581 link13582 link13583 link13584 link13585 link13586 link13587 link13588 link13589 link13590 link13591 link13592 link13593 link13594 link13595 link13596 link13597 link13598 link13599 link13600 link13601 link13602 link13603 link13604 link13605 link13606 link13607 link13608 link13609 link13610 link13611 link13612 link13613 link13614 link13615 link13616 link13617 link13618 link13619 link13620 link13621 link13622 link13623 link13624 link13625 link13626 link13627 link13628 link13629 link13630 link13631 link13632 link13633 link13634 link13635 link13636 link13637 link13638 link13639 link13640 link13641 link13642 link13643 link13644 link13645 link13646 link13647 link13648 link13649 link13650 link13651 link13652 link13653 link13654 link13655 link13656 link13657 link13658 link13659 link13660 link13661 link13662 link13663 link13664 link13665 link13666 link13667 link13668 link13669 link13670 link13671 link13672 link13673 link13674 link13675 link13676 link13677 link13678 link13679
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педогогикалық технологияларды қолданудың маңыздылығы

Казахстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Сайрам кент

«Гул Астана» балабақшасы

Мұғалім

Расулова Севара Элмуратовна

Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған міндеттерін іске асырудың ең тиімді әдіс, тәсілдерді, ұйымдастыруға қойылған міндеттерді іске асыруда жеке тұлғаны жан - жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін табады

Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.

Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру- басты мәселенің бірі осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.

Әрине мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдардың бірін атап өтсек те болады.Олар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов, В.М.Кларин, П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен.

Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар:ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түрі қолданылуда.

Мысалыға ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.

Проблемалық оқыту технологиясы-баланы өз бетімен ізденуге үйрету, балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.

Өздігінен даму технологиясы-бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.мұнда оқыту бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады.М.Монтесори педагогикасының түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі- оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.

Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Балабақшада сабақ болмайды әр күн жалпы жиыннан басталады және жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Әр баланың іс-әрекеті өз еңбегіне орай үлкендердің басқа бала тарапынан бағаланады. Мұндағы басты мәселе бала өзін-өзі бағалайды.

Ынтымақтастық педагогикасы-педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшуі.Балаға ізгілік тұрғысынан қарау,

баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы-білім, білік, дағдыны меңгерту болып табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, балалардың әр түрлі топ ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау.

Модульдік оқыту технологиясы- оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру.Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру.

Дамыта оқыту технологиясы-баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақстакерлік, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалануда. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмай яғни мультимедиялық оқулықтар арқылы өз уақытын тиімді және ұтымды пайдаланады

Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балаларға тапсырмас құрал болып табылады. Дегенмен, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.

Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсат- баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді кей бір жерлерде дәмін татып көргенді де ұнатады. Сол себепті, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Сол себептізаманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына тигізер үлесі өте зор.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности